28
12 / 2016

Қажымұхан ауыл округі әкімі С.Утебаевтың «2016 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2017 жылғы алда тұрған міндеттері туралы» ауыл тұрғындары алдында есепті баяндамасы

Ауыл округінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты деген негізгі көрсеткіштермен алдағы міндеттерге тоқталып өтсем.

 

Бюджеттік-салықтық саясат

Жыл басында бюджет 202млн. 250 мың теңгеге бекітілген болса, жыл ішінде 8 млн. 525 мың теңгеге ұлғайып, 210 млн. 775 мың теңгені құрап, қаржы толығымен игерілді.

Жалпы салықтардың кіріс жоспары 19 млн. 521 мың теңгенің орнына 21 млн. 931 мың теңге түсіп, 110,9 пайызға орындалды.                                                                                                                                                                                                  

 

Ауыл шаруашылығы саласы.

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің жалпы көлемі 33 260 га құрайды (егістік жер көлемі14 771 га, оның 11 637 га жері тәлімі,3134 га суармалы, жайылым 13 595 га).

«Агроөнеркәсіп кешенін 2011-2015 жылдарға дамыту бағдарламасы» аясында қабылданған үш жақты келісім шарттың орындалуын баяндап өтсем.

Ауыл шаруашылық мақсатындағы дақылдарын егу тапсырмасы 102 пайызға (тапсырма 6888 га, нақты 6996 га);

Суармалы жерді игеру тапсырмасы есепті кезеңде 101 пайызға орындалды (тапсырма 3058 га, нақты 3096,5 га).

Ағымдағы жылы 166 га суармалы жердің көлемін ұлғайту тапсырылып, «Қазақстан Логистик групп» ЖШС 50 га жүзім көшеттерін отырғызды.  (орындалуы 30 пайыз)

Ауыл округіне қарасты  жалпы 1,9 га жылыжай құрылысы орналасқан. Жылыжай көлемін 1 га ұлғайту тапсырмасы 1 га жетіп 100 пайызға орындалып отыр.

Ауыл округінде тамшылатып суаруды қолдану әдісімен 300 га ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. (жеміс-жидек 250 га, жүзім 50 га,) 2016 жылға тамшылатып суару әдісін енгізу тапсырмасы 97 га, нақты орындалғаны 50 га құрап, есепті кезеңде 52  пайызға орындалды

2016 жылы тапсырма 97 га бау егу, оның ішінде   нақты 68 гектар бау егіліп, тапсырма 70 пайызға орындалды.

Ауыл округі бойынша 2016 жылға жаңа техника алу тапсырмасы (тапсырма 6 жаңа техника, нақты 6 ауылшаруашылық техникасы алынған).

Ірі қара мал шаруашылығында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жалпы 290 бас аналық, 10 бас бұқа алынған.  

2016 жылы нақты 290 (тапсырма 133) бас аналық және 10 (тапсырма 10) бас асыл тұқымды бұқа алынып, тапсырма 218 пайызға орындалды.

«Құлан» бағдарламасы 193 пайызға (тапсырма 28 бас асыл тұқымды жылқы, нақты 54 асыл тұқымды  жылқы);

«Алтын асық» бағдарламасы  116 пайызға (тапсырма 267 бас  асыл тұқымды қой, нақты 310 асыл тұқым қой) орындалды.

2014-2016 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту іс-шаралар жоспарына сәйкес 2016 жылы 10-15 басқа арналған 39 мал бордақылау алаңдарын ашу тапсырмасы беріліп,  59 мал бордақылау алаңдары ашылып тапсырма 138 пайызға орындалды.  

Ауыл округінде  12 канал бар, оның 11 канал комуналдық меншікте, 1 канал ешкімнің теңгерімінде жоқ.

Ауыл шаруашылық  жерлерін түгендеу комиссиясы құрылып, игерілмей жатқан  554 га жер анықталып, (35,7 гектар  суармалы, 518.3 гектар тәлімі) 8 жеке және заңды тұлғалардың құжаттары  ОҚО бойынша аумақтық жер инспекциясына  шара көру жөнінде жолданды.

