Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2017 жылы атқарылған жұмыстары туралы мәліметі

Ауыз су бойынша

Аудан көлеміндегі 30 елді мекеннің ауыз су жүйелерін күтіп ұстау жұмыстарын «Таза су» МКК сы жүргізеді. Ағымдағы жылы жөндеу жұмыстарына 133 114,9 мың теңгеге бөлініп, жұмыстар жүргізілді.

2017 жылы шілде айында Жеңіс және Қызылжар  елді мекендеріне  су жүйесіндегі су тазарқыш мембраналық құрылғысының фильтрімен химиялық реагенттері толығымен ауыстырылды, СЭС лабораториялық сараптама алынып қазірі таңда ауыз су тұтынушылар сапалы ауыз суын пайдалануда. Жергілікті бюджеттен 9 952,0 мың теңге қаржы қаралған.

Бадам ауыл округіне қарасты Ордабасы елді мекендегі су жүйесіндегі «Омега» су тазартқыш қондырғысы фильтрлердің толуына  және химиялық реагенттердің таусылуына байланысты 2017 жылы шілде айында жергілікті бюджеттен 9 400,0 мың теңге қаржы қаралып, қазіргі таңда таза ауыз сумен қамтылуда.

Спатаев ауылының ауыз су жүйесінің құрылысына 97 226,5 мың теңге бөлініп, қазіргі таңда жұмыстар аяқталып,  тұрғындар ауыз сумен қамтылды.

Бадам ауыл округіне қарасты Дербес елді мекендегі су жүйесіне 2017 жылы 35 000,0 мың теңге бөлініп, ауыз су тұтынушыларды ағымдағы жылдың соңына дейін қамтамасыз ету жоспарланған.

Арыстанды, Боралдай және Жусансай ауылдарының ауыз су жүйесінің құрылысына жобалық сметалық құжаттамасы әзірленді.

Табиғи газ бойынша

         2015 жылы облыстық бюджет есебінен “Бейнеу-Шымкент” магистралды газ құбырының 1393 шақырымында  №19 “Темірлан” АГТС және АГТС-тан Ордабасы ауданының Темірлан елді мекені арқылы Арыс қаласына дейін тартылатын газ құбырын салу құрылысы» жобасына 4 731 563,0 мың теңге қаржы қаралып, 2015 жылы 1 млд теңгесі игерілді, 2016 жылы 1 708 954,0 мың теңгесі игерілді. 2017 жылы 2 022 609,0 мың теңгенің 1 707 701,0 мың теңгесі игерілді. Қазіргі таңда АГТС қондырғыларын қысымдау жұмыстары жүргізілуде.

         Темірлан елді мекенінің ішкі газ тарату жүйесінің құрылысына 2018-2019 жылдары құрылыс жұмыстарына қаржы қаралды. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыруға, мемлекеттік сатып алу басқармасына  өтінім жолданды.

2016-2017 жылдарға облыстық бюджеттен  Қажымұхан, Көктөбе, Боралдай, Қызылсеңгір, Теспе, Ықыластемір елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ әзірлеуге 25 934,0 мың теңге қаржы қаралып, Ықыластемір, Теспе елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету құрылысына облыстық бюджеттен 2017-2018 жылдарға 205 604,3 мың теңге қаралды.

Қажымұхан, Көктөбе, Боралдай, Қызылсеңгір елді мекендерінің ЖСҚ-сы сараптамадан өткізілуде. Сарапшы мекеме «Стандарт ОРД» ЖШС-гі.

2017-2018 жылға Амангелді, Ынталы, Батыр ата елді мекендеріне ЖСҚ әзірлеуге 19,6 млн теңге қаржы қаралды. Жобалаушы мекеме «АТ-Сервис План» ЖШС-гі.

2017-2018 жылдарға Төрткөл, Қарақұм, Бөген, Жеңіс ауылдарын табиғи газбен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен 45 127,2 мың теңге қаржы қаралып (2017 жылға 1,0 млн.), жұмыстар жүргізілуде. Жеңімпаз мердігер – «ҚазНұр» ЖШС-і.

