10
01 / 2018

Ордабасы ауданы әкімі Р.Кайпжановтың «Ауданның 2017 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2018 жылғы алда тұрған міндеттері туралы» аудан тұрғындары алдында есепті баяндама тезисі

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ

Жалпы ауданда атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өндірілген ішкі аймақтық өнім көлемі 54 млрд. 203 млн. 862 мың теңге болып, тиісті кезеңмен салыстырғанда (50 млрд. 999 млн. 597 мың теңге) 6,3 пайызға артты.

 

БЮДЖЕТТІК САЛЫҚТЫҚ САЯСАТ

Бюджет жыл басында 14 млрд. 817 млн. 139 мың теңгеге бекітіліп,  жыл ішінде 2 млрд. 821 млн. 562 мың теңгеге ұлғайып, 17 млрд. 638 млн. 701 мың теңгені құрады, оның ішінде жергілікті кірістер 1 млрд. 641 млн. 842 мың теңге немесе 623 млн. 840 мың теңгеге артқан.

Жалпы салықтардың кіріс жоспары 2 млрд. 177 млн. 931 мың теңгенің орнына 3 млрд. 382 млн. 963 мың теңге түсіп, 155,3 пайызға орындалды, оның ішінде жергілікті түсімдер 135,2 пайызға орындалып, 429 млн. 904 мың теңге артығымен түсті.

 

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ

Ауыл шаруашылық саласында 30 млрд. 715 млн. 400 мың теңгенің өнімі өндіріліп, (29 млрд.433 млн.800 мың теңге) 2016 жылмен салыстырғанда 104,3 пайызды құрады. Оның ішінде мал шаруашылығының өндірісі 16 млрд. 042 млн. 600 мың теңге, егін шаруашылығы бойынша 14 млрд. 672 млн. 800 мың теңгенің өнімі өндірілді.

Аудан көлемінде – 55 172 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары отырғызылып, (тапсырма 53200 га) 104 пайызға орындалды. Сонымен қатар – 32 300 гектар суармалы жер  игерілді.

Ауыл шаруашылық дақылдарының  егістік алқаптары бойынша, аудан дихандары 16426 гектар бидай, 5236,6 гектар дәндік жүгері, 1141,4 гектар күнбағыс, 3924,1 гектар мақсары, 2707гектар көкөніс, 409 гектар картоп, 1939 гектар бақша, 7 071 гектар  мақта дақылдарын отырғызылды.

Аудан бойынша 800 га суармалы жердің көлемін ұлғайту тапсырмасы 112,5 пайызға (900 га) орындалды.

Терең қопсыту технологиясын енгізу 8 800 га межеленсе, нақты 8839 га 100,4 пайызға орындалды.

Тамшылатып суару әдісін қолдану  тапсырма 700 га, орындалғаны 776,8 га  тапсырма 110,9 пайызға орындалды.

Жылыжай шаруашылығын дамыту қосымша – 16.05 гектарға салынып (тапсырма 16 га) 100,3 пайызға орындалды.

Аудан көлемінде – 62 жаңа ауылшаруашылық техникалары алынып, 1500 ден аса шаруаларды біріктіретін, – 28 бірлік ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері құрылды.

Мал шаруашылығында «Сыбаға» бағдарламасымен 947 бас ірі қара мал алу жоспарланып, 1971 бас ірі қара алынып, тапсырма 208,1 пайызды;

«Алтын асық» бағдарламасымен 4 950 бас қой алу жоспарланса, 6804 бас қой алынып, тапсырма 137,5 пайызды;

«Құлан» бағдарламасы бойынша 431 бас асыл тұқымды жылқы алуға тапсырма беріліп, 433 бас алынып, тапсырма 100,5 пайызды құрады.           Жалпы «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламаларымен 9208 мал басы алынды. 282 бірлік  мал бордақылау алаңдары ашылып, 101 пайызға (тапсырма 277) орындалса,  60 жанұялық сүт фермалары ашылып 126,7 пайызға (тапсырма 45) орындалды.

