СОЦИАЛЬНАЯ ПОЛИТИКА

Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес, 2015 жылдың 1-мамырына дейін 2 мың 754 отбасының 10 мың 541 баласына 91 млн. 773 мың 500 теңге 18-жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы тағайындалып, ағымдағы жылдың төрт айында 59 млн. 376 мың теңгесі төленді.
ҚР «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, 2015 жылдың 1 мамырына 19 отбасының 100 адамына 1 млн. 036 мың 800 теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, ағымдағы жылдың төрт айында 897 мың теңгесі төленді. 2015 жылдың ІІ тоқсанына кедейшілік шегі 7 мың 081 теңге.
2015 жылдың 1 мамырына 105 отбасының 735 адамына 3 млн. 881 мың 400 теңге тұрғын үй көмегі тағайындалып, 1 млн. 700 мың теңгесі төленді.
Аудан бойынша есепті кезеңде демеушілер есебінен атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға берілген көмектер төмендегіше:

  1. Төрткөл ауыл округі 9 адамға 26 мың 800 теңге;
  2. Бөржар ауыл округі 9 адамға 28 мың теңге;
  3. Шұбарсу ауыл округі 9 адамға 36 мың теңге;
  4. Жеңіс ауыл округі 6 адамға 23 мың 800 теңге;
  5. Қажымұхан ауыл округі 15 адамға 15 мың теңге;

Барлығы: 48 адамға 129 мың 600 теңге.
ҚР 1997 жылғы 20 маусымдағы «Қарттар мен мүгедек азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» Заңына сәйкес ашылған жалғызілікті жеке тұрушы қарт азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде 97 қарт тіркеліп, оларға 23 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетуде. Әлеуметтік қызметкер жұмыс кестесі бойынша аптасына 2 рет барып, әлеуметтік көмек түрлері көрсетілуде.
ҚР 2002 жылғы қыркүйек айындағы «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Заңына сәйкес ашылған мүмкіншілігі шектеулі мүгедек балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі 106 мүгедек бала және 18 жастан жоғары жүйке ауруымен ауыратын 11 адамды есепке алып, 20 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетуде.
Үйде тәрбиеленіп және оқытылып жатқан 120 мүгедек балаға 2014-2015 оқу жылының ақпан айына 944 мың теңге жәрдемақы тағайындалып, төленді.
80 жастан асқан жалғызілікті ешкімі жоқ 9 қарттың зейнетақысына сәуір айына 67 мың 500 тенге үстеме жәрдемақы тағайындалып төленді.
Облыс орталығындағы «Ардагерлер үйіне», «Мейір» ардагерлер үйіне жыл басынан төмендегі санаттар бойынша:
-Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілгендер — 19 адам;
-зейнеткер жасындағы Алтын алқа, Күміс алқа иегерлері — 39 адам;
-жасына байланысты қарт зейнеткерлер — 66 адам;
-зейнеткер жасындағы мүгедектер – 3 адам, барлығы 127 азаматтарға демалуға жолдама берілді.
Облыстық мүгедектерді оңалту орталығына 17 адам және Түркістан аймақтық мүгедек балаларды оңалту орталығына 6 бала жолданды.
Аудан бойынша Ұлы отан соғысының 70-жылдығына орай Ұлы отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, соғыста қаза тапқан жауынгердің жесірлеріне, Ұлы Отан Соғысы мүгедегінің әйелдеріне және тыл еңбеккерлеріне біржолғы әлеуметтік көмек төленді атап айтқанда:
— Республикалық бюджет есебінен 903 адамға 23 млн. 401 мың теңге;
— Облыстық бюджет есебінен 957 адамға 24 млн. 066 мың 033 теңге;
— Аудандық бюджет есебінен 968 адамға 5 млн. 832 мың 035 теңге көлемінде алушылардың жеке шоттарына аударылып берілді.

Адам қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырған балалары бар 11 отбасыға баланы күтуге 43 мың 406 теңгеден, барлығы 1 млн. 916 мың теңге ай сайынғы жәрдемақы төленді.
Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес:
— Міндетті гигиеналық құралдарға 237 мүгедектен өтініш түсіп, жоспар бойынша жылына 7 млн. 737 мың теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды.
— Қол арбаға 36 мүгедектен өтініш түсіп, қол арба алуға жергілікті бюджеттен 604 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу бойынша 11 қол арба алынып, мүгедектерге таратылды.
2015 жылдың 1 мамырына ресми тіркелген жұмыссыздар саны 659 адамды құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 62 адамға кеміген (2014 жылдың 1 мамырына 721).
Бөлімге жұмыс іздеуші ретінде 451 адам тіркелді. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен 452 адам қамтылды, оның ішінде 193 адам тұрақты жұмысқа, 143 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды, 116 адам «Жұмыспен қамту-2020» бағдарлама бойынша жұмысқа орналастырылды.
Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуге жергілікті бюджет есебінен 16 млн 227 мың теңге бөлініп, 2015 жылдың 1 мамырына 3 млн. 634 мың теңге игерілді.