28
12 / 2016

Төрткөл ауыл округі әкімі Ө.Мұхтарханның «Төрткөл ауыл округінің 2016 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2017 жылғы алда тұрған міндеттері туралы» ауыл округі тұрғындары алдында есепті баяндамасы

Ауыл округіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты деген негізгі көрсеткіштермен алдағы міндеттерге тоқталып өтсем.

 

Бюджеттік-салықтық саясат

     2016 жылы Төрткөл ауыл округі әкімі аппаратына  бюджеттен қаралған    101,2 млн   теңгенің  96,25 млн теңгесі игерілді, 4,950 млн үнемделген қаржы.

    Жалпы салықтардың түсімі бойынша жер салығы жоспары 968 мың теңгенің орнына 992,975 мың теңге түсіп, 100,6 пайызға, мүлік салығы жоспары 1,302 млн теңгенің орнына 1,353 млн теңге түсіп, 100,3 пайызға  көлік салығы жоспары 6,831 млн теңгенің орнына 6,900 теңге түсіп, 100 пайызға орындалды.

   Жергілікті өзін-өзі басқару функциялары бойынша- Жеке және заңды тұлғалардың ерікті алымдары жоспар-334,0 мың теңгенің орнына-374,0 мың теңге түсіп, жоспар 112 пайызға, сыртқы /көрнекті/ жарнаманы орналастырғаны үшін жоспар-16,0 мың теңгенің орнына- 20,0 теңге түсіп, жоспар 125 пайызға, меншікті жалға беруден түсетін кірістер жоспар-37,0 мың теңгенің орнына- 45,0 мың теңге түсіп, жоспар 121 пайызға, төлем көзіне салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы жоспар-484,0 мың теңгенің орнына 1,558млн түсіп  322 пайызға орындалды.

 

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының егін саласы бойынша 5 млрд. 849 млн.  теңгенің өнімі өндірілді.

        2016 жылы егілген ауылшаруашылық дақылдары-9961 га, оның ішінде: Мақта  5130 га, бақша 400 га, көкөніс 600 га, күнбағыс 700 га, картоп 30 га, жүгері 800 га, жоңышқа жаңа  901 га,  ескі жоңышқа  1300 га, бидай 100га, айдалған пар-100га, игерілмеген жер-270га. Барлық өнімдер жиналып орташа 1 гектарына  жүгері-45цн, мақта-25цн, күнбағыс-15цн, көкөніс-310цн, бақша-240цн, картоп-190цн, жаңа жоңышқа-85цн, ескі жоңышқа-91цн, бидай-50цн жалпы өнім 5мрд 849 млн теңгені құрайды.

«Агроөнеркәсіп кешенін 2011-2015 жылдарға дамыту бағдарламасы» аясында қабылданған үш жақты келісім шарттың орындалуын баяндап өтсем.

Ауылшаруашылық жерлерді терең қопсыту тапсырмасы:  2016 жылы «Төрткөл агро» АШӨК   280 мың теңгеге терең қопсытуға  арналған соқа алып 1680 га жер айдалып, жоспар 112 пайызға орындалды. 2016 жылдың 12 мамырында  ауылшаруашылық саласы бойынша жерді терең қопсытудың тиімді жағы туралы  «Рамазан агро» ЖШС-нің егістік алқабында облыстық семинар өткізілді.

Жеңілдетілген минералды тыңайтқыш: Ауыл округі бойынша 2016 жылы жылдық жоспар- 2670тн, алынғаны-2486 тн.

Жанар – жағар май:  2016 жылы жылдық жоспар -960тн, алынғаны-810тн.