2016 жылмен салыстырғанда, ірі қара мал саны 56 338 жетіп 4,7 пайызға, қой саны 298 231 жетіп 9,8 пайызға, жылқы саны 20 922 жетіп 8,9 пайызға және түйе саны 633 жетіп 35,5 пайызға артып отыр.

Қараспан, Шұбар, ауыл округтертерінен 2  модульді сүт қабылдау бекеті ашылды. Бөржар, Төрткөл ауыл округтерінен ашылған 2 сүт қабылдау бекеттері «Компания ФутМастер-Шымкент» ЖШС-мен келісім шарт түзіп 1,0 тонналық 2 танкер орнатылып, өндірілген сүт 78-83 тг аралығында өткізіліп отырды.

Бадам ауыл округінен тәулігіне 50 тонна сүт өңдейтін «Бөрте Милка» ЖШС-і сүт зауыты іске қосылды.

Сонымен қатар, Қажымұхан ауыл оругінен «Асыл-тұқымды шаруашылық. Ордабасы ешкі сүт өнімдері» АӨК құрылып, Нидерланды мемлекетінен 500  бас асыл тұқымды ешкілері («Заанен» тұқымы) сатып алынды. Жобаның даму келешегі «Заанен» асыл тұқымды ешкілерін 6000 басқа ұлғайту және тәулігіне 15 тонна сүт өндеу жоспарлап отыр.

 

ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫ

           2016 жылы ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерін пайдаланбай жатқан  80 жеке және заңды тұлғалар 8031 гектар жер телімі анықталып, Оңтүстік Қазақстан облысы жер инспекциясына  шара көру үшін хат жолданып,  23 жеке және заңды тұлғалардың 862,77 гектар жер телімі аудандық жер қорына қайтарылды.  11 жеке  және заңды тұлғалардың 2281,3 гектар жер телімі пайдалануда, қалған 46 жеке және заңды тұлғалардың 4885,93 гектар жер телімдеріне келісім шартты бір жақтама қайтару жұмыстары жүргізілуде.

Оның ішінде 594,85 га жер қайтару үшін құжаттары сотқа жіберілді.            3207,96 га жер төрағаларына ескерту нұсқамасы таратылды. Көрсетілген гектарлар бойынша жер телімдерін қайтару жұмыстары осы жылға тағайындалып отыр.

2017 жылы ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерін пайдаланбай жатқан  5034 гектар жер телімі анықталып, Оңтүстік Қазақстан облысы жер инспекциясына  шара көру үшін хат жолданды.

 

ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫ

Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізу үшін республикалық бюджеттен 155 млн. 343 мың теңге, көктемгі және күзгі энзоотиялық аурулардың алдын алуға  аудандық бюджеттен 25 млн. 765 мың теңге қаралып, игерілді.

Аудан тұрғындарын құтыру ауруынан қорғау мақсатында аудандық бюджеттен 3 млн. 072 мың теңге қаралып, 3 814 бас қаңғыбас ит және 186 бас қаңғыбас мысық ауланып, жойылды.

Жоспарланған 148 164 бас ірі мал 100 пайызға бүркіліп, 671 147 бас уақ мал 100 пайызға тоғытылды. 4 081 200 шаршы метр қоражайлар мен жапсарлас аумақтар 100 пайызға залалсыздандырылды.

85 408 бас ірі қара малдан, 384 116 бас уақ малдан, 432 бас түйеден,  264 бас жылқыдан, 2 971 шошқадан қан сынамалары алынып, бруцеллез ауруына оң белгі берген 20 бас ірі қара мал, 24 бас уақ мал санитарлық талапқа сәйкес союға тапсырылды.

 

ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ

Жалпы өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 15 млрд. 165 млн. 462 мың теңгені құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (14 млрд. 843 млн. 756 мың теңге)  4,3 пайызға артты (өсім бойынша облыста тоғызыншы орында).

