23
12 / 2016

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 26 шілдедегі № 12-VІ ҚРЗ

Салық кодексінің 14, 20, 77, 557 и 627 баптарына өзгерістер енгізілді. Мәселен, шетелден қаржы алатын азаматтық және заңды тұлғалар бұдан былай мемлекеттік кірістер органдарына есеп беруге міндеттеледі. Осыған орай,Қазақстан әлемдегі дамыған 30 елдің стандарттарына көше отырып, шетелдік қаржыландыруға қатысты салық бақылауын кеңейтуді көздеп отырғанын жеткізді. Еліміздің әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру тұжырымдамасын жүзеге асыру бағдарында ел ішінде саяси, экономикалық және әлеуметтік жаңаруларға қолайлы жағдай туғызу, халықаралық қауымдастықта ұлттық мүддемізді қорғау басты басымдықтарымыздың бірі болып қалмақ. Осы орайда, жаңа заңның қабылдануы алға қойған мақсат-мұраттарымызды іске асыруда міндетті қадамдардың бірі болып табылады.

14-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылды.
      «1-1. Тұлғалар және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері:
1) ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алушының қызметі:
заңдық көмек көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпарат беруге, азаматтармен ұйымдардың мүдделерін қорғауға және білдіруге, сондай-ақ оларға консультация беруге;
қоғамдық пікірге сауалнамаларды, әлеуметтанушылық сауалнамаларды (коммерциялық мақсатта жүргізілетін қоғамдық пікірге сауалнамалар мен әлеуметтанушылық сауалнамаларды қоспағанда) зерделеуге және жүргізуге, сондай-ақ олардың нәтижелерін таратуға және орналастыруға;
аталған қызмет коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, ақпаратты жинауға, талдауға және таратуға бағытталған жағдайда, салық органдарын уәкілетті орган белгілеген мөлшерден аспайтын мөлшерде шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде хабардар етуге;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген жағдайда, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді салық органдарына ұсынуға міндетті.
Осы тармақта көзделген талаптар:
1) мемлекеттік мекемелерге;

2) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, Қазақстан Республикасының Парламенті және мәслихаттар депутаттарына (өз қызметін босатылмаған негізде жүзеге асыратын мәслихаттар депутаттарын қоспағанда), әскери қызметшілерге, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне;
3) екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру ұйымдарына;
4) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, мониторингке жататын ірі салық төлеушілерге;
5) мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары мен халықаралық мектептерге;
6) адвокаттық, нотариаттық қызметті, жеке сот орындаушыларының, медиаторлардың, төрешілердің, бағалаушылардың, аудиторлардың қызметін жүзеге асыруға байланысты алынған ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
7) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне;
8) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктеріне, шет мемлекеттің консулдық мекемелеріне, сондай-ақ олардың қызметкерлеріне;
9) спорттың ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлерін дамытуға, дене шынықтыру мен спортты қолдауға және ынталандыруға бағытталған, сондай-ақ спорттық іс-шараларды, оның ішінде халықаралық спорттық жарыстарды, спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
10) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
11) емделудің ақысын төлеу немесе сауықтыру, профилактикалық рәсімдерден өту мақсатында алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
12) сыртқы сауда келісімшарттары бойынша пайда түрінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
13) халықаралық тасымалдарды ұйымдастырғаны және жүзеге асырғаны үшін, халықаралық пошта байланысы қызметтерін көрсеткені үшін алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшарттар шеңберінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
15) төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалғанын растайтын құжаттар болған кезде, төлем көзінен бұрын осындай салық салынған дивиденттердің, сыйақылардың, ұтыстардың сомаларына;
16) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өзге де жағдайларға қолданылмайды.
1-2. Осы баптың 1-1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалар шет мемлекеттердің, халықаралық және шетелдік ұйымдардың, шетелдіктермен азаматтығы жоқ адамдардың қаражаты есебінен жариялайтын, тарататын және (немесе) орналастыратын ақпарат пен материалдарда тапсырыс берген тұлғалар туралы мәліметтер, ақпарат пен материалдардың шет мемлекеттердің, халықаралық және шетелдік ұйымдардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қаражаты есебінен дайындалғаны, таратылғаны және (немесе) орналастырылғаны туралы нұсқау қамтылуға тиіс.»;


      Сонымен қатар аталған Заңның 77 бабында «Салық тіркелімі – салық төлеушінің (салық агентінің) салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақша және (немесе) мүлік туралы, сондай-ақ осы Кодекстің 14-бабының 1-1-тармағына сәйкес көрсетілген ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жұмсауы туралы мәліметтерді қамтитын құжаты.»;
4-тармақтың 7) тармақшасындағы «қызметтері жөніндегі ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы.» деген сөздер «қызметтері;»  деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылды.
«8) шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алу жөніндегі, сондай-ақ көрсетілген ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жұмсау жөніндегі ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы.»;
4-1-тармақтың 4) тармақшасындағы «алу бойынша ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы.» деген сөздер «алу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылды.
«5) шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алу, сондай-ақ көрсетілген ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жұмсау бойынша ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы.»;

 

   6) 581-баптың бірінші бөлігінде:
«1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін, арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығаруды қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банктік шоттардан, бейрезидент заңды тұлғалардың, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақ шоттарынан, шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттарынан, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банктік шоттардан, нотариус депозиті шарттарында ақшаны есепке жатқызуға арналған ағымдағы шоттардан, эскроу-шоттардан басқа, бейрезидентті қоса алғанда, салық төлеуші заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдік пен азаматтығы жоқ адамға банктік шоттар ашу кезінде уәкілетті органды олар ашылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, хабарлардың кепілдікпен жеткізілуін қамтамасыз ететін телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы, көрсетілген шоттардың ашылғаны туралы хабардар етуге міндетті.»;
3) тармақшаның екінші бөлігіндегі, 3-1) тармақшаның екінші және үшінші бөліктеріндегі «құжатының акцептінен» деген сөздер «құжатын орындаудан» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 609-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылды.
      «2) салық төлеушінің (салық агентінің) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның банктік шоттары бойынша (корреспонденттiк шоттарын қоспағанда) шығыс операцияларын тоқтата тұру;»;
   8) 615-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылды
«Осы тармақтың ережелерi Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызметі, сақтандыру қызметі, атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі, зейнетақымен қамсыздандыру, төлемдер және төлем жүйелері, міндетті әлеуметтік сақтандыру, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру, инвестициялық қорлар туралы заңнамалық актілеріне сәйкес өндiрiп алуға жол берiлмейтiн банктік шоттарға қолданылмайды.»;

 

     
      165-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылды.
«Осы тармақтың ережелері банк берген қарыздар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын, көрсетілген қарыздың өтелмеген негізгі борышы мөлшеріндегі ақша сомасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру, банктер және банктік қызметі, сақтандыру қызметі, атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі, төлемдер және төлем жүйелері, міндетті әлеуметтік сақтандыру, инвестициялық қорлар туралы заңнамалық актілеріне сәйкес өндіріп алуға жол берілмейтін банктік шоттарға қолданылмайды.».