05
03 / 2018

Ордабасы ауданы тұрғындарына хабарландыру!  

Мәселеңізбен қабылдауға жазылыңыз

 

Қазақстан Республикасының «Прокуратура органдары лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау туралы» Қағиданың 29 тармағының талаптарына сай 2018 жылдың наурыз айының 15 күні сағат 17.00-ден бастап, облыс прокурорының орынбасары Бөлегенов Ержан Ерғалиұлы, Ордабасы ауданына шығу арқылы жеке және заңды тұлға өкілдеріне жеке қабылдау жүргізеді.

Жеке қабылдау жоғарыда көрсетілген Қағиданың 27-тармағына сәйкес, облыс прокуроры мен оның орынбасарлары:

  1. Өтініш беруші келіспеген сол мәселе бойынша аудан прокурорының өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы жауабы болған жағдайда;
  2. Сот актілеріне наразылық келтіру туралы өтінішхаттар бойынша;
  3. ҚР «Прокуратура туралы» Заңының 21-бабына сәйкес прокуратура органдарымен қаралуға жататын жергілікті өкілді және атқару билік органдарының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) берілген шағымдар бойынша жүргізеді.

Қағиданың 31 тармағында облыс прокурорының және оның орынбасарының қабылдауына:

— Сол мәселе бойынша облыс прокурорымен бұрын қабылданған- тұлғалар;  соттың өндірісіндегі істер бойынша сот актілеріне, сондай-ақ істерді- қарау кезінде судьялардың әрекеттерін даулаған жағдайда;

— Соттың өндірісіндегі істер бойынша сот актілеріне, сондай-ақ істерді қарау кезінде судьялардың әрекеттерін даулаған жағдайда;

— ҚР Жоғарғы Сотының түпкілікті сот қаулысы болған кезде сот- актілеріне дау айтатын жағдайда;

— ҚР «Прокуратура туралы» Заңының 21-бабына сәйкес прокуратура- органдарының құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша;

— ҚР ҚПК-інің 106-бабының бірінші бөлігіне сәйкес арыздардың- қаралуы соттың құзыретіне кіретін және сотқа жолданған қылмыстық істер бойынша;

— Сот актілеріне кассациялық шағым беру мерзімін өткізіп алған кезде;

—  Мемлекет мүддесіне қатысты, қоғамдық мүдделерді немесе өзін қорғай алмайтын азаматтарды қорғауға қатысты емес істер бойынша сот актілерін даулаған жағдайда;

— ҚР АПК-нің 429 бабына сәйкес талап арыздарды қайтару, іс бойынша — іс жүргізуді тоқтата тұру, талап арыздарды қараусыз қалдыру мәселелері бойынша шығарылған апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымдарына наразылық білдіру туралы;

— ҚР АПК-нің 434 бабына сәйкес оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен- қаралған; татуласу келісімімен, дауды (жанжалды) медиация, партисипативтік рәсім тәртіптерімен реттеу туралы келісіммен аяқталған; талап қою сомасы екі мың АЕК-тен кем болған кезде жеке тұлғалардың және талап қою сомасы отыз мың АЕК-тен кем болған кезде заңды тұлғалардың мүліктік мүдделеріне; талап қоюдан бас тартуға байланысты аяқталған істер бойынша; төлем қабілетсіздігін реттеу туралы, сондай-ақ оңалту рәсімі және банкроттық рәсімі аясында туындайтын даулар жөніндегі істер, оның ішінде борышкер жасасқан мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, борышкердің мүлкін қайтару туралы, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушының талап қоюлары бойынша дебиторлық берешекті өндіріп алу туралы істер бойынша сот актiлерін кассациялық тәртiппен қайта қарауға байланысты;

— ҚР ҚПК-нің 484 бабына сәйкес қылмыстық теріс қылықтар және онша- ауыр емес қылмыстар туралы істер бойынша процеске қатысушылардың дәлелдемелерін, өтінішхаттарын зерттеу тәртібі мен тәсіліне, сот отырысының залында тәртіп сақтауға қатысты, мемлекеттік және жекеше айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты мәселелер бойынша, тергеу судьясы шығарған сот актілерін кассациялық тәртіпте қайта қарауға жатпайтын сот актілеріне шағымданғанда жазу жүргізілмейді.

Жеке қабылдауға жазылу, 15.03.2018 жылы сағат 19:00-ге дейін, аудан прокуратурасында жүзеге асырылатынын назарларыңызға саламыз.

 

 

         Ордабасы ауданы прокуратурасы