Ауданда 1 индустриялды аймақ, 1 өндірістік аймақ жұмыс істеуде.

Бадам ауыл округіндегі Қазақ-Түрік индустриялды аймағының 19,3 га жер теліміне 15 млрд. 863,5 млн. теңгенің 8 инвестициялық жобасы (921 жұмыс орны) өңірлік үйлестіру кеңесінің оң қорытындысымен аймаққа орналасуға мүмкіндік алды.  Аймақта іске асырылған  «Gold Aluminium» ЖШС-нің базасында «Artel Manufacturing» ЖШС-нің инвестициялық құны 102 млн.теңгені құрайтын тұрмыстық техника газ плитасын құрастыру зауыты 30 жұмыс орнымен іске қосылды.

Бадам өндірістік аймағының 93,0 га жер теліміне 37 млрд. 420 млн. теңгенің 4 инвестициялық жобасы (646 жұмыс орны) аймаққа орналасуға мүмкіндік алып, аймақта индустрияландыру картасы аясында «KAZKIOTI» ЖШС трактор зауыты (30,0 га) және «Karlskrona LB AC» ЖШС болат құю зауыты (10,0 га) іске қосылып жұмыс жүргізуде.

Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында «Бөрте Милка» сүт тауарлы фермасының базасында  Швейцарияның алдыңғы қатарлы жаңа технологиясымен қуаттылығы тәулігіне 40 тонна сүт  өңдеу зауыты 64 жаңа жұмыс орнымен іске қосылды.

 

КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ (шағын және орта кәсіпкерлік)

Шағын және орта бизнес субъектілерімен өндірілген өнім (жұмыс, қызмет) көлемі 44 млрд. 100 млн. теңгені құрап, тиісті кезеңімен салыстырғанда 105 % артып, одан түскен салық көлемі 661 млн. 500 мың теңгені құрады. Жұмыспен қамтылған адам саны 21 217 өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 102,5% немесе  517 адамға артты.

Жергілікті деңгейдегі кәсіпкерлермен шағын несие ұйымдары арқылы 3 млрд. 186 млн. теңге несие қаржы игерілді.

 

ИНВЕСТИЦИЯ

Ауданға тартылған инвестиция көлемі 10 млрд. 176 млн. 100 мың теңгені құрап, (9 млрд. 826 млн. теңге)  тиісті кезеңмен салыстырғанда 1,7 пайызға төмендеген. Оның ішінде ұйымдардың өз қаржысы есебінен тартылған жеке инвестиция көлемі 5 353,6 млн.теңге, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 115,9% артты.

55 инвестициялық жобаға бюджет есебінен 4 млрд. 731млн. 817теңге жұмсалды (6 мектеп құрылысы, 1 ауыз су құрылысы, 32 ЖСҚ және басқалары 9).

                                               КОММУНАЛДЫҚ САЛА

Ауыз су: Аудан көлеміндегі 57 елді мекеннің 40-ы құбырлы ауыз сумен 24 сағат қамтылып, 90,3 пайызды (106 698 адам) құрап отыр. 17 елді мекен тұрғындары құдық суын пайдаланады, ол жалпы халықтың 9,7 пайызын құрайды.

1 елді мекенге (Спатаев е/м) ауыз су құбыры құрылысы жүргізіліп 1245 адам немесе 211 абонент ауыз сумен қамтылды.

Дербес елді мекенінің ауыз су жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарына 35,0 млн. теңге бөлініп, жұмыстар аяқталды.

Жергілікті бюджет есебінен 30 елді мекенде сумен жабдықтау және су жүйесінің жұмыс істеуіне 133 114,9 мың теңге жұмсалды.

19млн. 352 мың теңгеге Жеңіс, Қызылжар, Ордабасы ауылдарындағы мембрандық қондырғыларды ағымдағы жөндеуден өтті.

