ЭКОЛОГИЯ И ОКРУЖАЮЩАЯ СРЕДА

Бүгінгі күнге 10 ауыл округтерінің елді мекендерінде санитарлық тазалау жұмыстары атқарылуда. Елді мекендерді күл-қоқыстан тазарту жұмыстарымен   11 ауылдық тұтынушылар кооперативтері айналысуда.

Аудан халқының денсаулығының алдын-алу жөнінде үгіт-насихат жұмыстары атқарылуда. Санитарлық ағарту жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде.

Жалпы барлық емдеу мекемелерінде медицина қызметкерлерімен аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын-алу жөнінде 39 семинар сабақтары өткізілді. «Ордабасы оттары» үн қағазына  әртүрлі тақырыптарды 27-мақала жарияланды.

ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің  №4 қаулысына сәйкес барлық ұйымдасқан  ұжымдарда өткір ішек ауруларының  және астан уланудың алдын-алу іс-шаралары бойынша семинар сабақтар өткізілуде, аудан көлеміндегі қоғамдық тамақтандыру нысандарына (кафе,тойхана) санитариялық эпидемиологиялық ұсыныстар берілді.

Халық арасында тағам қауіпсіздігін қадағалау саласы бойынша астан уланудың алдын алу, Республикада өндірілетін, шеттен әкелінетін азық-түлік шикізатының және тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау, Йод және темір жетіспеушіліктен болатын адам ағзасындағы түрлі аурулардың алдын алу мақсатында халық арасында санитарлық ағарту жұмыстары жүргізілуде. Жоспарға сай 150 нысан тексерілді. Халыққа тағам түрлері арқылы болатын жұқпалы аурулардың және астан улануды болдырмау мақсатында тексерілген нысандардан аудандық СЭСО зертқаналарына, санитарлық химиялық зертқанасына 142, санитарлық бактериологиялық зертқанасына 152 сынама әкелінді. Сынама зертқаналық қортындысына және басқада анықталған кемшіліктерге сай әкімшілік шаралар қолданылды.

Аудан бойынша халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және санитариялық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту, ауыз су арқылы таралатын жұқпалы  аурулардың алдын алу мақсатында, шаруашылықтардағы жұмыс істеп тұрған ауыз су жұйелерінен аудандық санитарлық-эпидемиологиялық сараптау орталығының зертханасына 729 ауыз су сынамасы жеткізіліп, оның сәйкес келмегені 12.  Химиялық лабораториясына тексеруге 221 су әкелінді.

2013 жылы қаңтар-қыркүйек айында барлығы 1 млн. 742 мың 847 теңгеге 236 әкімшілік айыппұл салынды. Өндірілгені 205 айыппұл 1 млн. 509 мың 546 теңге мемлекет пайдасына шешілді. Сот арқылы уақытша 10 нысанның қызметі тоқтатылды.

10 ауыл округтері мен аудандық тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы:

— «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасына  жергілікті бюджеттен 8 млн 132 мың теңге бөлініп, қазіргі таңға 6 млн. 808 мың  теңгесі игерілді;

— «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасына жергілікті бюджеттен  19 млн 524 мың теңге бөлініп, 18 млн. 250 мың  теңгесі игерілді.

— «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы негізінде Бөген, Жеңіс және Қарақұм ауылдарындағы балалар ойнайтын алаңша орнатуға 5 млн. 653 мың теңге қаралып, 10 айға игерілгені 5 млн. 399 мың  теңге, Абасов-Қажымұқан, Абасов-Азімбаев көшелерінің бойына бағдаршам орнатуға 10 млн. 500 мың теңге бөлініп,  толығымен  игерілді.