 

ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫ

Қажымұхан ауыл округі бойынша 1 меңгеруші, 1 құжат жұргізуші, 15 лицензият, 8 санитар қызмет атқарады. Ауыл округі бойынша мал тоғытатын 10 – гупка, 3 мал қашырым бекеті, 1 өлексе тастайтын шұқыр және 1 беккори жұмыс істеуде. Ауыл округі бойынша кенеге қарсы көктем, күз айларында ірі қара мал 100 пайызға бүркелсе, кенеге қарсы 486 876 ш/м қора жайларды залалсыздандырып, жұмыстар жүргізілді. Қажымұхан ауыл округінде 11299 ірі қара мал, 4245 жылқы, 57721 қой, 2347 ешкі бар.

Ауыл округі бойынша 1300 бас ірі қара мал жоспар болса, 884 бас ірі қара мал қолдан ұрықтандырылды.     

2016 жылдың Ірі қара малдар және уақ малдардың сырға салу жағдайы және сырғаландыруға және паспорттауға бөлінген қаржылардың қайтарылымы орындалды.      

 

ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ

Темірлан ауылынан Рахиева Айымхан  өзінің қаржы есебінен «Ай» моншасы ашты. Жұмыспен 5 адам қамтылды.    

Жеке  кәсіпкер Юсупов Темірбек өз қаржы есебінен «Дастархан» асханасын  ашып,  4 адамды  Жұмыспен қамтылды.  

Жеке кәсіпкер Қанлыбаев Артық өз қаржы есебінен автокөліктерге техникалық қызмет көрсету станциясын ашып, жұмыспен 4 адамды қамтыды.

Көктөбе ауылынан жеке кәсіпкер Н.Иманберді азық-түлік дүкенін ашып, 2 адамды жұмыспен қамтыды.                                       

Жеке кәсіпкер Г.Биимбетовада  «Ырыс» МКҰ-нан несие алып 30 сиыр және 1 бұқа алып, қазіргі уақытта 120 литр сүтті аудан орталығы Темірлан елді мекенінің базарына және Шымкент қаласына өткізуде.   Қазіргі уақытта өз қаржы есебінен 3,0 млн теңгеге 5 айлық 200 қозы алып бағуда. 2 адам тұрақты жұмыс істеуде.                

Жеке кәсіпкер Ақмұратов Серғазы өз қаржы есебінен  Қажымұқан ауылынан 120 орынды бала бақша  салып,  2016 жылдың 1 қарашасында ашылуы жоспарланып отыр. Жұмыспен 30 адамды қамту жоспарланып отыр.  

Жеке кәсіпкер Кузнецов Дмитрий Ынталы ауылынан 2 гектар жерге күрке тауық және ірі қара мал өсіру өндірістік базасының құрылысын жүргізуде. Казіргі уақытта өндірістік базада жем дайындайтын цехтың құрылысы жүргізілуде.

 

Жеке кәсіпкер Ақмұратов Нұрғали өз қаржы есебінен Жан алтын тойханасын ашып, 40 адамды жұмыспен қамтыды.

 

КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ

Темірлан ауылынан Рахиева Айымхан  өзінің қаржы есебінен «Ай» моншасы ашты. Жұмыспен 5 адам қамтылды.

Жеке  кәсіпкер Юсупов Темірбек өз қаржы есебінен «Дастархан» асханасын  ашып,  4 адамды  Жұмыспен қамтылды.  

Жеке кәсіпкер Қанлыбаев Артық өз қаржы есебінен автокөліктерге техникалық қызмет көрсету станциясын ашып, жұмыспен 4 адамды қамтыды.

Көктөбе ауылынан жеке кәсіпкер Н.Иманберді азық-түлік дүкенін ашып, 2 адамды жұмыспен қамтыды.                                       

Жеке кәсіпкер Г.Биимбетовада  «Ырыс» МКҰ-нан несие алып 30 сиыр және 1 бұқа алып, қазіргі уақытта 120 литр сүтті аудан орталығы Темірлан елді мекенінің базарына және Шымкент қаласына өткізуде.   Қазіргі уақытта өз қаржы есебінен 3,0 млн теңгеге 5 айлық 200 қозы алып бағуда. 2 адам тұрақты жұмыс істеуде.       

Жеке кәсіпкер Ақмұратов Серғазы өз қаржы есебінен  Қажымұқан ауылынан 120 орынды бала бақша  салып,  Жұмыспен 30 адамды қамтыды.     