11 млн. 720 мың теңгеге 28 елді мекеннің ауыз су жүйелерінің конденсаторлық электрүнемдеуші қондырғылар орнатылды.

3 елді мекенге ауыз су құбырын жүргізуге (Арыстанды, Боралдай, Жусансай) жобалық сметалық құжаттамасы жасалып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Биылғы жылы құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Электр энергиясы: «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС–нің инвестициялық бағдарламасы аясында ұзындығы 38,101 шақырым электр желілерінің жоғарғы кернеулі оқшаулағыш сымдары, 894 дана ағаш бағаналары темір бетон бағаналарына ауыстырылды.

Аудан бюджеті есебінен жобалық сметалық құжаттары әзірленген 3 нысаның (Қажымұқан ауыл округі Байкал, Ескі Мешіт және Қажымұқан ауылының Жаңа құрылыс аумағы) құрылыс-монтаж жұмыстарына облыстық бюджеттен 132,192 млн. теңге жұмсалды.

Төрткөл, Қараспан елді мекендерінің Жаңа құрылыс аумақтарын электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін, жобалық сметалық құжатамасын  әзірлеуге аудандық бюджеттен 7 млн. 643 мың теңге қаржы қаралып, сараптамадан өткізілді. Сонымен қатар облыстық бюджеттен 2017-2018 жылдарға Шұбарсу елді мекенінің 1-ші кезеңін электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге 15 млн. теңге  және «Бадам» қосалқы станциясына жобалау сметалық құжаттама әзірлеуге 135 млн. теңге қаржы қаралды.

Газдандыру: “Бейнеу-Шымкент” магистралды газ құбырынан Темірлан елді мекені арқылы Арыс қаласына дейін тартылатын газ құбырын салу құрылысы» жобасына жалпы 4 млрд. 731 млн.  теңге қаралып, 2017 жылы құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.

           Темірлан елді мекенінің ішкі газ тарату жүйесінің құрылысына жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Ішкі газ тарату жүйесінің құрылысы  2018-2019 жылдары жүргізіледі.           Қажымұқан, Көктөбе, Боралдай, Қызылсеңгір, Теспе, Ықыластемір елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін 25 934,0 мың теңгеге жобалық сметалық құжатамасы әзірленді.

Ықыластемір, Теспе елді мекендерінің табиғи газ жүйесінің құрылысына облыстық бюджеттен 2017-2018 жылдарға 205 604,3 мың теңге қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Қажымұқан, Көктөбе, Боралдай, Қызылсеңгір елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жобалық сметалық құжатамасы әзірленіп, сараптамадан өткізілуде.

Облыстық бюджеттен Амангелді, Ынталы, Батыр ата елді мекендеріне 19,6 млн теңге қаржы қаралып жобалық сметалық құжатамасы әзірленуде.

Аудандық бюджет есебінен Төрткөл, Қарақұм, Бөген, Жеңіс ауылдарын табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеуге 45 127,2 мың теңге қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде.

Қосымша 33 елді мекенге (Шұбарсу, Шұбар, Тоқсансай, Береке, Жусансай, Аққойлы, Сарытоғай, Бірлік, Жамбыл, Қараспан, Берген, Мақташы, Төреарық, Көлтоған, Ақжол, Бейсен, Жұлдыз, Ынтымақ, Ақпан, Жаңатұрмыс, Мәдениет, Сарыарық, Кемер, Қызылжар, Спатаев, Елшібек батыр, Көкарал, Еңбекші, Жайылма, Ақсары, Арыстанды, Нұра)  сәулет жоспарлау тапсырмасын әзірлеуге қажетті сәйкестендіру құжаттарын алу үшін аудандық бюджеттен 36,5 млн. теңге қаралып, жұмыстар жүргізілуде.

