Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс

Ордабасы ауданында 2015 жылдың 10 айында орын алған сыбайлас жемқорлық санатындағы  құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жағдайы және алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы

Аудан әкімдігінің 27 шілдедегі «Ордабасы ауданындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №386 қаулысымен жаңа бағдарлама бекітілген. Ауыл округтерімен дербес бөлімдерде аталған қаулыға сәйкес іс шара жоспары түзіліп тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының құрамы өзгеруіне байланысты аудан әкімдігінің 2015 жылғы               03 наурыздағы №120 қаулысымен қайта жасақталып, бекітілген.

Бекітілген іс-шараға сәйкес атқарылған жұмыстар жөнінде қысқаша тоқталсам. 2015 жыл басынан бері Cыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссиясының 3 отырысы өткізілді. Өкінішке орай Қазіргі таңда аталған дертке қарсы тек алдын алу шаралары ғана болып отыр. Осыған орай, аудан әкімі аппараты, дербес бөлімдер  мен ауыл округі әкімі аппараттарының лауазымды  қызметкерлерінің қатысуында Жер кодексі, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»,  «Мемлекеттік сатып алу туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын түсіндіру және насихаттау жөнінде көптеген семинар-кеңестер, акциялар  өткізілуде.

Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде Сырдария аймағы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ауданаралық басқармасы мен аудан әкімдігінің ұйымдастыруында «Құның 0 теңге» атты акциясы Темірлан елді мекенінде өткізілді. Аталған акция Шұбарсу ауыл округінде жалғасын тапты.

Сонымен қатар, ОҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  департаменті мен аудан әкімі аппаратының бірлескен «Біздің таңдау — сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбындағы  семинар өткізілді. Аталған іс-шара аясында жемқорлыққа қарсы көрме,  аудан тұрғындарымен тікелей сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында сұхбаттасу, әлеуметтік сауалнама,  «дипломмен мемлекеттік қызметке» туралы ақпараттық сабақ,  VIP тренинг, жемқорлыққа қарсы театрландырылған көрініс және ауданның зиялы қауымымен  дөңгелек үстел өткізілді. Бұл жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Осы секілді, 19.05.2015 жылы «Дипломмен мемлекеттік қызметке» семинары,  15.09.2015 жылы Елбасының «100 нақты қадам» атты Ұлттық Жоспарының аясында «Отанды сүю имандылықтан басталады» тақырыбында психологиялық-құқықтық  семинар-тренингі, және күні кеше 13 қазанда «Жастардың таңдауы — жемқорлықсыз болашақ» атты конференциясы өткізілді.

Жер телімдерін бөлу кезінде Қазақстан Республикасы Жер кодексі талаптарының бұзылуының алдын алуға және анықтауға бағытталған  іс-шаралар өткізуді қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес, тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін беру кезінде жариялылық пен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың кезектілік тізімдері  ауыл округі әкімі аппараттарында ілініп қойылған. Сондай-ақ, Ордабасы ауданы бойынша 2015 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша жер телімдерін сату бойынша 1 аукцион өткізілді. Өткізілетін аукцион  туралы «Ордабасы оттары» газетіне  жарияланып, 18  жер учаскесі  қойылды. Нәтижесінде 15 жер учаскесі  сатылып 5 млн 81 мың теңге бюджетке түсті.

Сонымен қатар, іс-шара жоспарына сәйкес, салық базасын ұлғайту мақсатында, жеке тұлғалардан тіркелмеген жылжымайтын мүліктерді анықтау бойынша аудан әкімінің №129 өкімімен  жұмысшы топ құрылып, жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде, жыл басынан бері аудан бюджеті 75 млн 825 мың теңгеге ұлғайып отыр.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бірден бір септігін тигізетін тәсіл мемлекеттік органдармен қабылданатын бюджеттің игерілуі  және жер қатынастары саласындағы қабылданатын кейбір шешімдер және өзге де  атқарылатын негізгі қызметтері туралы халықты ақпараттандыру. Осыған орай, Ордабасы ауданы әкімдігінің ресми интернет ресурсында (www.ordabasy.gov.kz) «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» атты жеке бөлімі ашылып, Ордабасы ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспарының орындалу барысы туралы мәліметтер көрініс тапқан.  Бұдан бөлек аудан әкімдігімен қабылданатын нормативтік құқықтық сипаттағы актілері осы сайтта жарияланып отырады. Аудандық мәслихатпен бекітілетін аудандық бюджет және  әр аптаның дүйсенбі күнінде аудан әкімінің қатысуымен өтетін аппарат мәжілістерінде ауыл округі әкімі аппараттары мен дербес бөлімдерде  бюджет қаражатын игеру туралы мәселелер қаралып, мерзімінде «Ордабасы оттары» газетінде жарияланып отырады.

