28
12 / 2016

Шұбар ауыл округі әкімі Қ.Сейітқұлдың «Ауыл округінің 2016 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2017 жылғы алда тұрған міндеттері туралы» ауыл тұрғындары алдында есепті баяндамасы

Ауыл округінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты деген негізгі көрсеткіштермен алдағы міндеттерге тоқталып өтсем.

 

Бюджеттік-салықтық саясат

Жыл басында бюджет 48 млн. 590 мыңтеңгеге бекітіліп, толығымен игерілді.

Жалпы салықтардың кіріс жоспары 6 млн. 949 мың теңгенің орнына 7 млн. 398 мың 282 теңге түсіп, 106 пайызға орындалып, 449 мың 282 теңге артығымен түсті.Атап айтсақ: Жер салығы жоспар 718 мың, орындалғаны 785.1 мың, мүлік салығы жоспар 737.0 мың, орындалғаны 737.2 мың, көлік салығы жоспар 5494.0 мың, орындалғаны 5755.0 мың теңгеге орындалды.

Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары

Ауыл округінің негізгі саласының бірі ауыл шаруашылығы. Ауыл тұрғындары ауыл шаруашылық саласы оның ішінде егін және мал шаруашылығымен айналысады.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 15 954 га оның ішінде егістік тәлімі жер 4 386 га, суармалы жер 1 427 га, жайылымдық жер 9 252 га.Ауыл округіндегі жалпы халық саны  8 345  адам, аула  саны  1 235.

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімімен үш жақты келісім шарт түзіліп, келісім шартта көрсетілген тапсырмаларды орындау бірқатар жұмыстар атқарылған.

Атап айтсақ;  

Үш жақты келісім бойынша тапсырма 4 090 га жерге ауыл шаруашылық дақылдарын егу жоспарланған нақты 4090 га жерге егіліп, 100 пайызға орындалып отыр. Дәнді дақылдар жоспар 2130 га орындалғаны 2130га 100 пайыз, оның ішінде: Ақ егіс жоспар 1950 га орындалғаны 1950 га, Дәнді жүгері жоспар 130га орындалғаны 130га, Арпа жоспар 150 га, орындалғаны 150 га, мақсары жоспар 316 га, орындалғаны 316 га. Мал азығы жоспар 1179 га орындалғаны 1179 га.оның ішінде:жоңашқа жоспар 654 га орындалғаны 654 га, Ескі жоңашқа жоспар 525 га, орындалғаны 525 га, Көкөніс жоспар 170 га орындалғаны 170 га, Бақша жоспар 95 га орындалғаны 95 га, Картоп жоспар 100 га орындалғаны 100га.

Суармалы жерді игеру 1 300 га болса, нақты 1 300 га игеріліп, 100 пайызы орындалды.

Жаңадан қосылатын суармалы жер 138 га тапсырма болса, нақты 138 га жер қосылып, 100  пайызға орындалды. Атап айтсақ; ЖК «Ахметов Қайрат» Атамекен елді мекенінің жоғарғы жағында – 80 га тәлімі жерге тамшылатып суғару технологиясын ендіре отырып 0,50 га жылы жай құрылысы салынған, қалған 79,5 га жерге ашық топырақта картоп, көкөніс, бақша, бау және жүзім ексе, «шұбар» ӨК 25 га жайылым жерге «Шұбар-Қайшылы» каналына матор қою арқылы 15 га жүгері, 5 га бақша, 1га қызанақ, 2,5 га бау ексе, ЖК «Есимов Жомарт 6 га жайылым жерге скважина арқылы тамшылатып суғару технологиясын ендіре отырып 5 га көкөніс, 1 га бау, ЖК «Умбетов Файзулла» 25 га жайылым жерге скважина арқылы тамшылатып суғану технологиясын ендіре отырып 10 га пияз, 15 га жүгері егіп жұмыстар жүргізді.

Тамшылату технологиясын ендіру;Ауыл округі бойынша 2016 жылы 77 га жерге тамшылатып суғару әдісі ендіру жоспарланып, 111 га жерге тамшылатып суғару әдісі ендіріліп тапсырма 144 пайызды құрады.

Жылыжай құрлысын ұлғайту: Ауыл округі бойынша 2016 жылы 1.2 га жерге жылыжай құрылысын ұлғайту жоспарланып, 1.3 га жерге жылжай құрылысы салынып тапсырма 108.3 пайызды құрады. ЖК «Қайрат» 0,50 га және  ЖК «Мейрамбек» 0,80 га жерге жылы жай құрлысын салып, бүгінгі таңда көкөніс өнімін шығаруда.