Жол жөндеу: Аудандық бюджеттен 583,0 млн. теңге қаржы қаралып, 315,6 мың теңгеге 50,7 шақырым 31 көшеге орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2017 жылы аудандық маңызы бар жолдарға және ішкі көшелерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 30 756,1 мың теңгеге 11 нысанға жобалық сметалық құжаттамалары әзірленуде.

 

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ

           Білім саласы бойынша 2016 жылдан 2017 жылға өтпелі болып саналатын  жергілікті бюджет есебінен 1 нысан (1-Мамыр мектебі), облыстық бюджет есебінен 1 нысанның (Б.Нұрлыбеков мектебі) қосымша ғимарат құрылысы, республикалық бюджет есебінен 1 нысан (Жамбыл ат. мектебі) пайдалануға берілді.

Республикалық бюджет есебінен 1 нысан (Достық ) облыстық бюджет есебінен 2 нысанның (Береке және Теспе мектептері) құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Тұрғын үй саласы Темірлан елді мекенінен 14 екі пәтерлі инженерлік-коммуникациялық жүйелерімен (ауыз су, жол, электрмен) қамтамасыз етілген коммуналдық тұрғын үйлер пайдалануға берілді.               Денсаулық сақтау саласы бойынша Шұбар ауылындағы дәрігерлік емхана және Амангелді,Сарыарық ауылдарында фельдшерлік акушерлік пунктердің құрылысы жүргізілді.

Шұбарсу ауылында жеке кәсіпкердің өз қаражаты есебінен (жоба құны 1 млрд. 200 млн теңге) емхана құрылысы жүруде.

           Спорт саласы бойынша Темірлан ауылынан салынатын кіші футбол алаңына арналған жабық қаңқа арқылы брезент жаппа имаратының құрылысы пайдануға берілді.

Аудан бюджеті есебінен 12 нысанға жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде. (Темірлан елді мекені «Самал 2,3» мөлтек ауданының инженерлік-коммуникациялық желілерінің жобасы бітіп облысқа ұсыныс берілді, аудан әкімдігіне бағынысты бөлімдерге арналған ғимарат құрылысы, Темірлан орта мектебінің жанынан қосымша 600 оқушы орындық, Байкал мөлтек ауданынан 300 орындық, Жаңа мешіт жанынан 600 оқушы орындық мектеп құрылыстары, Төрткөл ауыл округі Арыстанды елді мекеніндегі 200 орындық мектеп құрылысы, Шұбар, Қарақұм, Бадам ауылдарынан  мәдениет үйін салу,  Бадам ауыл округі, Ордабасы елді мекенінен 200 орындық мектеп құрылысы, Бөржар ауыл округі, Бірлік елді мекенінен  200 орындық мектеп құрылысы, Шұбарсу елді мекені «Ынтымақ» жалпы орта мектебіне 300 орындық оқу корпусі құрылысы)

 

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

2017 жылы 3 542 отбасындағы 18-жасқа дейінгі 13 486 балаға 272 млн. 622 мың теңге жәрдемақы төленіп, 2016 жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 159 балаға  төмендеп, 9 млн. 128 мың теңгеге кеміді.

Аз қамтамасыз етілген мұқтаж отбасылар 12 отбасы мен, кедей азаматтар 76 адамды құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 35,0 пайызға төмендеді (41 адам).

Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар  саны 42,8 пайызға төмендеп, аудан көлеміндегі  отбасылардың (17 585 отбасы) 0,1 пайызын құрады  (2017 жыл  12 отбасы, 2016 жыл 21 отбасы).

            Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесі отбасы санына шаққанда (17 585 отбасы) 2015 жылы 5,6 пайыз, 2016 жылы 5,3 пайызды құраса 2017 жылы 5,1 пайызды құрап төмендеуде.

«Өрлеу» жобасына 2017 жылдың қорытындысы бойынша  1427  отбасының 8326 адамы қатысып, жалпы республикалық және жергілікті бюдеттен 492 598,0  мың теңге шартты ақшалай көмек төленді.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті     дамытудың 2017-2021  жылдарға   арналған  бағдарламасы» бойынша 4002 қатысушы  азаматқа  әлеуметтік   қолдау  көрсетілді.  Жоспар 142,1 пайызға орындалды.