 

Жеке кәсіпкер Кузнецов Дмитрий Ынталы ауылынан 2 гектар жерге күрке тауық және ірі қара мал өсіру өндірістік базасының құрылысын жүргізуде. Казіргі уақытта өндірістік базада жем дайындайтын цехтың құрылысы жүргізілуде.

 

КОММУНАЛДЫҚ САЛА

Ауыз су: Ауыл округі бойынша 7 елді мекеннің 5-і құбырлы ауыз сумен қамтылған (халықтың 95,8 пайызы), 2 елді мекен құдық суын пайдаланады (халықтың 4,2  пайызы).

2014 жылы облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан 2 елді мекеннің жер асты су қорын зерттеу жұмыстары жүргізіліп, ( Боралдай, Қызылсеңгір) су қорын анықтау жұмыстары барысында зерттеу-барлау ұңғымалары қазылып, жер асты су қоры анықталған 1 елді мекеннің (Боралдай) сәулет-жобалау тапсырмасы /АПЗ/ 3 млн теңгеге ЖСҚ дайындалды.

Газ: Қызылсеңгір газ жүйесінің құрылысына   облыстық бюджеттен 1 млн 035 мың 420 теңгеге, Қажымұхан ауылының газ жүйесінің құрылысына облыстық бюджеттен 3 млн 660 мың 946 теңгеге, Көктөбе ауылының газ жүйесінің құрылысына облыстық бюджеттен 4 млн 381 мың 200 теңгеге, Боралдай ауылының газ жүйесінің құрылысына облыстық бюджеттен 1 млн 128 мың 372 мың теңгеге жобалау сметалық құжаты әзірленді.

 

Өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде:

 

Көктөбе ауылындағы С.Әбдіұлы көшесін орташа жөндеуден өткізуге 12 млн 640 мың теңге «Алат» ЖШС жеңіп алып жұмыстар жүргізді.

Боралдай ауылындағы Намазбаев көшесін 5 млн 377 мың теңгеге «Алат» ЖШС орташа жөндеуден өткізді.

Қызылсеңгір ауылындағы Тәуелсіздік көшесін 6 млн 581 мың теңгеге «Алат» ЖШС орташа жөндеуден өткізді.

Боралдай  ауылыңдағы Намазбаев көшесі  республикалық бюджеттен 5 млн 599 мың тенгеге ағымдағы жөндеуден өткізілді.

Қызыл Сеңгір  ауылыңдағы Тәуелсіздік  көшесі  республикалық бюджеттен 6 млн 999 мың тенгеге ағымдағы жөндеуден өткізілді.                    

“Жұмыспен қамту 2020” бағдарламасы шеңберінде:

Көктөбе ауылындағы С.Әбдіұлы көшесіне жол аяқ салу үшін 15 млн 100 мың теңге қаржы қаралып жұмыс жүргізілді.

Қажымұхан ауылындағы Ә.Мұстафаұлы көшесіне аяқ жол салу үшін 28 млн 100 мың теңге қаржы қаралып жұмыс жүргізілді.

Көріктендіру, абаттандыру: Темірлан ауылын 2016 жыл бойына абаттандыру және жасыл желектерді күтіп ұстау үшін 26 млн 554 мың 578 теңге қаржы қаралды.

Инфрақұрылым

Ынталы ауылынан ұзындығы 1,2 шақырым болатын Жаңағасыр және Ө.Айтқұлов   көшелеріне  жалпы құны 10 млн 952 мың тенге асфальт төселді. Жеңімпаз мердігер «Азия Комплекс Строй» ЖШС-гі.           

Ынталы ауылынан ұзындығы 0,48 шақырым болатын К.Әшірбайұлы   көшесіне  жалпы құны 5 млн 903 мың тенге асфальт төселді. Жеңімпаз мердігер «Азия Комплекс Строй» ЖШС-гі.

Амангелді ауылынан  ұзындығы 4,2 шақырым болатын Наурыз және Несібе көшелеріне  жалпы құны 61 млн 432 мың тенге асфальт төселді

         Темірлан ауылындағы ПМК аумағындағы 1 шақырым жолға   7 838 883 теңгеге ағымдағы жөндеуден өткізілді.

Аманкелді елді-мекенінде ұзындығы 1.6 шақырым болатын Несібе көшесіндегі электр  шамдары ауыстырылды.       