Мемлекет тарапынан берілген көмектер  Мемлекет тарапынан жеңілдікпен берілетін жанар-жағар май көктемгі  және күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 801 тонна жанар-жағар май бөлініп толығымен алынды. Сонымен жеңілдікпен берілетін тыңайтқыш 132 тонна бөлініп толығымен алынды. «Сыбаға» бағдарламасымен 90 бас аналық 3 бас асыл тұқымды бұқа алу жоспарланса, шаруаларды ұйымдастыру бойынша 90 бас аналық, 3 бас асыл тұқымды  бұқа сатып алынып тапсырма 100 пайызға орындалды.

Атап айтқанда: ЖК «Анапияев Ахмет» екі бірлік асыл тұқымды бұқа, 60 бас аналық және  ЖК «Бекбосынов Б» бір бірлік асыл тұқымды бұқа, 30 бас аналық  ірі қара мал алып асылдандыру жұмыстарын жүргізуде.

Алтын асық бағдарламасы бойынша Шұбар ауыл округінен 181 бас уақ мал алу тапсырылса, есесіне Шұбар ауылының тұрғыны ЖК «Марайымов А» 150 бас  және  ЖК «Исаев Ж» 200 бас асыл тұқымды қой алып, берілген тапсырма 193 пайызға орындалды.  

Құлан бағдарламасы бойынша 28 бас асыл тұқымды жылқы алу тапсырылған, бүгінгі таңға жеке кәсіпер «Оспанов Р» Жамбыл облысынан 1 бас асыл тұқымды қазақтың жабы жылқысын (айғырын) алып келіп асылдандыру жұмысын жүргізуде. Тапсырма толығымен орныдалды.

Жалпы ауыл округі бойынша 60 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары бар. 2016 жылы 5-дана жаңа техника алу жоспарланса  5 дана ауыл шаруашылығы техниклары алынып, тапсырма 100 пайызға орындалды.

Қолдан ұрықтандыру бойынша тапсырма 2016 жылға – 520  бас ІҚМ  болса  522 бас ІҚМ  қолдан ұрықтанып, 100.3 % пайызға орындалды.

Шұбар ауыл округінде жалпы 7 канал (Шұбар-Қайшылы, Қозыке, Ақтұмсық, Бағлан, Балпан, Аққойлы және Орынбай)  бар.  Ағымдағы жылы Шұбар ауыл округіне қарасты «Ақтұмсық» каналының 1,5 шақырым, «Шұбар-Қайшылы» каналының 1 шақырымы және Тоқсансай ауылындағы «Орынбай» каналының 1,8 шақырым жері демеушілер және шаруалардыұйымдастыруымен каналдарды техникамен тазалау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар «Балпан» каналынан бастау алатын 6 шақырымы және «Қозыке» каналының 1 шақырымы ішкі арықтары техникамен тазалау жұмыстары жүргізіліп шаруаларға жаз айларында ағын судан қиындықтар болмады.

 

Ветеринария саласы

Шұбар ауыл округі бойынша  4 319 бас ірі қара, 1 269 бас  жылқы,  31 790 бас уақ мал,  9 285 бас  құс, 7 594 бас шошқа бар.  

Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізу үшін жоспарланған 7 957 бас ірі мал 100 пайызға бүркеліп, 48 408 бас уақ мал 100 пайызға тоғытылды. 241 272 шаршы метр қоражайлар мен жапсарлас аумақтар 100 пайызға залалсыздандырылды.

Ауыл тұрғындарын құтыру ауруынан қорғау мақсатында 297 бас қаңғыбас ит және 7 бас қаңғыбас мысық ауланып, жойылды.

3 939 бас ірі қара малдан, 24 529 бас уақ малдан және 3 009 шошқадан қан сынамалары алынып бруцеллез ауруына оң белгі берген мал басы жоқ. Ауыл округі көлемінде тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктегі кәсіпорындардың саны 68 нысан, оның ішіндегі жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерліктегі кәсіпорындардың саны 54 бұл жалпы тіркелген кәсіпорынның 80 пайызын құрайды. Осы құрылымдар бойынша 140 адам жұмыспен қамтылған.

 

КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ

Ауыл округі көлемінде тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктегі кәсіпорындардың саны 68 нысан, оның ішіндегі жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерліктегі кәсіпорындардың саны 54 бұл жалпы тіркелген кәсіпорынның 80 пайызын құрайды. Осы құрылымдар бойынша 140 адам жұмыспен қамтылған.

Сауда салсы: Ауыл округі бойынша бөлшек сауда тауар айналымымен айналысатын 19 дүкен бар. 2016 жылы  бір бірлік ұсақ түйек және бір бірлік азық түлік дүкендері іске қосылды.