Ірілендіру тапсырма орындалуы-  Ауыл округінде 1105 ұсақ шаруалар 5 ірі СТК шаруашылыққа іріленді. «Жәрдем» СТК 866  шаруашылық, «Өркендеу» СТК 106 шаруа қожалық, «БАҚ» СТК 12 шаруа қожалық, «Нұр Әділет» СТК  56 шаруа қожалық, «Көмек 2030» СТК 47 шаруа қожалық, ЖШС – 7, ӨК – 5, «Төрткөл агро» АШӨК-1, барлығы әділет басқармасына тіркелген. Барлығы 100 пайызға іріленген.              

Техникаларды жаңарту тапсырмасының орындалуы – 2016 жылдық жоспар  10-дана,  жалпы саны 10  техника алынды. Атап айтқанда: Беларус доңғалақты трактор-2 дана, шөп баулағыш-2 дана, чизель-1 дана, сеялка-3 дана, доминатор-2 дана барлығы 10 дана.

Ірі қара мал шаруашылығында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2016 жылы нақты 210 (тапсырма 150) бас аналық және 7 (тапсырма 5) бас асыл тұқымды бұқа алынып, тапсырма 140 пайызға орындалды.

«Құлан» бағдарламасы- тапсырма 1 бас асыл тұқымды жылқы, орындалуы 0 пайыз.

«Алтын асық» бағдарламасы 400 пайызға (тапсырма 5 бас  асыл тұқымды қошқар, нақты 20 бас асыл тұқымды қошқар) орындалды. Оның ішінде «Құдияр ата» шаруашылығы Бөржар ауыл округі «Сабыр» шаруа қожалығынан  20 асыл тұқымды қошқар алып,  600 бас аналық қойын асылдандырып жұмыс жасауда.

         Шағын құс фермаларын ашу: Төрткөл ауылы тұрғыны Омар Арыстан ауласынан шағын құс фермасын ашып, 400 тауық асырауда.

 

Табынға асыл тұқымды бұқа алу тапсырмасы- Жоспар 3 бас асыл тұқымды бұқа 100 пайызға орындалды. Атап айтқанда жеке кәсіпкер М.Избасаров 3 бас «Ақ бас» асыл тұқымды бұқа алды.

Округ бойынша 3 бірлік 10-15 бастық жанұялық фермалар іске қосу тапсырылып, 3 бірлік 10-15 бастық жанұялық фермалар жеке азаматтар іске қосып, жұмыс жасауда. (100 пайызға орындалған).

2014-2016 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту іс-шаралар жоспарына сәйкес 2016 жылы 10-15 басқа арналған 45 мал бордақылау алаңдарын ашу тапсырмасы беріліп,  45 мал бордақылау алаңдары ашылып тапсырма 100 пайызға орындалды. Оның ішінде 7 азамат ауылшаруашылық қаржылай қолдау қорынан 18,5 млн теңге несие алып жұмыс жасауда. Қалған 38 азамат өз қаражаты есебінен мал бордақылауда.

Ірі қара малдарды қолдан ұрықтандыру бағытында жоспарланған 1065 бас ірі қара малдың 1071 басы қолдан ұрықтандырылып, тапсырма  100,6 пайызға орындалды.   

 

ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫ

   Эпизоотияға қарсы іс-шаралар: Көктемде 10067- ірі қара, жылқы, түйе  бүркілді, 33585-уақ мал тоғытылды және 229183 шаршы метр  жер өңделді. Конго Қырым қанды қызбасына қарсы санитарлық қорғау аймағы 300000 ш/м жер өңделді және де шегірткеге қарсы 210 га алқап химиялық дәрілер шашылып,өңделді.   Күзде 10414- ірі қара мал бүркілді, 34210-уақ мал тоғытылды және 229183 шаршы метр  жер өңделді.

Аудан тұрғындарын құтыру ауруынан қорғау мақсатында 2016 жылы ауыл округі бойынша  қаңғыбас 512 ит, 10 мысық жойылды.  