Ынталы ауылындағы көше жарығының лампалары ауыстырылып, қосымша 20 шам орнатылды.

         Темірлан ауылы Қажымұхан көшесі Шолпан бала-бақшасының алдына, Темірлан ауылы Жепаев көшесі «Аққу» бала-бақшасының алдына,Темірлан ауылы Жепаев көшесі Аманкелді мектебінің алдына, Ш.Уалиханов мектебінің алдына, Темірлан мектебінің алдына, Жамбыл және Конституция көшелерінің қиылысына, Т.Рысқұлов және Қазыбек би көшелерінің қиылысына 3 млн 647 мың тенгеге жасанды кедергілер орнатылды.

Темірлан ауылы Жепаев көшесіне 2млн  099 мың теңгеге   жарықтандыру құралдары орнатылды.

        Темірлан ауылындағы Қажымұхан көшесіне жол аяқ салу үшін 752 595 мың теңге қаржы қаралып жұмыстар жүргізілді.

        Темірлан ауылындағы Жепаев көшесін аббатандыруға 1 млн 595 мың теңге қаржы қаралып жұмысатар жүргізілді.

        Темірлан ауылындағы Т.Рысқұлов көшесін абаттандыруға 1 млн 968 мың теңге қаржы қаралып жұмыстар жүргізілді.

        Темірлан ауылындағы Черемушка мөлтек ауданындағы ойын алаңын ағымдағы жөндеуден өткізуге 12 млн 125 мың теңге қаржы қаралып жұмыстар жүргізілді.

       Темірлан ауылындағы Т.Рысқұлов көшесіне жол аяқ салу үшін 10 млн 578 мың теңге қаржы қаралып жұмыстар жүргізілді.

       Темірлан ауылындағы төрт там көшесіне 11 млн 253 мың теңге қаржы қаралып асфальт төселді.

       Қажымұхан елді мекені және Темірлан ауыылндағы ПМК, Байкал, Ескі мешіт аумақтарын электр желілерінің құрылысына  жобалау сметалық құжатын әзірлеуге 1 млн теңге қаржы қаралды.

       Темірлан елді мекені Ескі мешіт аумағындағы көшелерін орташа жөндеуден өткізуге 26 млн 176 мың 684 теңге қаржы қаралып жұмыстар жүргізілді.

   

 

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

        Атаулы әлеуметтік көмек алатын 13 отбасыға  84 адам 1 млн 109 мың  теңге тағайындалды.

       18 жасқа дейінгі балаларға төленетін мемлекетік жәрдемақы жыл басынан 541 отбасы 2753 балаға 86 млн 760 мың теңге тағайындалып, төленді.  

       Демалыс, сауықтыру ардагерлер үйіне еңбек ардагерлері, «Алтын алқа» аналар, мүгедектер, жасына байланысты зейнеткерлерден  201 өтініш түсіп «Мейір» демалыс үйіне 42 адам, Ардагерлер үйіне – 32 адам демалуға жіберілді.

 

Көгалдандыру- көріктендіру жұмыстары

 

        «Жасыл аймақ» бағдарламасы бойынша 1150 түп ағашы егілді. Ауыл әкімінің көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалық жөнінде 25 рет сенбілік өтті. Бүгінгі таңға аумақтан шығарылған тұрмыстық қатты қалдықтар 42954 куб құрады.

         Маусым айынан бастап «ЖАСА -4» ЖШС-і Қажымұхан ауыл округіне қарасты елді  мекендерде қоқыстарды тазалау жұмыстарын жүргізуде. Казіргі уақытта Темірлан елді мекеніне қарасты ПМК аумағының жоғарғы жағы, Найман ауылдағы мазаратың және су мұнарасының жаны, Қажымұқан ауылындағы ФАП-тың жоғарғы жағындағы күл-қоқыстардан тазаланды.

 

БІЛІМ САЛАСЫ

Ордабасы аудандық білім бөліміне қарасты барлық білім беру мекемелерінің саны-11. Оның ішінде  мектеп (8 орта, 2 негізгі, 1 бастауыш), жалпы 11 бала бақшалар жұмыс істеуде оның 4 мемлекеттік 7 жеке меншік бала бақшалар бар.