Бағдарламаның 1 бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету»  бойынша    қысқа  мерзімді  курстарға 439 азамат 20 мамандық бойынша 6 оқу ұйымына жолданып, оның ішінен 231 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Кәсіби оқуға 95 азамат жолдама алды.

Бағдарламаның екінші бағыты «Кәсіпкерлік  бастамашылықты   ынталандыру»  бойынша Кәсіпкерлік  негіздеріне  180 азамат оқуға жолданды. 135 азамат 408,460 млн теңге шағын несие алды. Несие алған азаматтар тарапынан 85 қосымша  жаңа  жұмыс  орындары ашылды.

Бағдарламаның  3 бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту»  шеңберінде тұрақты  және  уақытша  жұмысқа, жаңа  жұмыс  орындарына нақты 2511 азамат жолдама алды,. Оның 2097 азаматы тұрақты жұмысқа, 414 азаматы уақытша жұмысқа жолданды.

 

БІЛІМ САЛАСЫ

           Білім саласына 8 млрд. 675 млн. теңге бағытталып, әр оқушыға шаққанда 308,8 мың теңгені құрады (аудан бюджетінің 44 пайызы).            Аудан бойынша 1734 мектеп бітірушінің 1210 (69,3%) ҰБТ-ге қатысып, қатысушылардың орта балы 64,3 пайызды құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда – 8 балға төмендеген.                Жергілікті бюджеттен 1 мектепке (Б.Кенжебаев), 2 балалар бақшасына (Ақмарал, Қарлығаш б/б) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2 балалар бақшасының (Ақмарал, Қарлығаш б/б) жылыту жүйелері газбен жылыту жүйелеріне ауыстырылды.

Өткен жылы үш жекеменшік бала бақшаларда 275 орын және жұмыс істеп келе жатқан бала бақшаларға қосымша ғимараттар салынып топтар ашылуына байланысты қамтылу пайызы 85,5 пайызды құрады.

 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ

Ауданда дәрігерлердің жалпы саны 10 мың тұрғынға шаққанда көрсеткіші 16,9  құрауда.

Дәрігерлердің ішінде жоғары санаттысы – 78, 39.2% , I санаттысы – 47, 23,6%, II –санаттысы -37, 18,5. Өткен жылы 80 білімдерін қайта жетілдіріп келді.

Денсаулық сақтау саласындағы халық денсаулығының медициналық-демографиялық негізгі көрсеткіштері  өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жақсарып келеді.               Нәрестелер өлім жітімі көрсеткіші тиісті кезеңмен салыстырғанда 28 пайызға азайған, эндокриндік ауру 16,7 пайызға,төмендесе, қан айналым жүйесі аурулары 10,1 пайызға жоғарлаған, жүйке жүйесі ауруы 11,4 пайызға жоғарлаған, жарақаттар 8,3 пайызға азайған.

Ана өлімі көрсеткіші 2016-2017 жылдары болмаған.

Тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы соңғы бес жылда 65,3-тен 70,5 жасқа артты.

СПОРТ САЛАСЫ

Ауданның спорт саласына жалпы 143 млн. 989 мың теңге бағытталып, оның ішінде спорттық іс-шараларды өткізу мен қатысуға 33 млн. 109 мың теңге бөлінді.

Жыл ішінде 28 республикалық, 49 облыстық спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, аудан спортшылары ҚР 12 спорт шеберлігіне үміткер, 250 спорттық разрядтық қорғады.

Аудан көлемінде 192 спорт ғимарат пен алаңшада 33 200 адам тұрақты түрде спортпен айналысып аудан халық санына шаққанда 28,1 пайызды құрады.              Былтырғы жылы жергілікті бюджет есебінен Темірлан ауылынан кіші футбол алаңшасы, демеушілер есебінен Қажымұқан елді мекенінен 1 Шұбарсу елді мекенінен 2 жабық кіші футбол алаңшалары ашылды.

