28
12 / 2016

Бөген ауыл округі әкімі Б.Шәметтің «Бөген аумағының 2016 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуының қортындысы және 2017 жылға алда тұрған міндеттері туралы» аумақ тұрғындары алдында есепті баяндамасы

Ауыл округінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты деген негізгі көрсеткіштермен алдағы міндеттерге тоқталып өтсем.

 

Бюджеттік – салықтық саясат саласы.

         2016 жылға бюджетіне  44 млн 094 мың теңге қаралған,игерілгені 44 млн 094 мың теңге  100 %-ке игерілді.

 

Ауыл округі бойынша  салық жөніндегі  2016 жылға  тапсырманың орындалуы.

Мүлік салығы 305 мың теңге жоспарланып,305,4 мың теңге түсіп,100,2 пайызға орындалды.

Жер салығы 225 мың теңге жоспарланып,225,4 мың теңге түсіп,100,2 пайызға орындалды.

Көлік салығы 1 млн.600 мың теңге жоспарланып, 1 млн.900 мың таңге түсіп,118,7 пайызға орындалды.

Ауыл шаруашылығы мен жер мәселесі.

Аумақ халқы негізінен егін және мал шаруашылығымен айналысады.

Шаруашылық –кәсіптік инфрақұрылымы.

1.Өндірістік кооп –7

2.Серіктестіктер –20

3.Шаруа шаруашылықтар-468

Жер көлемі –20452 га    

Оның ішінде суармалы-4036 га

Ауыл дихандары 2016 жылы  320 гектар Дәнді жүгеріден 45 центнерден,жалпы өнім 14400 тн ,Күнбағыстан 222 гектар егіп, 13 центнерден,жалпы өнім 2866 тн, Бақшадан 100 гектар егіп,220 цн.жалпы өнім 2200 тн.Картоптан 31 гектар егіп,185 цн.Жалпы өнім 555 тн.Көкөністен 94 гектар егіп, 210 цн. Жалпы өнім 1974 тн.Мақта 702 га егіп,1755тн,бір гектардан 25 цн өнім алынды.

 

        2016 жылға: минералды тыңайтқыш бөлінгені – 498 тн. Толық  100 пайыз алынды.

        Жанар-жағар май көлемі:  наурыз айына 100 тн,сәуір айына 100 тн,мамыр айына-80 тн алынды.

        2016 жылы  5 жаңа техника алынды.

МТЗ 1221  трактор          1 дана

МТЗ-892 . трактор           1 дана  

МТЗ-80,2 трактор            2 дана    

        Терең қопсытатын соқа     1 дана

 

Өнеркәсіп,кәсіпкерлік  саласы.

         Ауылда екі наубайхана жұмыс істеп тұр.Күндігіне  300-400 дей нан өнімдерін

шығаруда.Ауыл округінде  жеке кәсіпкерлер Б.Айнекбаев,Ш.Юсупов   650 бас ірі    

қара және 100 жылқы бордақылауда. Астана,Алматы,Шымкент қалаларына   

өткізілуде.

Елді мекендерде облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес 6 айда  1 кәсіпкер 2.5 млн   

теңге «Ырыс» ШНҰ-нан және  Жұмыспен қамту 2020 жол картасы  бағдарламасы бойынша  4 кәсіпкер мал бортақылауға  несие алды.

«Арнұр Кредит» ШНҰ-нан 12 кәсіпкер 14 млн. теңге , «КМН» шағын несие ұйымынан  60 кәсіпкер 12 млн.теңге несие алып  кәсібін жүргізуде.

Бөген ауылының тұрғындары кәсіпкерлер Мусаев Нурлан,Әлімқұлов Ағабек ірі қара мал және  Көжекбаев Жақсыбек  алған несиесіне бордақылауға  1 отар қой алып бордақылауда.

Аумақта шағын және орта бизнес саласы бойынша жұмыстар жасалуда.

 

Өз қаржысы есебінен Пернебек Бағдат арзандатылған ұн-макорон т.б тауарлар сататын дүкен ашып,көтерме бағамен кәсібін жүргізуде.

   Елді мекендерде облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес 2016 жылы бес кәсіпкер «Ырыс» ШНҰ-на және 2020 бағдарламасы  бойынша несие алып,шағын мал бордақылау алаңдарын ашты.Сыбаға бағдарламасы бойынша Жұмабаев Олжас 3 бас асыл тұқымды бұқа,Шажилдаев К 1 бұқа  және Арзықұлов Р.У  2 бұқа алып асылдандыруда.                    