Көктемде 10067- ірі қара, жылқы, түйе  бүркілді, 33585-уақ мал тоғытылды және 229183 шаршы метр  жер өңделді. Конго Қырым қанды қызбасына қарсы санитарлық қорғау аймағы 300000 ш/м жер өңделді және де шегірткеге қарсы 210 га алқап химиялық дәрілер шашылып, өңделді.   Күзде 10414- ірі қара мал бүркілді, 34210-уақ мал тоғытылды және 229183 шаршы метр  жер өңделді.

    Округте 1-мал дәріханасы, 2-мал тоғыту ваннасы, мал өлексесін тастайтын  1-шұңқыр,  2-қолдан ұрықтандыру пункті жұмыс жасауда.

 

ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ

     Төрткөл елді мекенінде тоқтап қалған «Евразия» мақта зауытын келісім шартпен «Нұр агро-73» ЖШС-гі 2015 жылы іске қосып, биыл жеке меншігіне алып, жұмыс жасауда, оған жергілікті тұрғындардан 300 адам жұмысқа тартылды. Өндіріліген өнімділігі 2017 жылы  1 тоқсанда белгілі болады.

КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ

     Төрткөл ауылының жеке кәсіпкерлер 2 автокөлік жуу /4 бокс/ ашып 4 адамда жұмысқа тартты. 1 жанар-май бекетін ашылып,       3 адам жұмысқа тартылды және «АРГОС» ЖШС-гі газ құю бектін ашып 2 адамды жұмысқа тартты. 1 сауда орталығы ашылп, 2 адамды жұмысқа тартты. 1 тойхана ашылып, 3 адам жұмысқа тартылды. 1 тамақтану орнын қайта жаңартып, кіші банкет залын ашты.

 

ИНВЕСТИЦИЯ

Инвестиция тарту:  «Төрткөл несие» ЖШС-гі арқылы  34 ш/қожалыққа 152 млн 940 мың теңге, «Ырыс» ШНҰ арқылы 50 ш/қ  49 млн 248 мың  теңге,  «Түркістан» КМФ арқылы     176 азаматқа 143 млн теңге,  «Рамазан Агро» ЖШС арқылы 207 ш/қ       217 млн  теңге, «Яссы Груп»  ЖШС 190 ш/қожалыққа 20млн 400 мың теңге  несие таратылды.

 

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ

   Төрткөл мәдениет үйіне  2020 бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 11млн 200мың теңге бөлініп, ағымдағы жөндеуден өтіп, қоршауы жасалды.

      «Төрткөл» жалпы орта мектебінің бастауыш мектебі ғимаратын күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 2015 жылға 36млн 277 мың теңге, екінші кезеңге 2016 жылға  50млн 32 мың теңге бөлініп, толығымен бітті.

 

КОММУНАЛДЫҚ САЛА

Ауыз су: Ауыл округі бойынша 10 елді мекеннің 6-ы құбырлы ауыз сумен қамтылған (халықтың 84 пайызы), 3 елді мекен «Омега» су тазартқыш арқылы (халықтың 9 пайызы). 1 елді мекен құдық суын пайдаланады (халықтың 9 пайызы).

Спатаев ауылының ауыз су жүйелерінің құрылысына 2017 жылға 113 млн теңге қаражат қаралған.

Жол жөндеу:   Төрткөл ауылындағы Ақберді көшесі   аудандық бюджеттен 4 млн 800    теңгеге орташа жөндеуден /асфальттау/    өтті. Қызылжар ауылындағы Төребек көшесі аудандық бюджеттен 7млн 200 мың теңгеге орташа жөндеуден /асфальттау/ өтті. Төрткөл ауылындағы  Бейбітшілік қөшесі “Өңірлерді дамыту” бағдарламасы 12млн 572мың теңгеге  орташа жөндеуден /асфальттау/ өтті.

Көріктендіру, абаттандыру: Төрткөл мәдениет үйінің, саябақтың қоршауын жүргізуге аудандық бюджеттен 312,0 мың теңге қаралып, жұмыстар толығымен аяқталды.