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ

Жалпы мәдени ошақтарында 938 түрлі тақырыпта мәдениет іс-шаралар өткізіліп, 81 000 мыңнан астам адам қамтылды.

Шұбар, Қарақұм, Бадам ауылдарынан 150 орындық мәдениет үйін кітапханасымен салуға жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, жобалық сметалық құжаттары мен сараптама қорытындысы дайындалды.

 

 

ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ

Қоғамдық-саяси, діни ахуал тұрақты. Ауданда 3 этномәдени орталықтардың бөлімшелері (Славян, Түрік, Күрді) жұмыс атқарады. Діни экстремизм мен терроризмнің және ұлтаралық шиеленістер мен қақтығыстардың алдын алу мақсатында құрамы 51 адамнан құралған                              12 ақпараттық-насихаттық топтар жұмыс жүргізеді.

Ақпараттық-насихаттық топ жұмыс жоспарларына сәйкес 174 кездесу өтіп, 10576 адам қамтылды. (86-і мектептерде, 68 ауыл тұрғындарымен 20-ы мешітерде).

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫ

Өткен жылы жалпы 584 қылмыс тіркеліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда (2017 жылы 643 қылмыс)  – 9,2 пайызға кеміген.

Ұрлық қылмыстары 12,9 пайызға, пәтер ұрлығы 22,2 пайызға, мал ұрлығы 11,1 пайызға, көшелерде орын алған қылмыстар 4,9 пайызға, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 1,1 пайызға кеміген.

           Қылмыстың алдын алу болдырмау мақсатында аудандық бюджеттен бейнебақылау камераларын орнатуға және қайта қалпына келтіру жұмыстарына 19 млн. теңге қаралып, аудан орталығы Темірлан ауылының 5 жеріне бейнебақылау камералары орнатылды, бұл жұмыстар үстіміздегі жылыда жалғасын табатын болады.

 

ҰСЫНЫС ПІКІРЛЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ

2017 жылы есеп беру барысында жалпы аудан тұрғындарынан 112 ұсыныс-пікір түсіп, барлығы дерлік сараланып, іске асыру іс-шаралар жоспары бекітілген. 112 ұсыныс-пікірдің  44 нақты шешімін тауып, 30-ы 2018 жылдың бюджетіне, 16-і 2019 жылдың бюджеті жобасына енгізілді, 4-і  “Оңтүстік Жарық Транзит” ЖШС-нің инвестициялық жобасына енгізілген, 15-і тұрақты бақылауға алынған.

2018 жылы атқарылатын міндеттер мен жоспарлар:

Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында 2018 жылы ауыл шаруашылық және өнеркәсіп саласында жаңа өндіріс орындарымен шағын кәсіпорындар ашу арқылы жұмыссыздықты жоюмен қатар жергілікті бюджетке түсетін салықтардың түсімін арттыру, ел игілігіне қажетті әлеуметтік нысандар құрылыстарын жүргізуге бағытталып отыр.

2018 жылға арналған ауданның бюджет көлемі 14 млрд. 870 млн. 697 мың теңге болып бекітілді, оның ішінде жергілікті кірістер 1 млрд. 132 млн 968 мың теңге (ауыл округі бюджеттерін қосқанда).

           Ауылшаруашылық саласы бойынша жалпы өнім көлемін 36 млрд теңгеге, егістік жерлердің көлемін 54 200 гектарға жеткізіп, қосымша 1000 гектарға ұлғайту, жылыжай көлемін қосымша 16 гектарға, қарқынды бау (жеміс, жүзім, жаңғақ) көлемін 187 гектарға ұлғайту, сондай-ақ «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары бойынша асыл тұқымды мал басын 6583 басқа арттыру жоспарлануда.