Қалған елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында сәулет-жоспарлау тапсырмасын әзірлеуге қажетті мемлекеттік акт алуға аудандық бюджеттен 36,5 млн теңге қаржы қаралып, қазіргі таңда мемлекеттік акт алынуда.

Электр энергиясы бойынша

2017 жылы Қажымұқан ауылының Жаңа құрылыс аумағын, Темірлан ауылының «ПМК», «Байкал», «Ескі мешіт» аумақтарының халқын сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс-монтаж жұмыстарына облыстық бюджеттен 166,840 млн. теңге қаржы қарастырылып, жұмыстар жүргізілуде.

2017 жылға Төрткөл, Қараспан елді мекендерінің Жаңа құрылыс аумақтарын электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен 7 643,0 мың теңге қаржы қаралып, қазіргі таңда сараптамадан өткізілуде. Жобалаушы мекеме «Энерго Сервис ЭТЛ» ЖШС-гі. Сарапшы мекеме «Норматив Плюс» ЖШС-гі.

Шұбарсу елді мекенінің 1-бөлігін электр энергиямен қамтамасыз ету үшін, 2017-2018 жылға жобалық сметалық құжаттамасын (ЖСҚ) әзірлеуге 15,0 млн. теңге қаржы қаралды. Қазіргі таңда ЖСҚ әзірленуде, жобалаушы мекеме «Corporation Sintez» ЖШС-гі.

2017-2018 жылға 220/110/10 «Бадам» қосалқы станциясының құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 135,0 млн теңге қаржы қаралды. ЖСҚ әзірлеудің аяқталу мерзімі 2018 жыл.

Көше жарықтандыру бойынша

           2017 жылға Темірлан ауылының көше жарықтандыру құралдарын күтіп ұстау жұмыстарына 10 352,3 мың теңге қаржы қаралып, «Даулет Компани Трейд» ЖШС-гі күтіп ұстау жұмыстарымен айналысуда.         Ағымдағы жылы Темірлан ауылының Абылайхан көшесіне жарықтандыру құралдарын орнату жұмыстарына 2 629,5 мың теңге қаржы қаралып 39 дана жарықтандыру құралдары орнатылды.

Темірлан ауылы Оразбаев және Сатыбалды көшелеріне жарықтандыру құралдарын орнату жұмыстарына 2 329,6 мың теңге қаржы қаралып 34 дана жарықтандыру құралдары орнатылды.

Қараспан ауыл округі, Ақжол елді мекеніндегі Орталық көшеге жарықтандыру құралдарын орнатуға 10 295,3 мың теңге қаржы қаралып 66 дана жарықтандыру құралдары орнатылды.

Қараспан ауыл округі, Ақжол елді мекеніндегі Молданазаров көшесіне жарықтандыру құралдарын орнатуға 3 369,6 мың теңге қаржы қаралып 14 дана жарықтандыру құралдары орнатылды.

Елді мекендердің көшелерін көріктендіру, көгалдандыру, абаттандыру бойынша

2017 жылға Темірлан елді мекенінің  көшелерін көгалдандыру жұмыстарын «Қазақ соқырлар қоғамының «Қаскелең» оқу-өндірістік кәсіпорны» 9 719,5 мың теңгеге келісім шарт түзіліп, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

Темірлан елді мекенінің орталық көшелерін абаттандыру жұмыстарын «Қазақ соқырлар қоғамының «Шымкент» оқу-өндірістік кәсіпорны» 20 605,0 мың теңгеге жеңімпаз болып анықталып, біршама жұмыстар атқарды.

Берген ауылына спорт алаңшасы орнату бойынша «Молшылық-1» ЖШС-і 20 932,0 мың теңгеге жеңімпаз болып анықталып, қазіргі уақытта жұмыстар аяқталды.

Темірлан ауылына кіре беріс жеріндегі арканы ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Нур-Амир» ЖШС-і 5 900,0 мың теңгеге жеңімпаз болып анықталып, жұмыстар толығымен аяқталды.

Темірлан ауылынан шыға беріс жерге арка орнатуға «Урба-Стандарт» ЖШС-і 16 800,0 мың теңгеге жеңімпаз болып анықталып, жұмыстар толығымен аяқталды.

