ҚР Президенті   Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Ордабасы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Рухани Қазына» кіші жобасының іс-жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстары жөнінде мәліметі

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында арнайы жоспар түзіліп аудан көлемінде 282 мәдени іс-шаралар өткізіліп, 10 000— ға жуық  көрермендер қамтылды.

Рухани

Атқарылған іс-шаралардың бірқатарын атап өтер болсақ аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бекітілген жоспарына сәйкес «Латын әліпбиіне көшу – әлемдік үдеріске жақындау» тақырыбында конференция өтті.  Іс-шара барысында Н.Әліпбек конференцияға қатысушыларды ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру туралы» жарлығымен және №569 Жарлықпен бекітілген жаңа латын әліпбиімен таныстырып өтті. «Ордабасы оттары» газетінің редакторы Н.Шәмшіұлы латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы мен қажеттіліктері туралы баяндама жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Ата-баба дәстүрі, ұрпаққа аманат» тақырыбында ұрпақ сабақтастығын сақтап, оларды патриоттық, отаншылдық, рухани бай бағытта тәрбиелеуге үлес қосуды мақсат тұтып Қазақстан Республикасының  Білім беру ісінің үздігі, Ордабасы ауданының құрметті азаматы, еңбек ардагері, Шұбар ауыл округінің әжелер алқасының төрайымы  Ертаева Рымкүл Бекенқызының іскерлігін насихаттау мақсатында мәдени іс-шара ұйымдастырды.

«Ордабасы» фольклорлық ансамбілінің жергілікті ақын, сазгерлер- Қ.Жылқыбайдың, А.Тұрмағанбетовтің, С.Медеубековтің, С.Махановтың, С.Сапаралиевтің, Н.Бегалиевтің, Н.Әліпбектің шығармаларына арналған «Туған ел әуендері» атты концерт ұйымдастырылды. «Темірлан» халық  театры  драматург- жазушы Байділда Айдарбековтің «Қара мең» 10 көріністі драмасын сахналады.

Қараспан ауылдық клубында «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» облыстық өнер фестивалі, Ордабасы тауы «Бірлік» монументінің алдында «Билерге тағзым» веломарафоншылардың жиыны, «Мәдениет шырағы шығармашылықта» жазушы, драматург Д.Исабековпен кездесу, «Дауыстар үндестігі» облыстық хор  ұжымдарының фестивалі, «Ән көңілдің ажары мен базары» атты концертті ұйымдастырылды.

«Рухани қазына» кіші бағдарлама аясында ақындар аллеясы ескерткіштері жаңартылды.

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында  «Латын графикасына көшудің әлеуметтік мәселелері» тақырыбында пікірталас, Аудандағы беделді, сөзге шешен азаматтар-Әріпбаев Қойшыбай, Сағынбеков Медеу және Зәйтүнова Мариямен кездесулер, Ауылдарда «Өнерім саған -ауылым» тақырыбында концерттік бағдарламалар өтті.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына  тұрақты кітап көрмесі барлық кітапханаларда ұйымдастырылды.

       Бір өлке – бір кітап» акция аясында жазушы Еркінбек Тұрысовтың «Темірлан» атты кітабымен таныстыра отырып, және оны өлке болып оқуды насихаттау мақсатында тұрақты кітап көрмелері жасалып, іс-шаралар  ұйымдастырылуда. Атап айтқанда: Жеңіс ауылдық кітапханасында «Еңбегімен еленген Еркінбек» атты әңгіме, аудандық орталық кітапхана, Қажымұқан ауылдық кітапханасында «Қаратау тарланы» атты әдеби кештер, Бөген  ауылдық кітапханасында «»Темірлан» атты кітабын оқуға шақырамыз», Ақбұлақ ауылдық кітапханасында «Тарихқа жанашыр тұлға», Көкарал ауылдық кітапханасында «Ұлыдан  ұлағат», Бірлік ауылдық кітапханасында «Темірлан» шығармасын дауыстап оқу, әңгімелер, Қараспан ауылдық кітапханасында «Ақыл-ой қазынасы» атты тарихи кеш, Берген ауылдық кітапханасында «Темірлан» кітабына арналған оқу марафоны, Қызылжар ауылдық кітапханасында  «Өнегелі өмір, өшпес мұра» атты библиографиялық шолу, Қызылжар  ауылдық кітапханасында «Табиғат тылсымынан сыр тартқан жазушы»  атты танымдық  кеш, Жусансай ауылдық кітапханасында «Темірлан» шығармасынан үзінді оқу, Бөржар   ауылдық  кітапханасында «Қыран тауының қаламгері»  ақпараттық сағат, Қайнар ауылдық кітапханасында «Өрнекті сөз иесі» атты  дөңгелек үстел өткізілді.

