23
12 / 2016

Алкоголь өнімнің түп-нұсқасын тексер!

Ордабасы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Салық төлеушілердің назарына мынаны жеткізеді: Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті (әрі қарай –Департамент) облыс аумағында салауатты өмір салтын қалыптастыру және алкоголь өнімдерінің көлеңкелі айналымымен күресе отырып, бюджетке түсетін салық және басқа да міндетті төлемдердің түсімін арттыру мақсатында, алкоголь өнімдерінің есепке алу-бақылау маркасының бар болуы мен түпнұсқалылығын шынайылығынлерттеу негізінде, «Вайпонинг» ЖШС-мен 2016 жылдың 1-ші қазанымен 31-ші желтоқсан аралығында, арнайы акция өткізу бойынша  өзара бірлескен меморандум түзілді.

Меморандумның басты мақсаты –«Wipon» бағдарламасы арқылы алкоголь өнімдерінің еспке алу, бақылау маркаларын арнайы тексерулер түрінде,акцияларды жүргізу арқылы, облыс тұрғындары арасында кеңінен насихаттау жұмыстарын жүргізу болып отыр.

Акцияның негізгі мақсаты:

-алкогольдік өнімдердің көлеңкелі айналымымен күресуде азаматтық белсенділікті арттыру;

-салық төлеушілер арасында салықтық тәртіп ті жоғарылату арқылы бюджетке төленетін төлемдердің түсімін ұлғайту;

-көлеңкелі экономика мөлшерін азайту;

-кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікті көтермелеу болып табылады.

Сонымен қатар, бұл акциямен халықтың қызығушылығын ынталандыру үшін алдағы уақытта  «Wipon» бағдарламасын жиі қолданған тұтынушыны анықтап, жеңімпаздарды бағалы сыйлықтар және Алғыс хаттармен марапаттау алға қойылған.

Бүгінгі таңда департамент тарапынан , акция өткізудің негізгі тәртібі мен алғышарттарын белгілейтін және акция өткізу барысында туындайтын барлық сұрақтардың жауаптары қамтылған арнайы ереже дайындалып бекітілді. Сондай-ақ, облыс тұрғындарының назарына  «Wipon» бағдарламасын смартфондарға орнату, оны қалай қолдану туралы ақпараттары қамтылған арнайы бейнеролик дайындалып, облыс аумағын ақпараттармен тұтас қамтитын жергілікті «Қазақстан-Шымкент» теле арнасында 2016 жылдың соңына дейін көрсетіледі.

Осыған орай, «Wipon» бағдарламасын аудан тұрғындарына таныстыра отырып, бұл бағдарламаны орнатқан,  акцияға қатысушы әрбір тұлға  алкоголь өнімдерінің есепке алу бақылау маркаларын сканерлеу және марка нөмірі арқылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің дерекқорында болуын тексеруге мүмкіндігі бар. Яғни бұл бағдарламаны смарфонға орната отырып оңай түрде, әр сауда нүктесіндегі алкоголь өнімдерінің түпнұсқалылығын тексеруге болатыны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

 

 

 

 

Шоу бизнес өкілдері де салық төлеуге міндетті!

     Қазіргі уақытта  салық төлеушілер мен бизнес өкілдеріне жасалып жатқан жеңілдіктер мен кепілдіктер сан алуан. Бизнесті жүргізуге және салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін үстіміздегі жылдың бірінші қаңтарынан бастап Салық кодексіне, сонымен қатар, мүлікті жариялауға байланысты заңға да өзгерістер енгізіліп, оның мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылды. Соның нәтижесінде қаншама субъектілер төленбеген салық жауапкершілігінен босатылып, жылжымайтын мүліктерін заңдастыратын құқыққа ие болды.

