Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2017 жылдың желтоқсан айына  атқарылған жұмыстары жөніндегі

ЕСЕБІ

Әлеуметтік көмек бөлімі бойынша 

         ҚР «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес 2017 жылдың 1- желтоқсанына 3525  отбасының 13421 баласына 271416,2 мың теңге 18 – жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы тағайындалып, оның 213596,1 мың теңгесі төленді.

ҚР «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес 2017 жылдың 1- желтоқсанына 12 отбасының 76 адамына 1949,8 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, оның 1836,0 мың теңгесі төленді. 2017 жылдың ІV- тоқсанына кедейшілік шегі 9256 теңге.

Тұрғын үй көмегі 82 отбасының 504 адамына 4015,0мың теңге тағайындалып, төленді.

1296  отбасының 7597 адамына 462003,0  мың теңге шартты ақшалай көмек тағайындалып, төленді.

Демеушілер есебінен атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға берілген көмектер.

1.Төрткөл ауыл округі 14 адамға 107,0  мың теңге көмек көрсетілді.

1.Шұбарсу ауыл округі 9 адамға 15,0  мың теңге көмек көрсетілді.

Барлығы:  23 адамға 122,0 мың теңге көмек көрсетілді.

 

Әлеуметтік көмекті қажет ететін азаматтарға үйде әлеуметтік

көмек көрсету бөлімшелері бойынша

ҚР 1997 жылғы 20 маусымындағы «Қарттар мен мүгедек азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету» туралы Заңына сәйкес ашылған жалғызілікті жеке тұрушы қарт азаматтарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде 96 қарт, 24 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетуде. Әлеуметтік қызметкер жұмыс кестесі бойынша аптасына 2 рет барып, әлеуметтік көмек түрлері көрсетілуде.

ҚР 2002 жылғы қыркүйек айындағы «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педогогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Заңына сәйкес ашылған мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі 108 мүгедек бала есепке алынып, 22 әлеуметтік қызметкер кызмет көрсетуде.

Түркістан аймақтық мүгедек балаларды оңалту орталығына 10 балаға  жолдама берілді.

Үйде тәрбиеленіп және оқытылып жатқан 195 мүгедек балаға 2017-2018 оқу жылында 2841,4  мың теңге жәрдемақы тағайындалып, төленді.

80 жастан асқан жалғызілікті ешкімі жоқ 8 қарттардың зейнетақысына 2017 жылдың 1- желтоқсанына  дейін 186,1 мың теңге үстеме жәрдемақы тағайындалып, төленді.

 

Мүгедектер және ардагерлермен жұмыс жасау секторы бойынша

2017 жылдың 1 желтоқсанына:

Облыс орталығындағы «Ардагерлер үйіне», «Мейір» ардагерлер үйіне жыл басынан төмендегі санаттар бойынша:

– Ұлы Отан соғысының ардагерлері  және соларға теңестірілгендер –26;

–  Зейнеткер жасындағы  Алтын алқа, Күміс алқа иегерлері –99;

–  Жасына байланысты қарт зейнеткерлер -186;

–  зейнеткер жасындағы мүгедектер –9;

барлығы  320 жекелеген санаттағы  азаматтарға демалуға жолдамалар берілді.

Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес: облыстық мүгедектерді оңалту орталығына 42 адамға  жолдама берілді.

 

Аудандық бюджеттен:

-Адам қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырған балалары бар 10 отбасыға баланы күтуге 49691 теңгеден барлығы 5267,246 мың теңге айсайынғы жәрдемақы төленді;

-Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын адамдарға айсайын 22690 теңгеден 111 адамға 11380,921 мың теңге әлеуметтік көмек төленді;

өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның тұрғын үйіне зиян келтіруіне байланысты, аз қамтамасыз етілген 4 отбасыға  226,9 мың теңгеден 907,6 мың теңге біржолғы әлеуметтік көмек төленді;

– Созылмалы бүйрек жетімсіздігі ауруына шалдыққан мұқтаж 20 азаматқа   2777,256 мың теңге біржолғы әлеуметтік көмек төленді;

– Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты  1 отбасыға 65,574 мың теңге біржолғы әлеуметтік көмек төленді;

21-23 Наурызда (Наурыз мейрамы)-Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 11 адамға әрқайсына 11,345 мың теңгеден  124,795 мың теңге біржолғы  әлеуметтік  көмек төленді;