Бөген ауыл округінен «Қарабала»Ш/Қ мен «Миграж Б» ЖШС-гі мал бордақылау алаңын  ағымдағы жылы 1000 басқа ұлғайтуды және Қарақұм ауыл округінен «Сәтті жол-1» АӨК ет өңдеу цехын іске қосуды жоспарлауда.

           Өнеркәсіп өнімінің көлемін 17 млрд. 934 млн. теңгеге жеткізіп, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индекісі 105% жеткізу жоспарланды.

Қазақ-Түрік индустриялды аймақта орналасқан, индустрияландыру картасы аясында құны 7 млрд. 025 млн  теңгені құрайтын 3 жобаны, 190 жаңа жұмыс орнымен  ашу.

«Gold Aluminum (Голд Алюминум)» ЖШС-гі Түркия және Қытай елінің озық технологияларын пайдаланып пластик өндірісін құру жобасы (204 млн.тг., 50 жұмыс орны).

Бадам өндірістік аймақта орналасқан “ABF INVEST” ЖШС-нің полиэтилен бұйымдарын қайта өңдейтін зауыт, құны 6 млрд. 600 млн  теңгеге, 100  жаңа жұмыс орнымен  ашылады деп жоспарлануда.«Бадам өнімдері» ЖШС-нің Қытай елінің озық технологияларын пайдаланып жаңа қыш зауытын құру жобасы (221 млн.т. 40 жұмыс орны) ашылады деп жоспарлануда.

           Білім саласында  Биылғы жылы мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу бағыты бойынша 700 орынға 5 жеке меншік балабақша ашып, балаларды мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің  қамтуын 87,5 пайызға жеткізу жоспары.

           Құрылыс саласында Теспе,  Береке ауылдарынан 200 орындық, Шұбарсу ауылынан 600 орындық «Достық» жалпы орта мектептерінің құрылысын аяқтап пайдалануға беру.

Арыстанды, Ордабасы ауылдарынан 200 орындық жалпы орта мектепқұрылыстары басталады.

Сонымен қатар Темірлан ауылынан 600 орындық 2 мектеп, Темірлан ауылы Байкал мөлтек аумағынан 300 орындық мектеп құрылысы мен  Шұбарсу ауылындағы «Ынтымақ» атындағы орта мектепке 300 орындық оқу корпусінің  құрылысы үшін жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, облыстық бюджетке құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін қаржы қарастыруға ұсынылатын болады.

           Коммуналдық сала бойынша Арыстанды, Боралдай, Жусансай ауылдарының ауыз су жүйесінің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.

2017 жылдан өтпелі «Ықыластемір және Теспе ауылдарын табиғи газбен қамту» нысанының толығымен аяқталуын қамтамасыз ету.

Темірлан ауылын табиғи газбен қамтамасыз ету құрылысы, «ПМК» аумағында жаңадан  электрмен энергия жүргізу,  Самал 2,3 мөлтек ауданын инженерлік-коммуникациялық жүйелермен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілетін болады.

Ордабасы ауданы әкімдігінің қаулысымен «Темірлан аббатандыру» коммуналдық мемлекеттік мекемесі штаттық саны  барлығы -128,5  бірлікпен ашылды.   КММ негізгі атқаратын қызметтері теңгерімдегі аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен аудандағы елді мекендердің ішкі көшелерін, автотұрақтарды оның ішінде айып автотұрақтарды, суағарлар, гүлзарлар, субұрқақтар, көше жарықтандыру құралдарын және жаяу жүргіншілер жолдарын, саябақтарды, көше бойындағы теңгерімдегі бағдаршамдар, бейнебақылау жүйелерін, көше бойындағы теңгерімдегі көрнекі құралдар, билбордтарды күтіп ұстаумен аудан көлеміндегі елді мекендерде теңгерімдегі мүлікттерді санитарлық тазалығын қамтмасыз ету.