    Яғни, мемлекет тарапынан жасалып жатқан мұндай жеңілдіктер өткенге кешірім жасау арқылы болашаққа сеніммен қадам басуға зор мүмкіндіктер беріп отырғаны ақиқат. Соған қарамастан, салық төлеуден және мүлкін жария етуден жалтарып, көлеңкелі бизнестің ықпалынан шыға алмай жүргендер әлі де аз емес. Бұл мәселе, әсіресе, әнші, тойшыл және ойыншыл қауымның ішінде кең өріс алып отыр. Олар – мәдениет пен шоу бизнес (асаба, әнші, биші, бейне таспаға түсіруші, суретке түсіруші, продюсерлік орталықтар, салтанатты кештерде  қызмет көрсететін автокөліктер, безендірушілер, музыкалық аппаратта ойнайтын ансамбль және сахналық, ойын сауық кештерді ұйымдастырушылар) саласында қызмет жасайтын тұлғалар. Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылының өзінде 4 тойхананың өзінде асаба, бейне таспаға түсіруші, суретке түсіруші, музыкалық аппаратта ойнайтын ансамбль және сахналық сауық кештерді ұйымдастыру қызметтерін көрсететін жеке тұлғалар жоқ емес және тіркелуді міндет деп санамаған.

ҚР-ның қолданыстағы заңнамаларына cәйкес жыл ішіндегі жеке тұлғаның табысы ең төменгі айлық жалақының 12 еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда мұндай тұлға міндетті түрде дара кәсіпкерлік субъек­тісі ретінде мемлекеттік тіркеуден өтуге тиісті. Өздеріңізге белгілі, биылғы жылы ең төменгі айлық жалақы 22859 теңге болғанын­ ескерсек, 2016 жылы шекті табыс мөлшері 274308 теңге болып отыр. Яғни, жыл ішінде осы мөлшерден астам кіріс тапқан әрбір азамат­  Мемлекеттік кірістер органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс.

Ордабасы ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс  басқармасы аудан, ауыл әкім­дері­нің салық базасын кеңейту­ мақсатында,  әртүрлі қызмет түрлері­мен айналысып, белгілі бір мөлшерде табыс тауып, Мемлекеттік кірістер органдарына кәсіпкер ретінде тір­келмей жүрген тұлғаларды анықтау жұмыстарын жүргізуде. Өздеріңіз күнделікті көріп жүргендей, Ордабасы ауданында жолаушыларды тасымалдау (такси) қызметімен айналысып жүрген тұлғалардың қатары күн санап­ көбею­де. 2013 жылға дейін осы такси қызметі, жүк тасымалдау, басқа да автокөлікпен халыққа қызмет көрсететін тұлғалардан бюджет­ке алым жинауды «Бір жолғы талондар  негізіндегі алымдарды жинау орталығы» Мемлекеттік мекемесі атқарды. Аталмыш мекеме таратылғаннан бергі уақытта автокөліктермен қызмет көр­сететін тұлғалардан салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді бюджетке өндіру мемлекеттік кірістер органының  құзыретінде  болып отыр.    Ауданымызда арагідік такси қызметін пайда­ланып тұрамыз. Олардың басым бөлігі мемле­кеттік кірістер басқармасында дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өтіп, өз кәсіп­керлігін заңға сәйкес атқаруда. Себебі, ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі  №767 «Автомобиль көлігі мен жолаушыларды тасыма­лдау туралы» қаулысының талаптарына сәйкес жолаушыларды тасымалдау қызметімен айналысушы тұлғалар міндетті түрде мемлекеттік кірістер органдарында мем­лекеттік тіркеуден өту талабы қойылған. Дегенм­ен, ауданда бұл заң талаптарын орындамай, яғни заңсыз такси қызметімен айналысып жүрген тұлғалар бар екендігі Мемлекеттік кірістер қызметкерлерінің әкімшілік полиция қызметкерлерімен бірлесіп жүр­гіз­ген арнайы рейдтер кезінде анықталды. Осындай атқарылған шаралардың нәтижесінде 2016 жылы жеке авто көлік жолаушы тасымалдау қызметін атқаратын тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өтуде.

Ал енді асаба, тойларда өнер көрсететін топқа тоқталатын болсақ, бәріміз тойға барамы­з немесе той жасаймыз. Сол тойларда­ асабаның деңгейіне қарай ақы төлейміз. Жоғары­да айтып өткенімдей, жыл ішіндегі шекті табыс мөлшерінен асатын табыс тап­қан тұлға міндетті түрде МКО-да дара кәсіп­кер субъектісі ретінде мемлекеттік тіркеуден  өтуі  қажет.

