15
12 / 2016

«Қайырымдылық жасасаң қайырымын өзің көресің» – деген екен дана халық. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі.

«Азаматарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясыОңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы «Жылулық сыйлау» қайырымдылық акциясын өткізді.

Биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ел көлемінде түрлі қайырымдылық жобалары қолға алынып жатыр. Соның бірі «Азаматарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ  Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «ХҚКО»департаменті  және ЖКжЖМТТ департаменті  «Жылулық сыйлау» қайырымдылық акциясын өткізді.

Шымкент қалалық белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығына барып, қыстық жылы киімдер табыстады.

Қазіргі уақытта қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған, көңілдерін шер, қабақтарын мұң басқан, әр адамнан қайырымдылық, жүректерінен жылулық сезімін күтетін жандар қаншама… Жан жылуын қажет ететін жандарға жылу сыйлап, оларға қамқорлық жасау – әрбіріміздің адамдық борышымыз. Осы мақсатта «Жылулық сыйлау» атты қамқорлық акциясы өткізілді.

«ХҚКО»департамент директорының орынбасары Жақыпбек Меңлібаевтың айтуынша, Қамқорлыққа мұқтаж әрбір жан бақытты болуға лайықты. Адам әр ісін шын жүректен, адал ниетпен, сергек сезіммен, ыстық ықыласпен бастап, саналы түрде қайырымдылыққа бағыттап отырса, өзін де, өзгені де қуанышқа бөлейді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметі