Новости района

ФЕСТИВАЛЬ СОБРАЛ ДРУЗЕЙ

Юрточный городок, выросший на окраине села Боржар, привлек внимание  жителей близлежащих аулов. Всем было интересно, что же это здесь проходит. Фестиваль «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» собрал множество участников. Ордабасинцы постарались показать во всей красе древние традиции и обычаи казахского народа.

Украшением праздника стал  алтыбакан. Не раскачался на нем разве, что ленивый. Большой интерес вызвала выставка изделий ручной работы. Молодые девушки просили бабушек, которые пряли  пряжу из овечьей шерсти, научить их древнему ремеслу, а парни горячо болели за участников спортивных состязаний. Хозяйки запасались продуктами на ярмарке сельхозпроизводителей.

Кульминацией фестиваля стал большой концерт.

10.12.2016

НАЗНАЧЕН НОВЫЙ АКИМ РАЙОНА

Распоряжением акима Южно-Казахстанской области по согласованию с Администрацией Президента Республики Казахстан и с согласия маслихата Ордабасинского района на должность акима Ордабасинского района назначен Мамытбеков Алмасбек Кеңесбекұлы.

Мамытбеков А.К., 1969 года рождения, образование высшее, специальность – преподователь географии и биологии, бакалавр экономики и бизнеса.

Трудовую деятельность начинал в 1984 году электромонтером птицефабрики Тюлькубаского района Шымкентской области. На государственную службу поступил в 1996 году в должности специалиста Управления по делам молодежи, туризма и спорта. 2005-2016 годы занимал должности заместитель директора департамента внутренней политики Южно-Казахстанской области, заместитель акима Тюлькубасского района Южно-Казахстанской области, руководитель Управления внутренней политики Южно-Казахстанской области, главный инспектор акима области организационно-инспекторского отдела, заместитель и первый заместитель председателя Южно-Казахстанского филиала партии «Нур-Отан», руководитель пресс-службы аппарата акима Южно-Казахстанской области, руководитель Управления внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области.

С февраля 2016 года являлся руководителем Управления внутренней политики Южно-Казахстанской области.

10.12.2016

ЭЦП на SIM-картах «Altel» теперь доступны жителям Шымкента

С марта текушего года в Южно-Казахстанской области стартовал новый проект — ЭЦП на SIM-картах «Altel» теперь доступны жителям южного регоина.

Проект был запущен еще в сентябре прошлого года. Тогда записать электронно-цифровую подпись на SIM-карту могли абоненты «Altel» в Астане и Алматы. Немного позже такую возможность получили жители СКО, а также Павлодарской и Карагандинской области. В феврале к проекту присоединился еще один сотовый оператор – «Beeline» в Астане и Алматы.

«В первую очередь, ЭЦП  на SIM-картах – это удобно, для его использования подходят как смартфоны, так и мобильные телефоны. Вы можете использовать ЭЦП  на SIM-картах везде, где есть мобильная связь – как в Казахстане, так за рубежом», — говорит Серик Авганбайев, директор филиала РГП «ЦОН» по Южно-Казахстанской области.  Чтобы приобрести SIM-карту необходимо прийти в ЦОН, где в секторе самообслуживания вам помогут заключить договор, оформить регистрацию и активировать SIM-карту. Стоимость SIM-карты составит 200 тенге, при этом указанная сумма будет зачислена на баланс абонента.

Напомним, что  использование мобильных ЭЦП на SIM-картах позволяет гражданам получать адресные справки, справки  о наличии (отсутствии) недвижимости, о пенсионных отчислениях и другие услуги с помощью мобильного приложения «egov.kz». В будущем с помощью мобильных ЭЦП на SIM–картах пользователь сможет получить услуги через веб-портал «электронного правительства» и даже посредством  кнопочных телефонов без интернета и соответствующих мобильных приложений.