        «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың  шығармаларын оқырмандарға кеңінен насихаттау, жастардың рухты жырларымен  мәңгі өшпес із қалдырған ақынның өлеңдерінен  тәлім-тәрбие алуына ықпал ету мақсатында аудандық орталық кітапханада «Жалындап өткен жас ғұмыр» атты байқау, Мақташы ауылдық кітапханасында «Сырлы сөзі – саф алтын»,  Қараспан ауылдық кітапханасында «Шындықты іздеу жолындағы талант иесі», Бадам ауылдық кітапханасында «Ұрпаққа ұран есімің», Төрткөл ауылдық кітапханасында «Жарқ еткен сәулелі ғұмыр» атты әдеби кештер, Шұбар ауылдық кітапханасында «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам», Жамбыл ауылдық кітапханасы «Асқақ арманды ақын», Бөген ауылдық кітапханасында «Қазаққа ұран болған өлеңдерің», атты поэзия сағаттары,  Бірлік ауылдық кітапханасында  «Өлеңімен өміршең» жыр кеші, Берген  ауылдық кітапханасында  «Ұлт рухын оятқан»  атты танымдық  кеш, Ынталы ауылдық кітапханасында «Қамар сұлу» романынан  үзінді, Қарақұм  ауылдық  кітапханасы «Жұлдыздай ағып  түскен  тұлпар» атты  әңгіме, Бөржар ауылдық кітапханасында  «Асқақ арманды ақын» оқырман конференциясы, Мақташы ауылдық кітапханасында «Өшпес мұра қалдырған», Ордабасы ауылдық кітапханасында «Дархан дала иесі»  атты тарихи кештер өткізілді.

      «Қазақстанның  киелі жерлері»  жобасы аясында ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар  мәдени-тарихи және сәулет ескерткіштері туралы түсініктерін арттырып, оқырманды  ұлтжандыққа тәрбиелеу мақсатында іс-шаралар ұйымдстырылды. Оқырмандарға күш иесі Қажымұқан атамыз жайлы түсінік беру, оның өмірі, спорттағы жетістіктері туралы білімдерін кеңейту мақсатында аудандық орталық кітапханасы Қажымұқан Мұңайтпасов   атындағы спорт мұражайына «Өлкемізге саяхат»,  Ордабасы ауылдық кітапханасы «Ордабасы қорығы  ордалы мекен» атты «Ордабасы» ұлттық тарихи — мәдени  қорығына   саяхат,  Қарақұм ауылдық кітапханасы  «Туған жердің әр тасы, біздің алтын  тағымыз» атты әңгіме,  Қажымұқан ауылдық кітапханасы «Алаштың абыройын асқақтатқан  күш  атасы Қажымұқан « атты ауызша журнал, Елшібекбатыр ауылдық кітапханасы  «Туған жердің әр тасы, біздің алтын  тағымыз» атты  әңгіме, Шұбар ауылдық кітапханасында  «Ишанбазар мешіті» (Аққойлы мешіті) барып библиографиялық шолу өткізді.

Ордабасы  аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруыменен кітапхана ұжымы және зейнеткер кітапханашылар, Қазғығұрт ауданындағы киелі жер «Ақбура» әулиенің басына барып саяхаттап қайтты.

