Ордабасы ауданындағы тарихи – өлкетану музейі МКҚК

Ордабасы ауданындағы тарихи – өлкетану музейі МКҚК   Ордабасы ауданының құрылуына 40 жыл толу мерекесіне орай 2005 жылы 22 қыркүйек айында облыс әкімі Б. Жылқышиевтің №516 қаулысымен ашылды.  Мекеме ғимараты  1977 жылы қаланған.  Бұл ғимарат алғашында 2 бөлмелі мемориалдық «Қажымұқан үйі» болып ашылған. 2001 жылдан аудандық  ЗАГС  мекемесі, 2005 жылдан бастап «Ордабасы ауданындағы тарихи – өлкетану музейі» қарамағына берілді.

Музейдегі  жәдігерлер Ордабасы өңіріндегі тарихи-оқиғалар туралы сыр шертеді. Музей  үш бөлімнен тұрады.Ғылыми бөлім: Ауданымыздың тарихы, ақын жазушылар, Кеңес одағының батырлары, ауданды басқарған хатшылар туралы деректер орналасқан.Этнографиялық бөлім: Қазақ халқының ерте заманда пайдаланған бұйымдары, салт – дәстүрге байланысты жәдігерлер кеңінен қойылған. Археологиялық бөлім: Қараспан төбе, Алтынтөбе, Күлтөбе қалашықтарынан  қазба жұмыстары кезінде табылған қыш бұйымдар орналасқан.

 

    Байланыстар:

Мекен – жайымыз 

Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы,  Темірлан  елді мекені, Әубәкіров көшесі № 1

Телефон:

Директор: 8(72530)2 – 22 – 80;

тел/факс: 8(72530)2 – 22 – 80, 

Сайт:www.ordabasymyrajai.kz

Facebook: https://www.facebook.com/ordabasymuzei/

E-mail: ordabasy_olketanu@mail.ru

Музей қорында тіркеу № 1267, негізгі қорға № 987 санымен қабылданған 1838 жылы жасалған тері өндейтін шеберлердің көне тәсілінен сыр шертетін  кесе сынып қалмауы үшін теріден өңделіп, боялып жасалған тұрмыстық бұйым кесеқап бар.                                                                     Кесеқаптың сырты түйенің терісінен өңделген, ішкі жағы өгіздің терісінен жасалып, теріні жіңішкелеп тіліп, бетінен көмкеріп, күміспен безендірген. Кесеқаптың жан-жағын жіңішке қайыс баумен байлап, алып жүруге, үй іргесіне іліп қоюға ыңғайлап ілгек жасаған.

Музей қорында сақталған тіркеу № 1267, негізгі қорға № 987 санмен қабылданған  кемер белбеу  жігіттіктің салтын құрған жас батырдың белбеуі.        Қара барқытқа негізделіп, күміс әшекеймен  безендіріліп жасалған. Белбеудің екі басына өрнектелген, күмістен жасалған қапсырма орнатылған. Барқытқа орнтылған күмістердің саны 12 дана.