СТРОИТЕЛЬСТВО

2013 жылдың қаңтар-қазан айында тартылған инвестиция көлемі 11 млрд. 862 млн. 700 мың теңгені құрап, 2012 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 79,2 пайызға кеміген (14 млрд. 964 млн. 700 мың теңге). Оның ішінде республикалық бюджет есебінен 1 млрд. 544 млн.  теңге, жергілікті бюджет есебінен 6 млрд. 386 млн.  теңге, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өз қаржысы есебінен 1 млрд. 621 млн. 600 мың теңге, қарыз қаражаттар есебінен 2  млрд. 311 млн.  теңге.

Ауданда 36 инвестициялық жобаға 2013 жылы бюджет есебінен  795 млн. 471 мың теңге бөлінді. Атап көрсетсек:

1) Республикалық бюджет есебінен:

· Ақбұлақ ауылындағы 300 орындық мектебінің құрылысына 200 млн. теңге қаржы қаралып, 10  айға 193 млн. 343 мың  теңгесі игерілді.

2) Облыстық бюджет есебінен:

· Темірлан ауылындағы 120 орынға арналған балабақша құрылысына 191 млн 814 мың теңге қаралып, 10 айға 103 млн. 992 мың теңгесі игерілді;

· Тоқсансай ауылындағы 200 орындық мектеп құрылысына 9 млн 419 мың теңге қаралып,  толығымен игеріліп, 1-қыркүйектен пайдалануға берілді;

· Ықыластемір ауылындағы 200 орындық мектеп құрылысына 35 млн. 990 мың теңге қаралып,  қаржысы толық  игеріліп, 1-қыркүйектен пайдалануға берілді;

·  Ақбұлақ ауылындағы 300 орындық мектебінің құрылысына (қоса қаржыландыруға) 20 млн. теңге қаралған, 10 айда 15 млн. 150 мың теңгесі игерілді;

· Қараспан ауыл округіндегі Төреарық елді мекеніндегі 200 оқушы орынға арналған Тәукехан атындағы орта мектебінің құрылысына 35 млн. 612 мың теңге қаралып,  толық игеріліп, 1-қыркүйектен пайдалануға берілді;

· Қажымұқан а/о, Көктөбе елді мекеніндегі «Көктөбе» дәрігерлік емхана құрылысына 76 млн. 199 мың теңге қаралып, 10 айға 69 млн. 326 мың 200 теңгесі игерілді;

· Қараспан а/о, Мақташы елді мекеніндегі «Мақташы» фельдшерлік акушерлік бекет құрылысына 36 млн. 190 мың теңге қаралып, 10 айға 33 млн. 988 мың. 700 теңгесі игерілді;

·  Шұбар а/о, Тоқсансай елді мекеніндегі «Тоқсансай» фельдшерлік акушерлік бекет құрылысына 36 млн. 500 мың теңге қаралып, 10 айға 32 млн. 582 мың 800 теңгесі игерілді;

· Бадам ауыл округі Мамыр ауылын сумен қамтамасыз ету құрылысына 17 млн. 271 мың теңге қаралды, 10 айда  11271,0  мың тенге қаржы игерілді;

· Қараспан ауыл округі Семхоз ауылын сумен қамтамасыз ету құрылысына 1 млн. 958 мың теңге қаралды, 10 айда қаржы игерілген жоқ.

·  Көкарал ауылындағы 300 орындық орта мектептің құрылысың жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу және оны сараптама жасауға 3 млн. 800 мың теңге қаралды, қаржысы толық  игерілді.

3) Аудандықбюджет есебінен:

· Темірлан ауылына 120 орынға арналған бала бақша құрылысына (қоса қаржыландыруға) 10 млн. 306 мың теңге қаралды, 10 айда қаржы  игерілген жоқ;

· Бадам ауыл округіндегі Дербес ауылындағы су жүйесінің құрылысын жүргізуге ЖСҚ дайындау үшін 900 мың теңге қаралған;

· Шұбарсу ауыл округіндегі 3 массивін су жүйесінің құрылысын жүргізуге ЖСҚ дайындау үшін 1 млн. теңге қаралған;

· 14 коммуналдық (арендалық) тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамасын аяқтап, мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға 9 млн теңге қаралып, 10 айға 7 млн. 164 мың  теңгесі игерілді;

· 14 коммуналдық тұрғын үйлерді инженерлік жүйелермен қамтамасыз ету үшін жобалау-сметалық құжаттамасын аяқтап, мемлекеттік сараптамасын алуға 6 млн. теңге қаралып, 10  айға 4 млн. 776  мың теңгесі игерілді;

· «Самал-2,3» мөлтек ауданын инженерлік жүйелерімен қамтамсыз ету үшін жобалау-сметалық құжаттамасын аяқтап, мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға 12 млн. теңге қаралып, 10 айға 5 млн. 599 мың 700 теңгесі игерілді;

· Индустриялдық аймақ құруға жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге және мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға 10 млн. теңге қаралды, 10  айда 262,8 мың тенге қаржы игерілді;

· Шұбарсу ауылы Энергетик пилот массивіндегі қолдан ұрықтандыру бекетінің құрылысына 3 млн. 272 мың теңге қаралды, 10 айға 1509,0 мың тенгесі игерілді.

· Индустриялық аймақтың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге және мемлекеттік сараптама қортындысын алуға 7 млн тенге қаралып, 10 айда игергені 2 млн 250 мың тенге.

2013 жылы аудандық бюджеттен аудан аумағында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын, аудандық (облыстық) маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеуге 79 млн. 240 мың теңге бөлініп (2000,0 тенге қысқартылды), 10 айға игерілгені 42 млн. 796 мың 100 теңгесі игерілді.Атап көрсеткенде:

— халық саны 5 мыңнан асатын 13 елді мекендерді дамыту мен құрылыс салу схемалары  әзірлеуге 42 млн. 240 мың теңге бөлініп, есепті кезеңде игерілгені 23 млн. 914 мың 100 теңге;

—  Темірлан елді мекенін газдандыру үшін топографиялық түсірілім жасауға 6 млн. теңге бөлініп, есепті кезеңде игерілгені 3 млн. 154 мың теңге;

—  Индустриалдық аймақтың сәулеттік жобалау тапсырмасын жасатуға 10 млн. теңге қаралып, толығымен игерілді;

— Темірлан елді мекенін газдандыру үшін сәулет-жоболау тапсырысын (АПЗ) жасауға 20 млн. теңге қаралып, есепті кезеңде 3647,9 мың тенге қаржы игерілді;

— Ықыластемір, Теспе елді мекенін газдандыру үшін сәулет-жоболау тапсырысын (АПЗ) жасауға 3 млн. теңге қаралып, есепті кезеңде 2080,1 мың тенге қаржы игерілді.

Есепті кезеңде аудан бойынша орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 6 млрд. 069 млн.  теңгені құрады. ал тұрғын үйлерді іске қосу көрсеткіші  9088 шаршы метрді құрады.