Туризм саласы; Ағымдағы жылы Тоқсансай елді мекенінен демалыс аймағы және Береке елді мекенінен қаз шаруашылығы мен демалыс аймағын ашу үшін құрылысы басталып, 2017 жылы толығымен аяқталып іске қосылады деп күтілуде. Қазіргі таңға құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

 

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ

2016 жылы обылыстық бюджеттің есебінен Шұбар дәрігерлік амбулаториясының құрылысы басталып, 2017 жылы толығымен аяқталып іске қосылады деп күтілуде. Қазіргі таңға құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

 

КОММУНАЛДЫҚ САЛА

Ауыз су: Ауыл округі бойынша 6 елді мекеннің 3-і құбырлы ауыз сумен қамтылған (халықтың 79 пайызы), 3 елді мекен құдық суын пайдаланады (халықтың 21 пайызы).

Жол жөндеу: 2016 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына сәйкес 7,3 млн теңге қаржы қаралып, Шұбар ауылындағы С.Сейфулин-300 метр, АльФараби-275 метр және Береке ауылындағы Спатаев-550 метр асфальт төселіп   пайдалануға берілді.

Сонымен қатар аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы Береке елді мекеніндегі Достық-500 метр көшесіне асфальт төселіп  пайдалануға берілді.

Сонымен қатар демеушілерді ұйымдастыр арқылы Аққойлы ауылындағы А.Ыбрайымұлы көшесіне 300 метр жолға, Жусансай ауылындағы Т.Исабеков көшесіне 1200 метр жолға, Береке ауылындағы Е.Пралиев көшесіне 1500 метр жолға, Шұбар ауылындағы мазаратқа баратын 800 метр жолға және Береке ауылындағы мазаратқа баратын жолға тас төселіп  «Қозыке» каналына көпір салу жұмыстары жүргізілді.  

2016 жылы аудандық бюджеттен 393 мың теңге бөлініп, «АвтоСервисҚұрылыс» ЖШС-і конкурстан жеңім алып Береке ауылындағы Жандарбеков  көшесінің соңына дейін жарықтандыру  жүргізілді.

«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша ауылдарды көріктендіру көгалдандыру, санитарлық тазалық мақсатында 47 сенбіліктер мен тазалық күндері ұйымдастырылып  30 көше қамтылып, 260 текше метр күл-қоқыс шығарылып,   2400 түп ағаш көшеттері егілді. Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап «Жаса 4» ЖШС-і ауыл округі бойынша тұрғындардың тұрмыстық қалдығын шығару жұмысымен айналысуда.

 

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

Жыл басынан ауыл округіндегі 1 отбасындағы 2 адамға  атаулы әлеуметтік көмегі көрсетіліп, 50 мың 700 теңге төленді. 42 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.Үстіміздегі жылы 122 отбасыға 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақыға құжаттар  өткізіліп,  8 млн. 693 мың 647 теңге көлемінде қаржы төленді.

Ауыл округіндегі тыл ардагерлерін, батыр аналар, зейнеткерлік жасындағы мүгедектер және зейнеткерлік жастағы азаматтарға демалыс  сауықтыру «Ардагерлер» үйіне 10 адам және «Мейір» ардагерлер үйіне  7 адамға жалпы 17 азаматқа  демалысқа жолдама берілді.

Құрбан айт мерекесінде жастар жетекшісімен бірігіп демеушілер есебінен жағдайы төмен  отбасыға ірі қара мал мен  қой  еті  таратылды.   /«Сейтбек әулеті» ЖШС /

Қарттар және мүгедектер күніне орай жалғыз басты қарттар мен мүгедектерді мерекемен құтықтап, си-сиапаттар жасалды.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде 2016 жылы 11 азамат шағын несие алып, 11 азамат мал бордақылау алаңдарын, мал бордақылау алаңдарын ашып жүмыс жүргізуде.

БІЛІМ САЛАСЫ

Ауыл округі бойынша  3  орта, 1 негізгі,  2 бастауыш мектебі,  3  бала бақша бар.  2016 жылдың 25 тамызында Шұбар ауыл округі әкімі аппаратының мәжіліс залында «Балаларға бірге көмек берейік» атты үндеуіне байланысты «Мектепке жол» акциясы өтіп, демеушілерден 625 000 теңге жиналып, 25 оқушы балаларға мектепке қажетті киім-кешек және оқу құралдары алынып берілді.

 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ

Шұбар ауыл округі бойынша 1-дәрігерлік емхана,  3-фельдшерлік пункт, 1-фельдшерлік акушерлік пункте 5 жоғары білімді дәрігер, 19-орта буынды медицина қызметкерлер  халыққы қызмет көрсетуде.  2016 жылы  140 нәресте  өмірге келіп, нәресте жәнеана өлімі тіркелмеген.  Мемлекет тарапынан 1 757 науқас азаматтарға 5 млн. 397 мың теңгеге көлемінде тегін  дәрі дәрмек  берілген.