Бюджетті тиімді игеру жүйесін жетілдіру мақсатында қабылданған облыс әкімінің арнайы Регламентінің  мемлекеттік  сатып алу рәсімдерін, келісім шарттардың орындалуы кезінде  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған жағдай туғызатын себептерді болдырмау үшін  талаптарын қатаң сақтау мақсатында  ОҚО әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы «Бюджет тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» №459  қаулысы  барлық бөлімдер мен ауыл округі әкімі аппараттарына басшылыққа алу үшін жолданған.

Жоспарға сәйкес іс-шараларды іске асыру мақсатында аудандық «Ордабасы оттары» газетінде «Жемқорлық – жегі құрт» айдары ашылып, сонымен қоса, құқық қорғау орагандары қызметкерлерінің, дербес бөлім басшыларының, ауыл округі әкімдерінің жарияланатын мақалалардың медиа жоспары бекітілген. Медиа жоспарға сәйкес, жыл басынан бері 36 жемқорлыққа қарсы  мақалалар жарияланды. Бұл тұрғыда, Ордабасы оттары газетінде ең көп және жиі жарияланытан тақырып осы жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбындағы мақалалар.

Темірлан ауылындағы Шымкент-Самара трассасы бойына және ауыл округтерінің көрнекі жерлеріне азаматтардың, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және оның алдын алу мақсатында бильбордтар құқық қорғау органдарының сенім телефонымен орналастырылған.

Мемлекеттік қызметшілер  үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы  бағытталған біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру жөнінде ОҚО әкімі жанындағы мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау орталығында жемқорлыққа қарсы  арнайы сабақтар өткізіледі.  Аталған орталықта жыл басынан бері аудандық жергілікті атқарушы органдарынан 24 қызметкер қайта даярлау курстарынан өтті.

Ағымдағы жылдың тамыз айында аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлық көрінісіне көз қарастарын анықтау мақсатында  әлеуметтік сауалнама жүргізіліді. Сауалнамаға 100 респондент қатысып, оларға 8 түрлі сұрақтар қойылды. Оның ішінде тоқталатын болсақ: «Сіздің ойыңызша сыбайлас жемқорлық фактісі қай жерлерде көп кездеседі?» деген сұраққа  қатысушылардың 17%-медицина қызметкерлері арасында,  14%-білім саласы қызметкерлері арасында, 12 %-мемлекеттік қызметкерлер арасында,  10% -мәдениет саласы қызметкерлері арасынада, 24%-құқық қорғау саласының қызметкерлері арасында,  5%-халыққа қызмет көрсету қызметкерлері арасында, 10%-өзге пікір белідерсе,  8%-жауап беруге қиналамын  деп көрсетекен.

Сонымен қатар, «Адамдарды пара беруге итермелейтін қандай себептер бар?»  деген сауалға 19%-мемлекеттік немесе басқа да органдардың қызметкерінің пара сұрауы,  16%-пара беру уақытты үнемдеу,  12%-пара беру арқылы көптеген нәтижеге қол жеткізуге болады,  21%-әлеуметтік жағдайды жақсартудың оңай жолы, 18%-өзге пікір білдерсе,  14%-жауап беруге қиналатындықтарын көрсеткен. Өкінішке орай, сауалнама нәтижесі тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа  көрінісіне үйреншікті жағдай ретінде қарайтындығын көрсетіп отыр.