На сегодняшний день, с момента запуска проекта, 602 клиента записали ЭЦП на SIM-карты в Центрах обслуживания населения. Записать ЭЦП на SIM-карту можно в в городских отделах города Шымкент, в отделах № 1 , № 2, № 3 и в отделе  № 4.

В планах – расширение географии услуги и подключение к проекту других операторов сотовой связи. Следите за нашими новостями.

 

Пресс-служба филиала РГП «ЦОН» по Южно-Казахстанской области

09.12.2016

КӘСІПКЕРЛЕР НАЗАРЫНА!

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 31,37 баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы «Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №1089 қаулысының  6-тармағына сәйкес,  Жеке  кәсіпкерлік субъектілердің мүлделерін қорғайтын нормативтік – құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізу үшін мүлдделі коммерциялық емес ұйымдардың бірлестіктерін  аккредиттеу өткізіледі.

Аккредиттелу үшiн  комиссияға  мынадай құжаттарды ұсынады:

1) «Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеу жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 28 желтоқсандағы N1089 Қаулысының 1-қосымшасына сәйкес өтiнiш;

2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және бiрлестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;

3) бiрлестiк мүшелерiнiң тiзiмiн ұсынады.

Мемлекеттік органның аккредиттеу жүргізуге өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыруды аудан әкімінің интернет-ресурста орналастырылды және аудандық «Ордабасы оттары» газетінде жарияланды.

Құжаттарды  26-наурызбен 8-сәуәрге дейін Темірлан ауылы,  Абассов көшесі № 4/5 үйде қабылдаймыз. Байланыс телефонымыз 79-1-17, 79-0-43.

09.12.2016

ҒАСЫР КУӘГЕРЛЕРІНЕН АҚ БАТА…

Аудан әкімі Самат Айдарханұлы Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі қарсаңында ғасыр куәгерлеріне сәлем беріп, ақ батасын алды. Ұлы Отан соғысы ардагерінің жесірі, 106 жасқа аяқ басқан Төлеқыз Шорманова мен 101-ші көктемін қарсы алған Фатима Жақсыбаева өткен күндерден естелік айтып, жастарға тек жақсылық тілейтіндерін жеткізді. Бүгінде немере, шөбере, шөпшек сүйген ақ жаулықты әжелерге аудан басшысы сый-сияпат тапсырып, оларға деген ізгі ниетін білдірді. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұран Әбдіқайымұлы, Қажымұқан ауыл округінің әкімі Саттар Өтебаев, аудандық әжелер алқасының төрайымы Айгүл Сейітқызы ардагер апалардың қамқорлықтан еш тыс қалмай, үнемі назарда болатынын атап өтті.

09.12.2016

Ана – шаңырақтың шырағы

Аудан әкімі Самат Айдарханұлы Қажымұқан ауыл округінің көпбалалы аналарымен жүздесіп, оларды көктемнің шуақты мерекесі, келе жатқан 8-наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады. «Аяулы менің анашым» тақырыбында өткен салтанатты шарада ізгі ниетін жеткізіп қана қоймай, мереке иелеріне сый-сияпат жасады.

— Ана — әр шаңырақтың шырағы іспетті. Отан — отбасынан басталады. Демек, мемлекетіміздің тұтастығына, әлеуметтік-экономикалық дамуына сіздердің де сіңірген еңбектеріңіз зор. Ұрпақ тәрбиесі — ұлт тәрбиесі. Ана құдіретінің алдында басымды ие отырып, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілеймін, — деді өңір басшысы өз сөзінде.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұран Әбдіқайымұлы, Қажымұқан ауыл окргінің әкімі Саттар Өтебаев, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Мәрия Зәйтүнқызы, ардагер-ұстаз Лесбек Жүсіп, медицина саласының ардагері Рахима Мұсаева да ақ тілектерін арнады.