«Ордабасы ауданы» белгісін жазуды жалғастыру бойынша «Еңбек Шымкент» түзету мекемесі 6800,0 мың теңгеге жеңімпаз болып анықталып, орнатылды.

Елді мекендердің санитарлық тазалығы бойынша:

2017 жылға Темірлан ауылының санитарлық тазалығы, күл-қоқыстарын полигонға күнделікті тасуға, полигонды күтіп ұстау, қыс уақытысында қарды тазалау жұмыстарына аудандық бюджеттен 16703,0 мың теңге қаржы қаралып, «Темірлан» ЖШС жұмыс атқаруда. Ағымдағы жылы «Темірлан абаттандыру» МКМ-і ашылып, 2018 жылдан бастап жұмысын бастайды.

Елді мекендердің  автомобиль жолдары, ішкі көшелері және көпірлері бойынша

           Ағымдағы жылы аудандық бюджеттен 583,0 млн. теңге қаржы қаралып, 315,6 млн. теңгеге 50,7 шақырым 34 көшеге орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, атап айтқанда:

Нысан атауыКелісім шарт соммасы            Ұзындығы (шқ)мердігер мекеме атауы
Бадам ауыл округі бойынша
1Бадам ауылы Орда м/а №10,11,12,13 көшелерге тас төсеу.78334,0“БАЗИС-К” ЖШС
2Бадам ауылындағы Амангелді көшесін орташа жөндеу63000,9“ЖолСуҚұрылыс” ЖШС
3Бадам ауылындағы Бегелдинов көшесін орташа жөндеу103181,4“Жаңа-Арқа Гарант” ЖШС
4Бадам ауылындағы Құрманғазы, М.Әуезов көшелері17 0120,4“ТММ Береке” ЖШС
Бөржар ауыл округі бойынша
 5Ұялыжар ауылындағы Ысқақов көшесін орташа жөндеу41930,5   “Достық Спец Транс”ЖШС
 6Қайнар ауылындағы Жаманқараев көшесін орташа жөндеу122641,3“Жаңа-Арқа Гарант” ЖШС
Қараспан ауыл округі бойынша
 7Қараспан ауылындағы Береке көшесін орташа жөндеу86001,2“ЖолСуҚұрылыс” ЖШС
 8Сарыарық ауылындағы Жаманқара батыр көшесін орташа жөндеу142001,5“ЖолСуҚұрылыс” ЖШС
 9Қараспан ауылындағы Бимырза көшесін орташа жөндеу23680,4“БАЗИС-К” ЖШС
 10Берген ауылындағы Коновалов көшесін орташа жөндеу192643,0“Жаңа-Арқа Гарант” ЖШС
Қажымұқан ауыл округі бойынша
11Темірлан ауылындағы Аль-Фараби көшесін орташа жөндеу92801,2“ЖолСуҚұрылыс” ЖШС
 12Темірлан ауылындағы Жансүгіров көшесін орташа жөндеу114241,2“ЕР-НУР” ЖШС
 13Темірлан ауылындағы Наурызбай көшесін орташа жөндеу25650,4“Жаңа-Арқа Гарант” ЖШС
 14Темірлан ауылындағы Кенжебаев көшесін орташа жөндеу103041,1“ЕР-НУР” ЖШС
 15Темірлан ауылындағы Мақатаев көшесін орташа жөндеу40320,4 “Жаңа-Арқа Гарант” ЖШС
 16Көктөбе ауылындағы Исмайылов көшесін орташа жөндеу100801,2 “Жаңа-Арқа Гарант” ЖШС
 17Қажымұқан ауылындағы Үндемесов көшесін орташа жөндеу44800,6“ЕР-НУР” ЖШС
Төрткөл ауыл округі бойынша
 18Арыстанды ауылындағы Парасат, Жаңтұрмыс, Атамұра көшелеріне тас төсеу28002,1“ЖолСуҚұрылыс” ЖШС
 19Елшібек батыр ауылындағы Нұрсейітов көшесін орташа жөндеу103781,3“Жаңа-Арқа Гарант” ЖШС
 20Еңбекші ауылындағы Желтоқсан көшесін орташа жөндеу79091,1“Жаңа-Арқа Гарант” ЖШС
 21Қызылжар ауылындағы Әлімқұлұлы көшесін орташа жөндеу107401,4“ЖолСуҚұрылыс” ЖШС
 22Төрткөл ауылындағы Жартыбайұлы көшесін орташа жөндеу79000,9“ЖолСуҚұрылыс” ЖШС
 23Төрткөл ауылындағы Б.Момышұлы көшесін орташа жөндеу156002,2“ЖолСуҚұрылыс” ЖШС
Шұбар ауыл округі бойынша
24Тоқсансай ауылындағы Қажымұқан көшесін орташа жөндеу68320,8“Жаңа-Арқа Гарант” ЖШС
 25Шұбар ауылындағы Дала көшесін орташа жөндеу78661,0“Жаңа-Арқа Гарант” ЖШС
 26Аққойлы ауылындағы Пердебаев көшесін орташа жөндеу67200,8 “ЕР-НУР” ЖШС
 27Жусансай ауылындағы Тазабек көшесін орташа жөндеу117071,3“Жаңа-Арқа Гарант” ЖШС
 28Береке ауылындағы Адылдык көшесін орташа жөндеу56000,7“Жаңа-Арқа Гарант” ЖШС
 29Шұбар ауылындағы Ш.Уәлиханов көшесін орташа жөндеу8 889,001“ТММ Береке” ЖШС
Шұбарсу ауыл округі бойынша
 30Шұбарсу ауылындағы Төле би көшесін орташа жөндеу192022,6“Жаңа-Арқа Гарант” ЖШС
 31Шұбарсу-2 массивіне баратын жолға тас төсеу74763,5“БАЗИС-К” ЖШС
 32Атамекен массивіндегі көшені орташа жөндеу72520,9“АзияКомплексСтрой” ЖШС
Жеңіс ауыл округі бойынша
 33Дихан ауылына кіре беріске тас төсеу270009,5“Жаңа-Арқа Гарант” ЖШС
Бөген ауыл округі бойынша
 34Бөген ауылы Тұрманжанов көшесін орташа жөндеу18 0271,1“ТММ Береке” ЖШС
ЖИЫНЫ:315 58850,7 

