04
08 / 2017

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ.

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкім Жансейіт Түймебаев Ордабасы ауданының активіне жаңа әкімді таныстырды. Енді ауданды Рашид Үсіпханұлы Қайыпжанов басқарады.
Р.Ү.Қайыпжанов 1970 жылы 2 қаңтарда туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі — инженер-механик. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясатың ұлттық мектебінің түлегі болып табылады, академиялық дәрежесі – әлеуметтік ғылымдар магистрі.
Еңбек жолын 1986 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Тельман колхозында жұмысшы болып бастаған. 1992-2011 жылдары «USKAX-IMEX» шағын кәсіпорында менеджер, «Астана» акционерлік қоғамында маман, «Еңбек» шаруа қожалығы төрағасының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Ақжар ауылдық округінің әкімі лауазымдарын атқарған.
2011 жылдың қаңтар айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келді.