Аумақта шағын және орта бизнес саласы бойынша жұмыс жасауда.    

Дүкен 15,Дәріхана 2,Наубайхана 2,Ағаш ұстаханасы 2,Дүнгіршек 4,Мақта пункті 4,Желімдеу 2,Жанар жағар май құю станциясы 1,Мона 1,Кафе 4,Тойхана 1,Мал бордақылау алаңы 9,Мал дәрігерлік дәріхана  жұмыс істеп тұр. Ветеринария саласы.

 

Бөген аумағында Ірі қара 3315 бас,Уақ мал 14194 бас,Жылқы 502 бас,Түйе 102 бас,Үй құстары 1490 дана бар.

2016 жылы, ауыл округі бойынша 176- қанғыбас ит ,4-мысық жойылды.Жұқпалы ауруларға қарсы вакциналар егу 100 пайызға орындалды.Сырғалау, жоспар 561 мың тенге, толығымен құйылып тапсырма орындалды.   Ірі қара малдарды қолдан ұрықтандыру  бағытында 1 қолдан  ұрықтандыру бекеті жұмыс  жасауда Ағымдағы жылы 400 ірі қара малды қолдан ұрықтандыру  тапсырмасы беріліп, бүгінгі таңға 400, бас ірі қара қолдан ұрықтандырылды .                                                                      Наурыз айында төмендегі ауру түрлеріне қарсы вакцина егілді.

«Ящур»ауруынаІрі қараға1805 бас ,Уақ малға 4448 бас. «Сібір жарасы»аурына Ірі қараға 1720 бас,Уақ малға 8010 бас,Жылқы 230 бас,Түйе 60 бас. «Эктима» ауруына Уақ малға 609 бас дәріленді.«Туберкулезге»  790 бас қара малға алергиялық тексеру жүргізілді. «бурцеллез» ауруына қан сынамасы : 1922 бас ірі қарадан,6087 бас уақ малдан алынып, лабораторияға өткізілді.Оң белгі бергендері жоқ.

 

Құрылыс,көгалдандыру-көріктендіру,санитарлық тазалық

Бөген  елді мекенінің жер асты суы деңгейін реттеп отыратын, 11 дана тік дренажды  ұнғымаларды қайта құрып,іске қосу жұмыстары ұйымдастырылуда.   Бұдан басқа, «Ордабасы ауданының Бөген ауыл округінің аумағындағы 44 дана тік дренажды ұнғымаларды іске қосу» жұмыс жобасына мемлекеттік сараптаманың  оң қорытындысы алынып, 2015 жылдың бағдарламасына енгізіліп жұмыстары басталып,оның ішінде 42 дана тік скважина іске қосылуға дайын.  Елді мекендерді көріктендіру көгалдандыру жөнінде іс-шаралар жоспары жасалынып,біршама жұмыстар атқарылды. Көктем-Күз  айларында отыз екі рет сенбілік өткізіліп  296  тонна күл қоқыс шығарылды.Жеке кәсіпкер Наурызбаев Өркен  КУН-10 артқыш құралы бар тракторы және Газ-53 машинасымен  жеке тұлғалар, кәсіпкерлермен келісім шарт жасасып күл-қоқыс шығаруда.

 «Жаса 4» ЖШС Бөген ауыл округінде қатты тұрмыстық қалдықтар шығару қызметін 2016 жылы мамыр айынан бастап, әр аптаның бейсенбі күні, айына 4 рет қызмет көрсетіп келеді. Әр аптада сенбілік жасап  10 000 түп ағаш көшеттері, 1500 түп «роза гүл» көшеттері отырғызылды.

  – Бөген ауылындағы Бейбітшілік және Б.Садуахасов көшеселеріне асфальт төселді.–Ж.Бименұл және Қ.Жарқынбеков көшелеріне  асфальт төсеуге құжаттар дайындалып, облыстық бюджеттен қаражат қаралады деп күтілуде.

 – Балалар алаңшасы ашылды.

– М.Әуезов көшесінің бойынан балалар мектепке баратын аяқ жол салынды.

 

Білім, әлеуметтік сала,мәдениет,спорт және қоғамдық ахуал мәселелері.

