БЮДЖЕТ

 

Жыл басында бюджет 14 млрд 817 млн. 100 мың теңгеге бекітілген болса, жыл ішінде 2 млрд. 729 млн. 500 мың теңгеге ұлғайып 17 млрд. 546 млн. 600 мың теңгені құрады, оның ішінде жергілікті кірістер 443 млн. 200 мыңтеңгеге ұлғайтылды (бекітілгені     1 018 млн. теңге, нақтыланғаны 1 461,2 млн.теңге).

           

2017 жылдың алты айында жалпы салықтардың кіріс жоспары 1 млрд. 091 млн. 300 мың теңгенің орнына 2 млрд. 362 млн. 100 мың теңге түсіп, 216,5 пайызға орындалды, оның ішінде жергілікті түсімдер 3,2 есеге орындалды, 1 млрд. 221 млн. 500 мың теңгеге артығымен түсті.

           

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жергілікті түсімдерінің нақты түсімі                                   1 млрд. 193 млн 100 мың теңгеге артып, 3 есеге артық орындалды.

Ауыл округі әкімдеріне жүктелген жеке тұлғалардан алынатын көлік салығының жоспарын 2017 жылдың ІІ-тоқсанының қорытындысымен Бөген және Жеңіс ауыл округтерінен басқаларының барлығы асыра орындаған.

Жеке тұлғалардан алынатын жер және мүлік салықтары жоспарланбаған, себебі ҚР Салық кодексінің талаптарына сәйкес биылғы жылы бағаланып, оны қаржысы келесі жылы түсуі тиіс.

Мерзімінде түспеген салықтар 01.07.2016 жылға 13 млн. 200 мың 400 теңге болса (контингент), 01.07.2017 жылға 45 млн. 233 мың 500 теңгені құрап, 32 млн.  033 мың  100 теңгеге артқан.

БС кодыСалықтар мен төлемдердің атауы2016 жылдың     6 айы2017 жылдың     6 айыайырмасы
101201Төлем көзінен салық салынатын табыстардың ұсталатын жеке табыс салығы1 386,61 309-77,6
101202Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы949,52 8931 943,5
101205Төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы132,8115-17,8
103101Әлеуметтік салық4 3604 254,5-105,5
104101Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық1200819-381
104102Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық1 533,2761-772,2
104302Елді мекендер жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын жер салығы1 542,52 508965,5
104309Елді мекендердің жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын жер салығын қоспағанда, жер салығы260,4180-80,4
104401Заңды тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық20,320-0,3
104402Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық892,231 39830 505,8
104501Біріңғай жер салығы732,674916,4
105284Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген бензин және дизель отыны1,52725,5
105315Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем188,820011,2
Жиыны13 200,445 233,532 033,1

 

Ол мыналар есебінен болып отыр:

Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша қарыздар:

—          ЖК «А.Күлкібаев» — 1,343 млн. теңге;

—          ЖК «Б. Асанова» — 0,433 млн. теңге;

—          ЖК «Н. Алибаев» — 0,264 млн. теңге;

—          ЖК «М. Ахмет» — 0,148 млн. теңге т.б.

Әлеуметтік салық бойынша қарыздар:

—          «Батсу-Ай-Мар» ЖШС — 1,572 млн. теңге (төлем қабілетсіздігін реттеу рәсіміне құжаттары даярлануда);

—          ЖК «А.Күлкібаев» — 1,143 млн. теңге (төлем қабілетсіздігін реттеу рәсіміне құжаттары даярлануда);

—          ЖК «Б. Асанова» — 0,264 млн. теңге;

—          «Садо» ЖШС — 0,172 млн. теңге (төлеу дәрменсіздігіне байланысты банкроттық рәсіміне құжаттары даярлануда);

—          ЖК «Н. Алибаев» — 0,153 млн. теңге т.б.

Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық қарызының өсуінің негізгі себебі —  ағымдағы жылдың сәуір айында ОҚО Мемлекеттік Кірістер департаменті тарапынан соңғы 5 (бес) жыл бойынша өндірілмеген қарыздар бойынша тексерулер жүргізіліп, 1400 салық төлеушілер бойынша өндірілмеген 29 млн. теңге анықталған. Өндірілмеген ең ірі сома ЖК «Б. Сейдахмет» -1,508 млн. теңге, ЖК «Т.Айткулов» -0,212 млн. теңге, ЖК «У.Усенов» -0,165 млн. теңге т.б. орын алып отыр. Ордабасы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан өндірілмеген салықтарды салық төлеушілердің бет есептеріне еңгізіп, есепті кезеңге 526 салық төлеушіден салық қарызын өндіру бойынша сотқа талап арыздар беріліп, қаралып, өндірілуде.

Жергілікті бюджеттіңартық төленген салықтарына келетін болсақ 01.07.2016 жылға    241 млн. 071 мың  100 теңге болса, 01.07.2017 жылға 232 млн. 692 мың  300 теңгені құрады, немесе 8 млн. 378 мың 800 теңгеге кеміген.

БС кодыСалықтар мен төлемдердің атауы01.07.2016 жылға01.07.2017 жылғаАйырма-сы
101201Жеке тұлғалардан алынатын төлем көзінен ұсталатын табыс салығы92 48895 844,9+3 356,9
101202Кәсіпкермен айналысатын жеке тұлғаның табыс салығы7 882,29 999