21
12 / 2017

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ ХХІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін Ордабасы аудандық мәслихатының кезекті ХХІ сессиясы өтті. Күн тәртібіне сәйкес, Төрткүл ауыл округінің әкімі Өтеміс Мұхтарханның, Шұбарсу ауыл округінің әкімі Амангелді Абдрахимовтың, Шұбар ауыл округінің әкімі Қыдырбай Сейітқұлдың, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қуаныш Ысқақовтың, аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Батыралы Дүйсембаевтың, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Мейрамбек Ақмұратовтың, аудандық мәслихаттың хатшысы Баймахан Сәдуахасовтың атқарылған жұмыс туралы есебі тыңдалды. Аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Үсенбаев 2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту үшін депутаттардың назарына ұсынды. Сонымен қатар, сессия барысында аудандық мәслихат тұрақты комиссияларының жұмысы тыңдалып, сараланды.
Аудан әкімі Рашид Қайыпжанов аудандық бюджетті нақтылау барысында халық қалаулыларының назарын бірқатар мәселелерге аударып, бюджет шығындарына қатысты ойын ортаға салды. Аудандық мәслихаттың депутаттары Сералы Абжалов, Талғат Жанысбаев, Бағдәулет Жұмабеков, Сейілхан Алтыбаев күн тәртібінде қаралған мәселелерге орай сұрақтарын қойып, ұсыныстарын енгізді.
Сессия қорытындысымен шешім қабылданып, аудан бюджеті нақтыланды.