06
01 / 2017

ЖАЛЫНДАҒАН ЖАСТАР ФОРУМ ӨТКІЗДІ

Жаңа жыл қарсаңында аудан әкімі Алмасбек Кеңесбекұлы жастармен кездесіп, пікірлесті. Форум барысында аудандық жастар орталығының директоры Мұрат Сайлыбаев жыл бойы атқарылған жұмыс ағымын баяндап, алдағы жоспарларымен таныстырды. Жастар тарапынан аудан басшысына сұрақтар қойылып, жиналыс ашық пікірсайыс түрінде жалғасын тапты. Жиынға қатысушылар аудан басшысының әлеуметтік желіге, КТК ойындарына көзқарасы жөнінде сұрап, сондай-ақ “Жастар практикасы”, “Дипломмен ауылға” бағдарламасының орындалу барысы жөнінде де ақпарат алды. Аудандық мәслихаттың хатшысы Баймахан Қожатайұлы өз сөзінде жастарға жүктелген жауапкершілік жөнінде айтып, белсенділерді марапаттады.
Шара аясында әр саладағы үздік жастарға аудан әкімінің Алғыс хаты мен бағалы сыйлықтар табысталды.