Елді мекендерде санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуге-225,0 мың теңге қаралып, тазалық жұмыстары толығымен жүргізілді.

 

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

–  Атаулы әлеуметтік көмек алатын  2 отбасы 12 адамға  266100 теңге тағайындалды.

– 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін мемлекеттік жәрдемақы  136 отбасыға    

   608  балаға   10млн 185 мың  теңге тағайындалып, төленді.

–   Бес  І-топ мүгедектеріне жеке көмекшінің қызметі көрсетілуде.

–   4 мүгедекке оңалту орталығына жолдама берілді

–   Мүгедектерге 12 қоларба, 38 адамға памперс берілді.

–   Демалыс, сауықтыру «Ардагерлер» үйіне 13 адамға және «Мейір» демалыс үйіне демалысқа 23 адамға жалпы 36 жолдама берілді.

–  1 адамға есту аппараты, тифлотехникалық құрылғы-5 адамға, сурдо техника-1 адамға берілді.

– Мүгедектерге арналған санаторияға 15 адамға жолдама берілді.

 

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасы бойынша

Бірінші бағыт- Әлеуметтік жұмыс орындарына 15 азамат тартылып, жоспар 88 пайызға орындалды.

Екінші бағыт «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамытуға»   7 азаматқа  18,5 млн теңге несие беріліп, жоспар 86 пайызға орындалды.

Қайта даярлау бойынша 2 азамат оқып, сертификатын алды.

Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде жаңа және бос жұмыс орындарының жұмыспен қамтылуы бойынша– 132 азамат жұмыспен қамтылды.

Жастар практикасын ұйымдастыру бойынша- 15 азамат жастар практикасына қабылданып, жоспар 100 пайызға орындалды.

 

БІЛІМ САЛАСЫ

        Мектеп, балабақша жағдайы туралы: Төрткөл ауыл округі бойынша  7 – жалпы орта, 3 – бастауыш мектептер бар. Төрт мектеп типтік, қалған алты мектеп ыңғайластырылған. Ауыл әкімінің есебінде ауыл тұрғындарының үйірме ашу туралы ұсынысы бойынша Төрткөл ЖОМ-де техникаға баулу, еңбек, домбыра, тарихи өлке тану, спорттың волейбол түрінен үйірмелер ашылып, жұмыс жасалуда.

Балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту:

Бір мемлекеттік «Самал» балабақша, үш жеке меншік «Барысхан», «Ерке-Нұр», «Береке» бала бақшалары бар.  Көкарал ж.о.м  2 – топ , Спатаев ж.о.м  2 – топ және Қызылжар ж.о.м   2 – топ шағын балалар орталығы жұмыс жасауда.

 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ

       ФАП, аурухана жағдайлары: Аумақта 21 – орындық 1 ауылдық аурухана,                 1 – емхана, 1-жедел жәрдем бекеті, 5 – ФАП, 3 – ФП емдеу мекемелері халыққа қызмет көрсетеді.

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ

Төрткөл ауыл округінде 1 мәдениет үйі, 1 клуб, 5 кітапхана жұмыс істейді. 2016 жылы 11 айында Төрткөл мәдениет үйінде  30  іс- шара ұйымдастырылды.  Қамтылған көрермендер саны 5850  адам. Төрткөл кітапханасының қоры-7472, оқырмандар саны-2682,  55  іс- шара өткізілді.