         «Туған жер» бағдарламасы аясында қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасы бар, жерлес ақын Қамардин Бектұрсынұлының туғанына  80 жыл толуына  орай ақынның еңбектерін  жастарға дәріптеу, шығармалары арқылы болашақ ұрпақтың  бойына патриоттық сезімді, ұлттық болмысты қалыптастыру, жастарды поэзияға деген құштарлығын арттыру  мақсатында Шұбар ауылдық кітапханасында кітапханашы Ә.Ешмұраттың ұйымдастыруымен «Мақтана алам осындай ақыным бар» атты еске алу кеші өткізілді. Ақынның шығармашылығына арналған басылымдар көрмесі жасалынып,   слайд көрсетілді.  Еске алу кешіне аудандық  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің  басшысы  Қ.Жылқыбай, Шұбар ауыл округінің әкімі С. Қыдырбай,  «Нұр Отан»  бастауыш партия ұйымының  төрағасы Е. Райбек, қатысып,  ақынның жары Нәзігүл ақын туралы естеліктерімен бөлісті. Кеш барысында оқырмандар ән айтып, ақынға арнау айтса, бірі шығармаларынан өлеңдер оқыды. Өткізілген шара туралы  аудандық «Ордабасы оттары» газетіне мақалалар жарияланды.

Сондай-ақ, Жусансай ауылдық кітапханасында «Көңілден кетпейтін бейне», Дербес ауылдық кітапханасында «Теңіздей тебіренген ақын» еске алу кеші, аудандық орталық  кітапханасында  «Өмір шіркін, дүркін-дүркін өтер бір күн…» атты поэзия кеші өткізілді.

Аудандық орталық кітапханасында, Қарақұм ауылдық кітапханасында Нұралы Нысанбайұлының туылғанына 160 жыл  толуына орай ақынның өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа дәріптеп, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Нұралы мұрасы —  халықтың асыл қазынасы» жыр кештері, Бөген ауылдық кітапханасында Дулат Исабековтың туылғанына 75 жыл толуына орай әдебиетке деген құштарлығын ояту  мақсатында «Даладай дархан жазушы» атты  портреттік кеш, Бадам ауылдық кітапханасында Мәделіқожа Жүсіпқожаұлы және Майлықожа  Сұлтанқожаұлы  туралы ақындардың шығармалашылығына арналған «Халқымыздың аса көрнекті ақындары» атты  ауызша  журнал өткізілді.

Бөржар ауылдық кітапханасында  «Туған жердің жүрегінде тұғырың» атты кездесу  кеші туған жердің түлектері: «Оңтүстік Қазақстан» газетінің жарнама бөлімінің тілшісі, Қазақстан жорналшылар одағының мүшесі Н. Атанбек, М. О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің жанындағы агроөнеркәсіп факультетінің оқу және тәрбие ісі жөніндегі деканының орынбасары,  М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Ветеринариялық медицина және зоотехника кафедрасының аға  оқытушысы, Ветеринария ғылымдарының кандидаты Т.Ибрагимнің қатысуымен өтті. Кеш барысында қонақтар шығармашылықтары туралы қызықты баяндап, оқырмандар көкейіндегі сұрақтарына тұщымды жауап берді.

Бадам ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау мақсатында «Туған жердің жүрегінде тұғырың» тақырыбында кездесу өткізілді. Кеш қонақтары тыл ардагері Н. Қазбеков пен Бадам ауылында туып-өскен педагогика ғылымының кандидаты, доцент               Г. Санай жастарға тағлымы мол өмір жолдарынан сыр шертіп, жастарға ел болашағы білімді, білікті ұрпақ қолында дей келе, олардың салт-дəстүрімізді, мəдениетімізді құрметтейтін саналы азамат болып, елін, туған жерін сүйіп, мемлекетіміздің көркеюіне өз үлестерін қосуға шақырды.

Төрткөл ауылдық кітапханасында «Туған жер» жобасы аясында туған ел туралы түсініктерін кеңейту, туған жерін сүюге тәрбиелеу мақсатында «Нұрлы өңірім – Төрткүлім» атты кездесу кеші өткізілді.  Кеш барысында мектеп мұғалімдері мен оқушылары, кітапхананың тұрақты талантты оқырмандары қатысты.

                «Түркістан – Түркі әлемінің  мәдени   астанасы» аясында Оңтүстік өңірінің, тұнып тұрған бай тарихы, құтты қонысы мен әсем табиғаты туралы мағлұмат беру  мақсатында Қажымұқан ауылдық кітапханасында «Ұлы  дала  елінің  шахары» атты тарихи  танымдық  кеш, Бөген ауылдық кітапханасында  «Түркістан – екі дүние есігі ғой» атты  поэзия сағаты өткізілді.

       Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен композитор, КСРО халық әртісі Мұқан Төлебаевтың туғанына 105 жыл  толуына орай, қазақ музыкасына деген қызығушылығын арттыру, сүйіспеншілігін күшейту; өнерді сүюге тәрбиелеу, жас ұрпаққа саз әлемінің тарихында өшпес із қалдырған, талай ұрпаққа жол сілтеген композитордың өнері мен өмір жолынан кеңінен насихаттау мақсатында  «Халық мақтанышы»  тақырыбында  өнер сағаты өтті.

Шұбарсу ауылдық кітапханасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Патриоттық  рух, отаншылдық сезім, ұлттық намыс» атты пікірсайыс өтті. Іс- шараға кітапхананың тұрақты әрі белсенді оқырмандары, ауыл тұрғындары және мектеп мұғалімдері қатысты.

Шұбарсу ауылдық кітапханасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу туралы мәселелері мен қиындықтары» атты сұхбат өтті.  Сұхбатқа ауыл тұрғындары, мектеп мұғалімдері, оқушылар және кітапхананың  белсенді оқырмандары қатысты.

Мақташы ауылдық кітапханасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында  қазақ тілінің ішкі заңдылықтарын сақтап, дамыту үшін латын әрпіне көшу маңыздылығын түсіндіру  мақсатында «Латын әліпбиі – болашақ кілті»  атты әңгіме-сұхбат өтті.

Шұбар ауылдық кітапханасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласы аясында «Ауылым – алтын бесігім» атты пікірталас өткізілді. Пікірталасқа мектеп оқушылары, ауыл жастары қатысып,  ауыл мақтаныштары туралы кең мағлұматттар айтылып, ауылды көркейту туралы жастар өз ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.

«Талантына бас идірген тұлға» атты тарихи танымдық сағат өткізілді. Танымдық сағатқа  «Ордабасы» жалпы орта мектебінің мұғалімі Дәрібай Ажар қатысып, оқушылардың көңілін  кітапқа аударуға, зиянды әдеттерге құмар болудың орнына кітап оқып, білімді болуға, дүниетанымдарын кеңейтуге шақырды.

Өлкемізден шыққан талантты жастарды елге таныту  мақсатында  «Қобыздың қоңыр әуені»  атты кездесу кеші өттіКездесу кешінің басты қонағы аудандық мәдениет үйінің қызметкері Ф. Отарбаева көне  қобыз музыкалық аспабының құдіреті мен шығу тарихы жайлы мағлұмат  бере отырып, бірнеше күйді орындап берді.

Дербес ауылдық кітапханасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы, «Бір өлке — бір кітап» акциясы  аясында  Асқар Сүлейменовтың  шығармаларын  насихаттау,  өлке болып оқуға шақыру мақсатында «Ер мінезді ойшыл жан» атты тарихи танымдық кеш өтті.

Кеңес Одағының Батыры Қ.Спатаевтың туғанына–100 жыл толуына орай, батырдың  ерлігін  өмірін  оқырманға  таныстыру арқылы патриоттық тәрбиеге баулу мақсатында «Ұрпағы ұлықтайтын батырларын» атты  патриоттық кеш өтті.

Бөржар ауылдық кітапханасында  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Отанға, туған жерге, елге деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру мақсатында  «Менің Қазақстаным менің болашағым» атты тақырыптық конференция өткізілді.

Аудандық орталық  кітапхананың  ұйымдастыруымен  ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Оңтүстік Қазақстан  облысында «Ордабасы» ұлттық тарихи, мәдени және  табиғи қорығын  құру  туралы» қаулысына  25 жыл  толуына байланысты «Өткеннің қазынасы болашаққа» атты тарихи кеш өтті.  

Шұбарсу ауылдық кітапханасында  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында  Отанға деген сезімді ұялату арқылы, әрбір азаматтың Отан алдындағы борышы және міндетін өтеу парыз екенін түсіндіру, жастардың бойына патриоттық рухты қалыптастыру  мақсатында «Отан – патриоттық тәрбиенің объектісі мен қайнар көзі» атты танымдық  сағат өткізілді.

«Рухани Қазына» кіші жобасының жетекшісі:                                           Қ.Жылқыбай

Орындаған: С.Исабек сым:2-17-63