ОТВЕТЫ НА ВОПРОСЫ БЛОГА АКИМА

СҰРАҚ:

 Құрметті Жапарова Дана!

Сіз 2017 жылы «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие алуға өтініш білдіріп құжаттар ұсынғансыз, құжаттарыңыз комиссия отырысында қаралып 07.08.2017 жылғы №2 хаттамасына сәйкес Сізге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие беруден бас тартылған.

«Дипломмен ауылға» жобасының талаптары бойынша, маман сатып алатын тұрғын үйінің мекен-жайы жұмыс істеуге және тұруға келген ауылдың мекен-жайына сәйкес болуы қажет.

Сіз Көктөбе ауылыныда орналасқан Көктөбе ауылдық дәрігерлік амбулаторияда 17.07.2015 жылдан жұмыс істейсіз, ал халыққа қызмет көрсету орталығының анықтамасына сәйкес Темірлан ауылында 17.08.2015 жылдан тіркеліп тұрсыз, сатып алатын тұрғын үйіңіз Темірлан ауылында орналасқан. Яғни, тұрғылықты мекен –жайыңыз және сатып алатын тұрғын үйіңіздің орналасқан мекен-жайы жұмыс жасайтын мекемеңіздің мекен-жайына сәйкес емес болғандықтан комиссияның шешімі бойынша Сізге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие беруден бас тартылған.

Қағидаға сәйкес, аудан әкімдігінде құрылған комиссия мамандарға әлеуметтік көмек қолдау шараларын беру мәселелері туралы қарастырылғанда Қазақстан Республикасының заңнамаларына сай жағдайлардың әр түрлі өзгешеліктерін ескере отырып, тиісті және нақты шешім қабылдайды.