09.12.2016

Заң аясында шешуді тапсырды

Алдын-ала бекітілген кестеге орай, аудан әкімі Самат Сапарбаев бүгін тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдауға сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауыл округі әкімдері қатысты. Бадамдық Өскенбай Кескенбаев Қажымұқан мектебіне спортзал құрылысын жүргізу жөнінде мәселе көтерсе, бөржарлық жалғызілікті ана Әделкүл Сақтағанова денсаулығына байланысты көмекке мұқтаждығын жеткізді. Қайнар ауылының тұрғыны Хусайн Пайзуллаев тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін үйіргелік жер алуға өтінішін білдірді. Шұбарсулық Гүлмира Юсупова әлеуметтік жағдайын алға тартып, қызын балабақшаға жұмысқа тұрғызуға жәрдем сұрады. Сондай-ақ, Оразкүл Найманбай, Орынбасар Махамбетжанов, Сейткәрім Сегізбаев, Сапар Әбішұлы, Рауза Молдабек әкімнің қабылдауында болып, тілектерін жеткізді.

Айтылған өтініш-тілектер бойынша Самат Айдарханұлы орынбасарлары мен тиісті бөлім басшыларына Заң аясында шешу жөнінде тапсырма берді.

09.12.2016

Ардагер ата — 90 жаста

1-наурыз — Алғыс күніне орай, аудан әкімі Самат Айдарханұлы Сапарбаев Қажымұқан ауылының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері, ауданның Құрметті азаматы Сағындықов Сартбай қарияның отбасына арнайы барды. Тоқсан жасқа толуымен құттықтап, сый-сияпат жасады, ізгі ниетін білдірді. Қария ризашылығын айтып, батасын берді.

09.12.2016

Балдәурен тағылымды шара өтті

«Қызғалдақ» балабақшасының ұжымы көктем мерекесіне орай ерекше сайыс ұйымдастырды. Күнделікті бала тәрбиесімен айналысатын тәрбиешілер кіші қызметкерлермен қатар өзара бәйге өткізіп, бақ сынасты. Балабақша меңгерушісі Орынкүл Жәкей:

-«Тәрбие — тал бесіктен». Балаларымыз — ата-аналардың бізге сеніп тапсырған аманаты. Осы сенімді ақтау үшін ұжымда тәрбиешіден бастап жәй жұмысшыларға дейін еңбек етеді. Бүгінгі байқау осы ұжымдастардың жеке ізденісі, — дей келе, жиынның мақсатына тоқталып өтті.

«Нұрлы болашақ» пен «Бәйтерек» топтары сайыс шартына сәйкес жан-жақты өнерлерін көрсетті. Ұлттық тағамдар дайындалып, сырмақ сырылды. Ән айтылып, би биленді, тіпті актерлік шеберліктерін де көпшілікке паш етті.

Жеңіс ауыл округінің әкімі Ардақ Талдыбаев балабақша ұжымына жеке алғысын жеткізіп, істеріне сәттілік тіледі. Сонымен қатар, ауыл әлеуетін көтерер, ұлтжанды, отансүйгіш ұрпақ тәрбиеленіп шығатынына сенетінін жеткізді.

Ата-аналардың атынан сөз алған ауыл биі Айдархан Кемпірбаев пен ауылдық әжелер алқасының төрайымы Қалима Молдабекқызы іс-шараға өз бағаларын беріп, өз тараптарынан ұсыныстар айтты.

Айта кетейік, «Қызғалдақ» балабақшасы өз жұмысын 2004 жылы 40 баламен бастаған. Бүгінде бұл мекемеде 4 топта 80 бүлдіршін тәрбиеленуде, 19 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Г.Нұрмаханқызы.

09.12.2016

БӨГЕНДЕГІ ИГІ ІС

Көктемнің алғашқы күні Бөген ауыл округінде сенбілік өтіп, жасыл аймаққа бөлінген жерге ағаш отырғызылды. Ауыл әкімі Бектай Шәмет отырғызылатын сәндік тал көшетін 5 мыңға жеткізетінін айтты. Сондай-ақ, белгіленген тазалық айына орай, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ауылдың ішкі көшелерінің тазалығын жіті назарға алғандарын атап өтті.

07.12.2016