– 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай 209 адамға әрқайсына 11,345 мың теңгеден  2371,105 мың теңге біржолғы әлеуметтік көмек төленді;

– 9 мамыр Жеңіс күніне орай барлығы- 786 адамға 9994,945 мың теңге, оның ішінде:

– ҰОСА    – 5 адамға әрқайсына 226900 теңгеден 1134,5 мың теңге,

– Қайта некеде тұрмаған, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне – 1 адамға 11,345  мың теңге біржолғы  әлеуметтік  көмек берілді;

– қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң әйелдерiне -13 адамға 11345 теңгеден 147,485 мың теңге біржолғы  әлеуметтік  көмек берілді;

– тыл еңбеккерлеріне – 767 адамға адамға 11345 теңгеден 8701,615 мың теңге біржолғы  әлеуметтік  көмек берілді;

Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес:

Міндетті гигиеналық құралдарға 352 мүгедекке жоспар бойынша жылына 49803,6 мың теңге қаржы бөлінген, оның  30018,0 мың теңге аудандық бюджеттен бөлініп, оның 27774,862 мың теңгесі игерілді,  296 мүгедекке 19785,6 мың теңгесі республикалық бюджеттен бөлініп, оның 16190,0 мың теңгесі игерілді;

– 61 есту бойынша мүгедектерге 5 ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтері  көрсетіліп, жоспар бойынша 1908,0 мың теңге қаржы бөлініп, оның 1431,0 мың теңгесі игерілді, республикалық бюджеттен 4801,0 мың теңге игерілді;

-54 жүріп-тұруы қиынға түсетін І топтағы мүгедектерге 42 жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтері көрсетіліп,  жоспар бойынша жылына 2635,0 мың теңге қаржы  бөлініп, оның 2395,0 мың теңге игерілді;

– 54  серуендік қол арба аудандық бюджеттен 4682,7 мың теңгеге сатып алынып, таратылды.

Облыстық басқармадан берілген:

–  қол арбаға мұқтаж мүгедектерге 52  қол  арба;

– сурдотехникалық құралға мұқтаж 43 адамға 64 құрал;

– тифлотехикалық  құралға мұқтаж 35 адамға 61 құралдар таратылды.

Жұмыспен қамту

2017 жылдың 1 қаңтарына ресми тіркелген жұмыссыздар саны 623 адамды құрады.

Жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеп келгендердің жалпы саны 4689 адамды құрады, оның ішінде 2336-і жұмыссыздар. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен  3777 адам қамтылды, оның ішінде 187 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 149 адам жастар практикасына, 347 адам қоғамдық жұмыстарға, 615 адам кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыруға жолданды, 129 адамға шағын несие берілді, 2350 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

2017 жылдың 1 желтоқсанына есепте тұрған азаматтардың саны 3481 адамды құрады, оның ішінде жұмыссыздар 1153 адам. Есепте тұрған жұмыссыз азаматтардың  655-і  әйелдер, 405-і жастар.

 

Азаматтық хал актілерін тіркеу секторы туралы

  Азаматтық хал актілерін тіркеу саласы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы  Президентінің 2014 жылғы 25 тамызындағы №898 Жарлығына сәйкес, азаматтық хал актілерін тіркеу функциялары жергілікті атқарушы органдарға берілген. Осыған орай 2015 жылдың 10 наурызынан қабылдау-өткізу актісі жасалып азаматтық хал актілерін тіркеу саласы аудандық жұмыспен қамту жәгне әлеуметтік бағдарламалар беріліп бүгінгі таңда жұмыс атқаруда.

 

2017 жылдың 11 айында атқарылған қызметтерБарлығыТікелейХҚКО арқылыЭлектронды қолтаңба арқылы
Бала  Тууды тіркеу 24485021416531
Қайтыс болуды тіркеу56146515

 

Неке қиюды тіркеу643441202
Неке бұзуды тіркеу1093178
Әке болу құқығын тіркеу 264264
Ұл,қыз асырап алуды тіркеу  1212
Тегін атын өзгертуді тіркеу44
Азаматтық хал актілерінің қалпыена келтіру/туу,неке,тегін атын өзгерту,қайтыс болу,некені бұзу/117117
Мұрағаттық анықтамалар бері туралы13781378
Қайталама куәліктер беру туралы906906

 

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  басшысы: Г.Досова