25
12 / 2017

3773 АЗАМАТҚА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Ордабасы ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-сі 2011 жылдың 01 шілдесінде құрылған. Орталықта 1 директор, 1 бөлім басшысы, 10 маман және 2 техникалық қызметкер қызмет атқарады.

2017  жылдың 11 айына «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті     дамытудың 2017-2021  жылдарға   арналған  бағдарламасы» бойынша3773 қатысушы  азаматқа  әлеуметтік   қолдау  көрсетілді.  Жоспар 133,9 пайызға орындалды.

Әлеуметтік   қолдау  көрсетілген 3773  бағдарлама  қатысушысының  ішінде:

-Жұмыссыздар –жылдық  жоспар – 966, нақты –2140, жоспар – 221,5  пайызға орындалды.

-Өздігінше жұмыспен қамтылғандар – жылдық жоспар – 1054, нақты – 820, жоспар – 77,8 пайызға орындалды.

-Жұмыс  іздеушілержылдық жоспар – 796, нақты – 813, жоспар –102,1 пайызға орындалды.

Бағдарламаның 1 бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша жылдық  жоспар 443  азаматты,  оның  ішінде кәсіби  оқытуға -116 азамат,  қысқа  мерзімді   курсқа– 327  азаматты  оқыту  курстарынан өткізу  межеленді. Бағдарламаның  аталған  бағыты   бойынша    қысқа  мерзімді  курстарға 439 азамат 20 мамандық бойынша 6 оқу ұйымына жолданып,оның 329 азаматы оқуды аяқтады, кәсіби оқуға 95 азамат жолдама алды.

Бағдарламаның екінші бағыты «Кәсіпкерлік  бастамашылықты   ынталандыру»  бойынша 2017 жылға кәсіпкерлік негіздеріне «Бастау – бизнес» жобасы бойынша жылдық  жоспар – 180 азамат оқытып, 140 азаматқа несие  беру  жоспарланды.

Кәсіпкерлік  негіздеріне  177 азамат оқуға жолданды.

129 азамат 380,460 млн теңге шағын несие алды. Несие алған азаматтар тарапынан 79 қосымша  жаңа  жұмыс  орындары ашылды.

Бағдарламаның  3 бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту»  шеңберінде тұрақты  және  уақытша  жұмысқа, жаңа  жұмыс  орындарына жоспар – 1483 азамат, нақты 2345 азамат жолдама алды, жоспар 158,1 пайызға орындалды. 1195  азамат  бос  жұмыс  орындарына,  709  азамат  жаңа  жұмыс  орындарына  жолданды.

Әлеуметтік  жұмыс орындарына  нысаналы топтағы 140  азаматты жіберу жоспарланса,  нақты – 187 азамат 57 жұмыс берушіге  жолданды.

Жастар  практикасына  130 азаматты жіберу жоспарланса, нақты-149 адам  51 мекемеге жолданды.

Ақылы  қоғамдық  жұмыстарға 300 адамды жіберу жоспарланса, 11 айда 17 мекемеге 347 азамат   жолданды.

Мүмкіндігі шектеулі  азаматтарға  жұмыспен  қамту  шаралары  бойынша нақты – 86 азамат  қамтылды.