Информатизация мен байланыс

Аудан бойынша 57 елді мекендердің барлығы телефондандырылған. Ауданда 2015 жылдың төрт айына 5 048 телефон нүктесі бар. Халық игілігіне 16 АТС қызмет етуде. Аудандағы білім бөліміне қарасты 64 мектеп телефондандырылған, қазіргі таңда кең жолақты интернет жүйесіне 51 мектепқосылған.

Аудандағы 58 емдеу-профилактикалық мекемелердің 58-і телефондандырыл-ған.

Ауданда интернет желісі арқылы ID TV, теледидар 58 және 87 каналдарын көруге мүмкіндік бар, бүгінгі таңда 196 абонент қосылған.

Телекомуникация торабының халыққа қызмет көрсету табысы 2015 жылдың қаңтар-сәуір айларына 39 млн. 846 мың 820 теңгені құрады, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2млн. 969 мың 985 теңгеге кем орындалған (42 млн. 816 мың 805 теңге).

Ауданымызда 1 аудандық пошта торабы, 15 байланыс бөлімшесі және 2 байланыс пункті халыққа қызмет көрсетеді. Штаттық кестесі бойынша 54,2 бірлік, оның ішінде: әкімшілік басқарма персоналы 2 бірлік, өндірістік персоналы 54,2 бірлікті құрайды.

Аудан тұрғындарына пошта торабы биыл 2015 жылы қаңтар-сәуір айында 30 млн 266 мың 098 теңгенің қызметін көрсетті, немесе өткен жылмен салыстырғанда. 2 млн. 908 мың 050 теңгеге артты. (27 млн 358 мың 048 теңге).