 

Бейнекамералар мен бағдаршамдар бойынша:

2017 жылға – аудандық бюджеттен бейнебақылау камераларын орнатуға және қайта қалпына келтіру жұмыстарына 19 млн. 476 мың теңге қаралып, электронды мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша 8 690,0 мың теңгеге «Квадротек» ЖШС-і жеңімпаз анықталып, келісім шарт түзілді.

2017 жылға – аудандық бюджеттен Темірлан елді мекенінің бағдаршамдарын ауыстыру жұмыстарына 10 818,0 мың теңге қаралып, 8 654,2 мың теңгеге «Жарық және Құрылыс» ЖШС-і жеңімпаз мердігер болып анықталды. Қазіргі уақытта жұмыстар толығымен аяқталып, Темірлан ауылының Қажымұқан-Абасов, Әзімбаев-Абасов қиылыстарына 18 дана бағдаршам және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған 8 дана дыбысты белгі орнатылды.

Коммуналдық тұрғын үйлер бойынша:

2017 жылы 30-қараша күні аудан орталығы Темірлан ауылындағы жаңадан салынған 2 пәтерлі 14 коммуналдық тұрғын үйлерді кезекте тұрған 21 халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз отбасыларға, 5 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және 2 бюджеттік қызметкерге қолданыстағы заңнамаларға сәйкес берілді.

Тұрғын үйлерді жаңғырту бойынша

Көп қабатты 33 тұрғын үйлердің 31 үйлеріне құжаттары толығымен рәсімделіп, аудандық Әділет басқармасынан тіркеуден өткізілді.

Қалған 2 көпқабатты тұрғын үй кондоминиум нысанына жатқызылмайтыны анықталып, тізімінен алу бойынша облыстық салалық басқармаға хат жазып, тізімнен алынды.