 

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ

Ауыл округінде 1 ауылдық клуб, 2 ауылдық кітапхана ауыл округі халқына мәдени қызмет көрсетуде.Жалпы 32 мәдени іс-шараларлар өткізіліп, 2534 адам қатысты. Мәдени іс-шараларды ұйымдастырып өткізуге 50 мың  теңге қаралып, толығымен игерілді.

 

СПОРТ САЛАСЫ

Ауыл округі бойынша 2016 жылы 25 спорттық іс-шара ұйымдастырылып оған 4315 ауыл тұрғандары қатысты. Спорттық  іс-шараларды өткізуге 50 мың  теңге қаралып, толығымен игерілді.

 

ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ ЖӘНЕ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС

Қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Тұрғындар арасында қандайда бір келеңсіздіктердің орын алу жағдайы тіркелмеген. Аудан тұрғындары арасында әлеуметтік сауалнамалар жоспарға сәйкес жүргізілуде. Діни экстремизм мен тероризмнің алдын алу шаралары тақырыбында ауылда 6 кездесу жиналысы өткізіліп, жоғарғы сынып оқушыларына және мұғалімдерге үгіт–насихат парақтары таратылды.

ҚЫЛМЫС, СЫБАЙЛАС  ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ

Ауыл округі бойынша 2016 жылы барлығы 37 қылмыс орын алып, оның 27 ашылған(ашылау пайызы 72.9) Жыл бойына 263 606  теңге айыппұл салынды, 263 606 теңгеcі өндірілді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»  бағдарламасы бойынша  бекітілген  іс-шара жоспарына сәйкес 6  жиналыс өткізілді.

   Құқық бұзушылықтың алдын алу іс-шаралары жоспары бойынша 2016 жылы профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, ауылдарда арнайы мал ұрлығының алдын алу, жастар тәрбиесі, нашақорлық және есерткі бизнесін алдын алу және тағы  басқа өзекті мәселелер тақырыптары бойынша 5 жиналыстар өткізілді.

 

ҰСЫНЫС ПІКІРЛЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ

2016 жылы есеп беру барысында жалпы ауыл округі тұрғындарынан 19 ұсыныс-пікір түсіп, барлығы дерлік сараланып, іске асыру іс-шаралар жоспары бекітілген. 19 ұсыныс-пікірдің  16- нақты шешімін тауып, 3- тұрақты бақылауға алынған.

 

2017 жылы атқарылатын міндеттер:

Ауыл округінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында 2017 жылы ауылшаруашылық өнімдерін тереңдетіп, өңдейтін шағын кәсіпорындар ашу арқылы жұмыссыздықты жоюмен қатар жергілікті бюджетке түсетін салықтардың түсімін арттыру, ел игілігіне қажетті әлеуметтік нысандар құрылыстарын жүргізуге бағытталып отыр.

ҚұрылыстарБереке ауылындағы Ә.Молдағұлова атындағы орта мектептің құрылысы 2017 жылы басталып, 2018 жылы сапалы аяқталуын қадағалау.

Аққойлы, Жусансай және Сарытоғай ауылдарынан медециналық бекеттердің құжаттары облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы ЖСҚ дайындау үшін облыстық құрылысжәне экономика басқармаларына ЖСҚ дайындау үшін өткізілді.

Жусансай ауылының ауыз су жүйесінің ЖСҚ-сын дайындау үшін қаржысы 2016-2017 жылдарға өтпелі болған. Қазіргі таңға ЖСҚ-сы дайындалуда. Біткен соң, мемлекеттік сараптамадан өткізу жәнеоблыстық құрылыс басқармасына ұсыну жұмыстарын жүргізу.

Аққойлы, Сарытоғай ауылдарына ауызсу жүйесін жүргізу үшін АПЗ-сын дайындау үшін жұмыстар жасау.

ЖОЛДАР ЖӨНДЕУ

Аудандық бюджет есебінен Аққойлы ауылындағы «З.Пердебаев» және Жусансай ауылындағы «И.Тазабек» көшелерін асфальттауды іске асыру.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Сарытоғай ауылындағы «Бейбітшілік» көшесіне тас төсеуді, Шұбар ауылынан «Ақан Сері» және «Ортай» көшелерін асфалттауды іске асыру.

«Жұмыспен қамту 2020»бағдарламасы шеңберінде Шұбар ауылындағы «Дала» және Береке ауылындағы «Әділдік» көшелерін асфальттауды іске асыру.

Жусансай ауылындағы «Жусансай» жалпы орта мектебінің тасымалына аудандық бюджет есебінен жаңа автобус алуға жұмыс жүргізу.

БІЛІМ САЛАСЫ

Жусансай ауылындағы «Жусансай» орта мектебіне оқушыларды тасымалдау үшін аудандық білім бөлімі арқылы жаңа автобус алуға қаржы қаралып, осы автобустың алынуына жұмыстар жүргізу.