Ордабасы ауданының 2016-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының базалық  көрсеткіштер тізбесінің 2017 жылдың қорытындысының орындалуы және іс-шарадағы қаржылардың игерілуі.

Даму бағдарламасына жүргізілген мониторинг нәтижесінде, алдын ала жұмыстар жүргізіліп, 2017 жылдың тамыз-желтоқсан айларында өнеркәсіп, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, мәдениет, білім, энергетика салалары нақтыланды (аудандық мәслихатының 25 желтоқсандағы №22/1 шешімі). 2017 жылдың қорытындысымен жоспарланған 40 нысаналы индикаторларынан 1 ғана индикатор орындалмады, ол Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (көрсетілетін қызметтердің) нақты көлемінің индексі жылдық жоспары 104 пайыз болса, нақты 95,9 пйызды құрады, немесе 8,1 пайызға төмен орындалған.

Жалпы индикаторлардың орындалуына мына атқарушы органдар жаупты:

Кәсіпкерлік бөлімі 17 индикатордың орындалуына жауапты, жоспарланған индикатордың жыл қорытындысымен барлығы орындалған.

Ауыл шаруашылығы бөлімі 1 индикатордың орындалуына жауапты, жоспарланған индикатордың жыл қорытындысымен орындалмаған.

Білім бөлімі 6 индикатордың орындалуына жауапты, жоспарланған индикаторлар жыл қорытындысымен барлығы орындалған.

Аудандық орталық аурухана 1 индикатордың орындалуына жауапты, жоспарланған индикаторлар жыл қорытындысымен барлығы орындалған.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2 индикатордың орындалуына жауапты, жоспарланған индикаторлар жыл қорытындысымен барлығы орындалған.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 2 индикатордың орындалуына жауапты, жоспарланған индикаторлар жыл қорытындысымен барлығы орындалған.

Дене шынықтыру және спорт бөлімі 1 индикатордың орындалуына жауапты, жоспарланған индикаторлар жыл қорытындысымен барлығы орындалған.

Жергілікті полиция 2 индикатордың орындалуына жауапты, жоспарланған индикаторлар жыл қорытындысымен барлығы орындалған.

Құрылыс бөлімі 1 индикатордың орындалуына жауапты, жоспарланған индикаторлар жыл қорытындысымен барлығы орындалған.

Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі жәнеавтомобиль жолдары бөлімі 6 индикатордың орындалуына жауапты, жоспарланған индикаторлар жыл қорытындысымен барлығы орындалған.

Аудан әкімі аппараты 1 индикатордың орындалуына жауапты, жоспарланған индикаторлар жыл қорытындысымен барлығы орындалған.

Ордабасы ауданының 2016-2020 жылдарға арналған әлеуметтік

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ 2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