Бөген елді мекенінде Б,Кенжебаев ЖОМ, 2 бала бақша жұмыс істеуде.

ҰБТ –қорытындысы бойынша мектептің орташа балы 63,5.Былтыр 72,1 болған.«Балдырған» бөбекжай балабақшасы 2005 жылы қараша айынан жұмыс істеп  келеді. Санитарлық талаптарға сай. Одан басқа ауылымызда жеке меншік 60 орындық «Нұр –Бекарыс» балабақшасы бар. Онда 9 тәрбеші,13 кіші қызметкер жұмыс істеуде.   «Жігіт сұлтаны» байқауы, Тұңғыш Президент  күніне орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» әншілер мен ақындар сайысы ұйымдастрырылды,  Президент күніне орай көңілді тапқырлар клубтары арасында «Жайдарман»   маусымашар фестивальі өтті.    

 

Ауыл округіндегі 2 стадионда 26  спорттық іс шаралар ұйымдастырылып,  1825  адам қатысты.Ауылда «Бимен ата» мешіті жұмыс істеп тұр. Бас имам Сарыпбек  Шамшидин.Мешітте жұма намаз ,құрбан айт,ораза айттарда намаз оқылып тұрады. Мешітте теріс ағымдарға қарсы уағыздар айтылады.

Денсаулық саласы

Аумақта  1 дәрігерлік амбулаторияда 3 дәрігер, 9 мед бике  жұмыс атқарады. Емхана сымтетікпен және көлікпен қамтылған.

Әскерге шақыру

Бөген аумағынан Көктем,Күз айларына 100 балаға шақырылып,оның 5 бала әскер қатарына алынды.

 

Кадрлық саясат, сыбайлас жемқорлық, заң бұзушылық және қылмыс

 

    Ауыл округі әкімі аппаратында штат кестесімен 7 мемлекеттік қызметкер жұмыс жасайды,оның ішінде 1-і  әйел. Бос лауазым жоқ. Білім деңгейі : жоғары білімі барлар – 5, арнаулы орта білімі барлар -2

       2016 жылы  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»  6мәрте және «Нашоқорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес» тақырыбында  5 мәрте жиналыстар өткізіліп,хаттамалар толтырылды.  

Бөген ауыл округінде  бір учаскелік инспектор Қаратаев Асқар Қозыбағарұлы  жұмыс жасауда. Кешкі уақытта әкімшілік,жастар орталығы ,учаскелік полиция  қызметкерлерімен бірлесіп рейд жұргізіліп тұрады.  Жалпы тіркелген қылмыс  саны-22,оның ішінде мал ұрлығы -10 ,ашылғаны – 4  ашылмағаны -6 .

Қылмыстық Кодекстің 296 бабы бойынша -2 қылмыс болған,екеуіде ашылған, 300 бабы бойынша -1 ,Ұрлыққа оқталу бойынша -1, Зорлау 226 бабы бойынша -1 азамат қылмыс жасалынып,бәрі ашылған. Заң  бұзушылыққа толтырылған  хаттама -50,  өнген  айыппұл – 212 мың 461 теңге.

 

Ұсыныс пікірлердің  орындалуы

2015 жылы есеп беру барысында  жалпы ауыл тұрғындарынан  7 ұсыныс пікір тұсіп,барлығы дерлік сараланып,іске асыру іс шаралар жоспары бекітілген. 7 ұқсыныс пікірдің 4 нақты шешімін тауып,3 тұрақты бақылауға алынған.

 

2017 жылы атқарылатын  жұмыстар

  1. Бөген ауылы,Кенжебаев көшесіне өрнекті арка орнатылады.
  2. Б.Кенжебаев ,М.Әуезов көшелеріне 8 дана 2х3 көлемде биіктігі 5 м билборттар орнатылады.
  3. Кемер ауылдарына жарықтандыру жұмыстары  жүргізіледі.
  4. Бейбітшілік көшесіне жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.
  5. Мәдениет үйінің алдына бұрқасын  фонтан орнатылады.
  6.  Б.Кенжебаев көшесіне көріктендіру жұмыстароы жүргізіледі 4 млн.770 мың теңгеге.
  7. Бименұлы,Жарқынбеков көшелерін асфальтау жұмыстары жүргізіледі.
  8. Жарықтандыруға 1 млн.73 мың теңге.