15
01 / 2018

Ордабасы ауданы бойынша «проактивті» қызмет түрі арқылы алғашқы  сәби туу туралы куәлікке қол жеткізді

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ордабасы аудандық бөлімінің басшысы Мурашимов Жомарт мемлекеттік қызметтердің проактивті принципі бойынша туу туралы куәлікке өтініш берген аудан тұрғыны Тангирбергенова Айнұрға туу туралы куәлігін  табыс етті. Аталған қызмет түрін пайдаланған жас ана Айнұр Тангирбергенова өз қызын Асылайым деп атапты.

Сонымен қатар жаңа туған сәбиді бірден балабақша кезегіне тіркеген.

Айнұр Тангирбергенова, Ордабасы ауданының тұрғыны: – Қызымды дүниеге әкелген күні маған ХҚКО қызметкерлері келіп, СМС хабарлама қызметін қолдануды ұсынды. Мамандардың кеңесімен мен ең алдымен мобильді азамат базасына тіркелдім, одан әрі маған смс арқылы  құттықтау хабарламасы келді. Барлық хабарламаға орынды жауап беріп отырдым.  Талаптардың түгел орындаған соң, ұлымды тіркеуден өткіздім. Бұл қызмет маған ұнады. Қолдану да оңайырақ.

Пилоттық жоба іске қосылғаннан бері SMS-хабарлама арқылы Оңтүстік облыс бойынша 100 астам әйелге SMS-хабарлама арқылы құттықтау келіп, сәбиді тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтерді проактивті принциппен алу ұсынысы жасалды. Бұл орайда Электрондық үкімет порталы барлық мәліметтерді түрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен жинап, ал өзге деректерді SMS хабарлама арқылы ата-анадан сұрайды.

Сондай-ақ, телефон арқылы шот нөмірін жіберіп, жәрдемақыларды рәсімдеуге және балабақшаға кезекке қоюға болады. Ал халыққа қызмет көрсету орталығына  баланың куәлігін алып кету үшін ғана келу керек немесе үйге жеткізу қызметін пайдалануға болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметі