СПОРТ И ТУРИЗМ

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Н.Асанбаевтың 

«2014 жылдың 5 айы және 2015 жылдың 5 айында атқарған жұмыстары туралы» баяндамасы.

 

Ауданда 2014 жылы 116760 тұрғынның 20697 адам (17,7 %) спортпен тұрақты түрде шұғылданса, 2015 жылы 118693 тұрғынның 25379 адам (21,3 %) дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде шұғылданады. 2014 жылмен салыстырғанда 4682 адамға артқан.

  Ордабасы ауданында дене шынықтыру мен спорттың айналысушылар туралы

 2014-2015 жылдардағы мәліметі

Мазмұны

2014 жыл

2015 жыл

Өсімі/кемуі

1

Аудандағы тұрғындардың

жалпы саны

116760

118693

1933

2

Ауданда дене шынықтыру және спортпен айналысушылар саны

20697

25379

4682

2014 жылы аудандық деңгейде 101 өткізілген спорттық іс-шараға 28714 адам қамтылса, облыстық деңгейдегі 23 өткізілген іс-шараға 3114 адам қамтылып, ал 3 рет өткізілген республикалық деңгейде іс-шараға 354 адам қамтылды. Жалпы 2014 жылы 127 рет өткізілген спорттық іс-шараға 32182 адам қамтылды.

2015 жылы аудандық деңгейде 104 өткізілген спорттық іс-шараға 35176 адам қамтылса, облыстық деңгейдегі 25 өткізілген іс-шараға 3914 адам қамтылып, ал 4 рет өткізілген республикалық деңгейде іс-шараға 378 адам қамтылды. Жалпы 2015 жылы 133 рет өткізілген спорттық іс-шараға 39468 адам қамтылды.

Ордабасы ауданында 2014-2015 жылдары өткізілген іс-шаралар

Іс-шаралар

2014 жыл

Қатысқан адам саны

2015 жыл

Қатысқан адам саны

Аудандық деңгейде

101

28 714

104

35 176

Облыстық деңгейде

23

3114

25

3914

Республикалық деңгейде

3

354

4

378

Барлығы

127

32 182

133

39 468

Ордабасы ауданында 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері бар. Ордабасы ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде спорттың 10 түрінен 10 ауылдық округін қамтиды және 59,0 штат санымен 44 жаттықтырушылар 85 спорттық топтарда 986 оқушылармен жұмыс істейді.

Қажымұқан атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде спорттың 3 түрінен 6 ауылдық округін қамтиды және 11,0 штат санымен 12 жаттықтырушылар 22спорттық топтарда 238 оқушылармен жұмыс істейді.

Ордабасы аудандық спорт мектептері туралы мәлімет

Спорт мектептері, мекен-жайы

Спорт түрлері

Қамтитын ауыл округтері

Штат саны

Жаттық-тырушы-лар саны

Топтар саны

Оқушылар саны

Ордабасы ауданының БЖСМ

10

10

59,0

44

85

986

Қажымұқан атындағы БЖСМ

3

6

11,0

12

22

238

Барлығы

10

10

70

56

107

1224

2014 жылы бұқаралық разрядты спортшылар саны 81 болса,  спорт  шеберлігіне үміткерлер саны 13 спортшыны құрап, жалпы 94 спортшы орындады.

2015 жылы бұқаралық разрядты спортшылар саны 92 спортшы болса, 7 спортшы спорт шеберлігіне үміткерлігін орындады.  Жалпы 99 спортшыны құрады.

Ордабасы ауданының БЖСМ жоғары спорт шеберлігі дайындау бойынша

2014-2015 жылдардағы мәліметі

Мазмұны

2014 жыл

2015 жыл

Өсімі/кемуі

1

Бұқаралық разрядты спортшылар

81

92

11

2

Бірінші санатты спортшылар

3

Спорт шеберлігіне үміткерлер

13

7

-6

4

Спорт шеберлері
Барлығы

94

99

5

Ордабасы аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне жергілікті бюджет есебінен 2014 жылы іс-шара өткізуге және іс-сапар шығындарына 9 млн. 525 мың теңге қаржы қаралса, басқа шығындарға 6 млн. 445 мың теңге қаржы қаралып, жалпы 15 млн. 790 мың теңгені құрады. 2015 жылы іс-шара өткізуге және іс-сапар шығындарына 14 млн. 870 мың теңге қаржы қаралса, басқа шығындарға 7 млн. 186 мың теңге қаржы қаралып, жалпы 22 млн. 056 мың теңгені құрады.

Ордабасы аудандық спорт бөліміне бөлінген қаржы

Барлығы:

Іс-шара өткізу және іссапар шығындары

Басқа шығындар (жалақы т.б.)

2014 ж.

15790,0

9525,0

6445,0

2015 ж.

22056,0

14870,0

7186,0

Аудан халқының дене шынықтыру  және спортпен жүйелі түрде айналысуына 164  спорт ғимараттары және алаңдары бар, оның ішінде 1 орталық  стадион, 37 спорт зал,  7 тир, 61 жазғы спорт алаңшалары, 56 жазғы  спорт алаңдары, 1 спорт кешені, 1 бассейн бар.

Қажымұқан атындағы орталық стадионының жүгіру алаңы мен футбол алаңын күрделі жөндеуден өткізу үшін жергілікті бюджеттен 1400,0 мың теңге қаражат бөлініп, жобалық сметалық құжаттары әзірленді. Осыған байланысты Республикалық бюджеттен «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 77207,0 мың теңге бөлінді, ал облыстық бюджеттен бөлінуі тиіс 8 млн. 579 мың теңге бөлінбеді. Қажымұқан атындағы орталық стадионының күрделі жөндеу жұмыстары бойынша мемлекеттік сараптамадан өткен қаржы бойынша 87035,61 мың теңге оның ішінде ЖСҚ-ға 1250,0 мың теңге, инжернерлік қызметке 1141,3 мың теңгеге электрондық конкурсқа жарияланып  «Корпорация «БАРС» ЖШС — гі 7840 теңгеге жеңімпаз болып анықталып келісім шарт түзілді. Авторлық қызметке 169,0 мың теңгеге «Водоканалпроект» ЖШС-гі мен келісім шарт түзілді. Құрылыс жұмыстарына 84475,6 мың теңгеге электрондық конкурсқа жарияланып 2014 жылы 30 қыркүйегінде электронды конкурс арқылы «ЛюксСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 80640,0 мың теңгеге жеңімпаз болып анықталып келісім шарт түзілді. Республикалық бюджеттен бөлінген 77 млн. 207 мың теңгенің  68744,9 теңгесі игерілді. 2015 жылы Қажымұқан атындағы орталық стадионының күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін жергілікті бюджеттен 12681,0 мың теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

2014 жылы жергілікті бюджет есебінен 15 млн. теңгеге Темірлан елді мекеніндегі ескі кинотеатр ғимаратын Қажымұқан атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің меншігіне сатылып алынды. Ғимаратты жоспар бойынша қайта қалпына келтіру жұмыстарын өткізіп жаттығу залы және бокс залы бар спорт кешеніне айналдыру және артқы жағынан көпсалалы спорт кешенін салу жоспарлануда.

Темірлан ауылынан салынатын кіші футбол алаңына арналған жабық қаңқа арқылы брезент жаппа ғимаратын салу үшін жергілікті бюджеттен 1 млн. 100 мың теңге қаражат бөлініп, жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтті. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін облыстың инвестициялық жобасы бойынша облыстық бюджет есебінен 2016 жылға 64 млн. 829 мың теңге бөліну жоспарланды және де осы инвестициялық жоба бойынша 2017 жылға ауданда стадионның құрылысын жүргізуге облыстық бюджеттен 150 млн., Темірлан ауылынан спорт кешенінің құрылысына облыстық бюджеттен 300 млн. теңге бөліну жоспарланды.

Ауданның әлеуметтік даму картасына сәйкес Төрткөл орталық стадионын қайта қалпына келтіруден өткізу үшін 2014 жылға жергілікті бюджеттен 1 млн. 500 мың теңге жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге бөлініп, жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, мәдениет үйінің теңгеріміндегі саябақтың аумағынан 1,5 га жер бөлініп, болашақта спорт кешенін салу үшін жұмыстар жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының «Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді мекендерді жайғастыру және салу туралы» құрылыс нормалары және ережелеріне сәйкес, (1000 адамға 80 м2) жалпы талдау жұмыстары жүргізілді. Талдау барысында, аудан бойынша алдағы уақытта 27 спорт алаңшасы, яғни, 21 600 шаршы метр салу қажеттілігі анықталды.

Осыған сәйкес, аудандағы елді мекендерде 2015-2017 жылдары аралығында спорт алаңдарын салу бойынша тапсырма-жоспары дайындалды.

  Аудан бойынша спорт ғимараттар туралы мәлімет

2014 жыл

2015 жыл

Өсімі/кемуі

Спорт ғимараттардың жалпы саны

163

164

Оның ішінде:
-Спорт зал

36

37

-Спорт комплекс

1

1

-алаң

56

56

-алаңша

61

61

-стадион

1

1

-тир

7

7

-бассейн

1

1

Өзекті мәселелер:

$11.        Шұбар ауыл округіне қарасты, Жусансай елді мекенінде самбо күресінен секция ашылған. Демеушілер есебінен 1 млн. теңгеге күрес кілемі сатып алынды. Қазіргі таңда оқушылар мәдениет үйінің клубында жаттығады. Клубқа орындықтар қойылуына байланысты жаттығу залы өте тар болуда. Клубтың жанындағы ескі ғимаратты ағымдағы жөндеуден өткізу үшін жобалық сметалық құжаттары әзірленді. Жобалық сметалық құжатқа сәйкес ағымдағы жөндеуге 6 млн. теңге қаржы бөлінсе.

 

Аудандық дене шынықтыру және

спорт бөлімінің басшысы                                                    Н.Асанбаев