Ынталы ауылындағы «Қ.Бектаев» атындағы жалпы орта мектебінде және осы мектептің жанындағы мектеп-интернатта жалпы құны 164 млн теңгені құрайтын күрделі жөндеу жұмыстары  жүргізілді.

Темірлан ауылынан жаңа типтегі 600 орындықты мектеп салу жоспарлануда. Қазіргі таңда жері дайындалуда.

Балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту:

2011-2020 жылдарға арналған  «Даму» бағдарламасын жүзеге асыруда 2 жекеменшік балабақшалар ашылып,  200 бала қамтылды.

 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ

 

Ауыл округінде  емдеу–профилактикалық мекемелер (1-аудандық емхана, 1-аудандық аурухана,  3 фельдшерлік-акушерлік бекет, 3-медициналық бекет) қызмет көрсетеді.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында 9 бағытта темекі шегуге, нашақорлыққа, маскүнемдікке қарсы күрес, дене тәрбиесіне, тиімді тамақтану, ана мен баланың денсаулығын қорғау, отбасын жоспарлау, қоршаған ортаны қорғау шаралары бойынша жұмыстар атқарылуда.

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ

 

Ауыл округінде  1 аудандық мәдениет үйі, 1 орталықтандырылған кітапхана, 6 ауылдық кітапхана және 1 дендросаябақ аудан халқына мәдени қызмет көрсетуде.Мәдениет саласында 2016 жылы 9 іс – шара ұйымдастырылды. Қамтылған көрермендер саны 2515 адам. Қажымұхан әкімшілігі бойынша 5 кітапхана, кітап қоры 69868, оқырмандар саны 12458, 2 іс – шара өткізілді.

 

СПОРТ САЛАСЫ

 

Жалпы ауыл округіне қарасты  тұрғындарына 2 спорт мектебі, 1 спорт нысандары қызмет жасайды.

Жалпы ауыл тұрғындарымен «Спорт денсаулық – кепілі» атты  21 жарыс өткізіліп жеңімпаздарға демеушілер тарапынан түрлі бағалы силықтар және мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

ҚЫЛМЫС, СЫБАЙЛАС  ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мақсатында 2016 жыл ішінде ауыл округі бойынша мекеме қызыметкерлері, ауыл тұрғындары арасында «дөңгелек үстел» жиыны өткізіліп 6 хаттама түзілді. аталған іс шара бойынша Қажымұхан ауыл округіне қарасты мекемелерде, құзырлы органдармен бірлесіп іс-шаралар өткізілді.

 

ҰСЫНЫС ПІКІРЛЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ

 

2016 жылы есеп беру барысында жалпы аудан тұрғындарынан 18 ұсыныс-пікір түсіп, барлығы дерлік сараланып, іске асыру іс-шаралар жоспары бекітілген. 18 ұсыныс-пікірдің  9 – нақты шешімін тауып, 9 – тұрақты бақылауға алынған.

 

2017 жылға атқарылатын жұмыстар:

 

Жолдарды жөндеуге:

  1.          З.Қыдырбайұлы көшесін 15млн  512 мың теңгеге  ағымдағы жөндеуден өткізу.
  2.          Әль – Фараби  көшесін 15 млн  726 мың теңгеге  ағымдағы жөндеуден өткізу.
  3.          І.Жансүгіров көшесін 15млн  470 мың теңгеге  ағымдағы жөндеуден өткізу.
  4.          Наурыз Батыр  көшесін 4 млн   теңгеге  ағымдағы жөндеуден өткізу.
  5.          Кенжебаев көшесін 14 млн  теңгеге  ағымдағы жөндеуден өткізу.
  6.           Махатаев көшесін 6 млн  212 мың теңгеге  ағымдағы жөндеуден өткізу.
  7.            Қажымұхан ауылындағы Үндемесов  көшесін 6 млн  179 мың теңгеге  орташа жөндеуден өткізу.

        Өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде:

 

1         Ақтөбе  көшесін 9 млн  939 мың теңгеге  ағымдағы жөндеуден өткізу.

  1.       Қажымұхан ауылындағы Байсейтов  көшесін 10 млн  390 мың теңгеге  ағымдағы жөндеуден өткізу.

                         Құрылыстар:
      1.      Аманкелді ауылына 80 млн теңгеге Фельшерлік акушерлік пунктін салу.