 

СПОРТ САЛАСЫ

Спорттық іс шаралар 16 рет өткізілді. Қатысқан спортшылар-3095  адам. 2016 жылы  1 спорт алаңшасы,   1 балалар сая бағы, 1-жастар аллеясы,  1-спорт кешені ашылды. Атап айтқанда: Төрткөл ауылында мектеп бітіруші түлектердің ұйымдастыруымен орталық саябақтан балалар саябағы, кіші футбол алаңы ашылып, наурыз айында пайдалануға берілді және Төрткөл ауылы заканалдан жастар аллеясы салынып, халық пайдалануда. Қызылжар ауылының мектеп бітірген 20 жылдық түлектердің өз қаражаттарымен спорт алаңы мен спорт зал ғимаратын салдып, пайдалануға берілді. Төрткөл ауылының жеке кәсіпкері Бекболат Жәнібек  1 стол теннис клубын ашты.  Қызылжар спорт кешенінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл аясында, балаларды қорғау мерекесіне орай 29 мамыр айы мен 02 маусым айы аралығында спорттың бокс түрінен облыс аралық жасөспірімдер арасында жарыс өткізілді. Төрткөл орта мектебінде ҰОС ардагері Қалдыбаев Паланның атында спорттың волейбол түрінен облыс көлемінде жарыс өтті.

 

ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ ЖӘНЕ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС

 Ауыл округінде  5 мешіт  жұмыс жасайды, барлығы әділет басқармасына  тіркелген Мешіттерде қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Тұрғындар арасында қандайда бір келеңсіздіктердің орын алу жағдайы тіркелмеген. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын тұрғындар арасында түсіндіру мақсатында ақпараттық-насихаттық  жұмыстар жүргізілуде.

    Ауданымыздағы жастар орталығынан Төрткөл ауыл округіне 1 штат берілген. Қазіргі жастар мен бірлесе отырып атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Тазалық жұмыстарына, көріктендіру көгалдандыру жұмыстарына атсалысуда.

 

ҚЫЛМЫС, СЫБАЙЛАС  ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ

      Қылмыс саны :  2016 жылдың  12 айында жасалған қылмыс –52,  ашылғаны – 32 ашылмағаны – 20.

     Қылмыстың, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарлып жатқан жұмыстар:  Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында  Төрткөл ауыл округі әкімі аппараты  мекемелермен, ауыл тұрғындарымен, қоғамдық ұйымдармен  12 рет кездесу жиналысы, дөңгелек үстелдер өткізілді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары тұрақты жүруде.

 

ҰСЫНЫС ПІКІРЛЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ

Ауыл округі әкімінің 2015 жылы атқарған және алда тұрған міндеттері туралы есебінде 17 азаматтан 18 ұсыныс-пікірлер түскен. 11 айда 15 ұсыныс-пікірлерге жауабы беріліп оның ішінде 16 шешімін тапты, 2 жұмыс жасалуда./Жайылма ауылындағы аялдама мен Арыстанды ауылындағы қашыру пунктін салу/

2017 жылы атқарылатын міндеттер:

ҚҰРЫЛЫСТАР:

Спатаева ауылының ауызсу құбырын жүргізуге обл.бюджеттен  105млн 103 мың теңге қаралған.

Арыстанды ауылының ауызсу құбырына ЖСҚ жасауға, сараптамадан өткізуге обл.бюджеттен 289 мың теңге қаралған.

ЖОЛДАР ЖӨНДЕУГЕ

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Төрткөл ауылындағы С.Мұханов көшесін орташа жөндеуден өткізуге 6млн 770 мың теңге қаралған.

Аудандық бюджеттен: Елшібек батыр ауылы, Нұрсейітов көшесін орташа жөндеуден өткізуге 16 млн 180 мың теңге, Еңбекші ауылы,Желтоқсан көшесін  орташа жөндеуден өткізуге 12млн 168 мың теңге, Төрткөл ауылы,Жартыбайұлы көшесін орташа жөндеуден өткізуге 12млн 301 мың теңге, Момышұлы көшесін орташа жөндеуден өткізуге 26млн 56мың теңге,Қызылжар ауылы, Әлімқұлұлы көшесін орташа жөндеуден өткізуге 17млн 952 мың теңге, арыстанды ауылының парасат, Жаңа тұрмыс, Атамұра көшелеріне ағымдағы жөндеуден өткізуге 5млн 501 мың теңге қаралған.