Экономика

БЮДЖЕТ

Жыл басында бюджет 14 млрд 817 млн. 100 мың теңгеге бекітілген болса, жыл ішінде 2 млрд. 729 млн. 500 мың теңгеге ұлғайып 17 млрд. 546 млн. 600 мың теңгені құрады, оның ішінде жергілікті кірістер 443 млн. 200 мыңтеңгеге ұлғайтылды (бекітілгені     1 018 млн. теңге, нақтыланғаны 1 461,2 млн.теңге).

           

2017 жылдың алты айында жалпы салықтардың кіріс жоспары 1 млрд. 091 млн. 300 мың теңгенің орнына 2 млрд. 362 млн. 100 мың теңге түсіп, 216,5 пайызға орындалды, оның ішінде жергілікті түсімдер 3,2 есеге орындалды, 1 млрд. 221 млн. 500 мың теңгеге артығымен түсті.

           

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жергілікті түсімдерінің нақты түсімі                                   1 млрд. 193 млн 100 мың теңгеге артып, 3 есеге артық орындалды.

Ауыл округі әкімдеріне жүктелген жеке тұлғалардан алынатын көлік салығының жоспарын 2017 жылдың ІІ-тоқсанының қорытындысымен Бөген және Жеңіс ауыл округтерінен басқаларының барлығы асыра орындаған.

Жеке тұлғалардан алынатын жер және мүлік салықтары жоспарланбаған, себебі ҚР Салық кодексінің талаптарына сәйкес биылғы жылы бағаланып, оны қаржысы келесі жылы түсуі тиіс.

Мерзімінде түспеген салықтар 01.07.2016 жылға 13 млн. 200 мың 400 теңге болса (контингент), 01.07.2017 жылға 45 млн. 233 мың 500 теңгені құрап, 32 млн.  033 мың  100 теңгеге артқан.

БС коды Салықтар мен төлемдердің атауы 2016 жылдың     6 айы 2017 жылдың     6 айы айырмасы
101201 Төлем көзінен салық салынатын табыстардың ұсталатын жеке табыс салығы 1 386,6 1 309 -77,6
101202 Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы 949,5 2 893 1 943,5
101205 Төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы 132,8 115 -17,8
103101 Әлеуметтік салық 4 360 4 254,5 -105,5
104101 Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық 1200 819 -381
104102 Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық 1 533,2 761 -772,2
104302 Елді мекендер жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын жер салығы 1 542,5 2 508 965,5
104309 Елді мекендердің жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын жер салығын қоспағанда, жер салығы 260,4 180 -80,4
104401 Заңды тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық 20,3 20 -0,3
104402 Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық 892,2 31 398 30 505,8
104501 Біріңғай жер салығы 732,6 749 16,4
105284 Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген бензин және дизель отыны 1,5 27 25,5
105315 Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем 188,8 200 11,2
Жиыны 13 200,4 45 233,5 32 033,1

 

Ол мыналар есебінен болып отыр:

Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша қарыздар:

—          ЖК «А.Күлкібаев» — 1,343 млн. теңге;

—          ЖК «Б. Асанова» — 0,433 млн. теңге;

—          ЖК «Н. Алибаев» — 0,264 млн. теңге;

—          ЖК «М. Ахмет» — 0,148 млн. теңге т.б.

Әлеуметтік салық бойынша қарыздар:

—          «Батсу-Ай-Мар» ЖШС — 1,572 млн. теңге (төлем қабілетсіздігін реттеу рәсіміне құжаттары даярлануда);

—          ЖК «А.Күлкібаев» — 1,143 млн. теңге (төлем қабілетсіздігін реттеу рәсіміне құжаттары даярлануда);

—          ЖК «Б. Асанова» — 0,264 млн. теңге;

—          «Садо» ЖШС — 0,172 млн. теңге (төлеу дәрменсіздігіне байланысты банкроттық рәсіміне құжаттары даярлануда);

—          ЖК «Н. Алибаев» — 0,153 млн. теңге т.б.

Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық қарызының өсуінің негізгі себебі —  ағымдағы жылдың сәуір айында ОҚО Мемлекеттік Кірістер департаменті тарапынан соңғы 5 (бес) жыл бойынша өндірілмеген қарыздар бойынша тексерулер жүргізіліп, 1400 салық төлеушілер бойынша өндірілмеген 29 млн. теңге анықталған. Өндірілмеген ең ірі сома ЖК «Б. Сейдахмет» -1,508 млн. теңге, ЖК «Т.Айткулов» -0,212 млн. теңге, ЖК «У.Усенов» -0,165 млн. теңге т.б. орын алып отыр. Ордабасы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан өндірілмеген салықтарды салық төлеушілердің бет есептеріне еңгізіп, есепті кезеңге 526 салық төлеушіден салық қарызын өндіру бойынша сотқа талап арыздар беріліп, қаралып, өндірілуде.

Жергілікті бюджеттіңартық төленген салықтарына келетін болсақ 01.07.2016 жылға    241 млн. 071 мың  100 теңге болса, 01.07.2017 жылға 232 млн. 692 мың  300 теңгені құрады, немесе 8 млн. 378 мың 800 теңгеге кеміген.

БС коды Салықтар мен төлемдердің атауы 01.07.2016 жылға 01.07.2017 жылға Айырма-сы
101201 Жеке тұлғалардан алынатын төлем көзінен ұсталатын табыс салығы 92 488 95 844,9 +3 356,9
101202 Кәсіпкермен айналысатын жеке тұлғаның табыс салығы 7 882,2 9 999