Мемлекеттік кірістер басқармасына жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 463 бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасау нысаналары және (немесе) құралы тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатынын ескертеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлық

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ.

Сыбайлас жемқорлық кеселінен бірде–бір мемлекет айналып өткен емес. Бұл – қоғамдық аса қауіпті дерт, ол мемлекеттің негізін, іргетасын шайқалтып, заңсыздықтарға, әлеуметтік теңсіздіктерге жол ашады, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді. Ол өз кезегінде биліктің беделіне нұқсан келтіреді, азаматтардың заңды құқықтары мен мүделерін аяқ асты етеді, мемлекеттік мекемелердің қалыпты қызметіне кедергі келтіре отырып әлеуметтік теңдік принциптерінің бұзылуына әкеп соғады.  Көптеген адамның осы тұрғыда қылмысқа барып, қолға түскеннен кейін ғана жасаған әрекетінің жөнсіздігін білетін, сан соғып қалатын кезі жиі кездесуде. Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды, әркім қолымен жасағанды мойнымен көтереді.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік бәсекеге қабілеттігін айтарлықтай төмендететіні, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді жүзеге асаыыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне нұсқан келтіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық бастауларына және заң мен шындыққа, билікке деген сенімін әлсіретеді. Қазіргі таңда мемлекет басшысының бастамасы бойынша басталған әкімшілік және конститутциялық реформаларды іске асыру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл әкімшілік реформалардың мәні мен мазмұны  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге, азаматтардың құқықтары  мен бостандықтарын қорғау жүйесін одан әрі нығайтуға бағытталған.

Елбасы жыл сайынғы жолдауларына «Демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес ерекше мәнге ие болды» деп атап көрсеткен. Яғни, бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күрес үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын құқықтарын түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарына қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс қолдану керектігінің нақты жолдарын білулері қажет.  Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Азаматтық қоғамның барлық институттарының күш-жігерін біріктіріп, сыбайлас жемқорлықты тоқтатудың халықаралық төжірибесімен барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Осыған байланысты Ордабасы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы аталған заң талаптарын орындау барысында тиімді күрес жүргізіп келеді деуге болады.

Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдардың немесе оларға теңестірілген адамдардың мынадай әрекеттері игіліктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылар болып табылады. Басқа мемлекттік органдардың, ұйымдардың қызметіне заңсыз араласу; Аталған адамдардың не олардың жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандыруға байланысты мәселелері шешу кезінде өздерінің қызметтік өкілеттілігін пайдалану;  Мемлекеттік және оған теңестірілген қызметке кірген және онда жоғарылатылған кезде заңда көзделмеген артықшылықтар беру (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық); Шешімдер әзірлеу мен қабылдау кезінде жеке және заңды тұлғаларға заңсыз артықшылықтар көрсету; Кімге болса да табыс алуға байланысты кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыруда заңдарда көзделмеген кез келген ақпарат беру; Жеке немесе заңды тұлғалардың табыс етуі заңдарда көзделмеген ақпаратты олардан талап ету; мемлекеттік қаржы ресурстары мен материалдық ресурстарды жекелеген кандидаттардың немесе қоғамдық бірлестіктердің бағалау қорын көру; Аталған тұлғалардың арыз-өтініштерін қараудың және өз құзыретіне кіретін өзге де мәселелерді шешудің заңда белгіленген тәртібін әлденеше рет бұзу;

Жоғары тұрған ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып  мүліктік пайда, игіліктер не артықшылыъқтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтар тарту және өкілеттілігінен тыс қызмет көрсету; Мемлекеттік қызметтерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдардың немесе оларға теңестірілген адамдардың сыбайлас жемқорлық көріністері бар құқық бұзушылықтарды жасауды, егер онда қылмыстық жазаланатын әркеттердің белгілері болмаса, қызметінен төмендетуге қызметінен босатуға немесе мемлекеттік міндеттерді атқарудан өзге де түрде босатуға не заң белгіленген тәртіппен өзге де тәртіптік жаза қолдануға алып келеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асырушы органдар деп барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарөз құзіреті шегінде  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті делінген. Сондықтан мемлекеттік қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу, онымен күрес жүргізу басты міндет болып табылады.