19
01 / 2018

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНДА

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты «Аудандық мәдениет үйі», «Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі», «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы»  мекемелері  халыққа  қызмет көрсетеді.

Жалпы, аудандық мәдениет үйінде аудан көркем өнерпаздарынан құралған вокалды аспаптар ансамблі, «Ордабасы» фольклорлық ансамблі, 5 әжелер ансамблі, (Темірланда 1, Шұбарсуда 1, Атамекенде 1, Ұялыжарда 1, Бөгенде 1) «Темірлан халық театры», «Бауырлар» триосы, «Қыздар» триосы, «Ағалар» триосы, Балғабековтер және Құрманбековтер отбасылық ансамблдері  және «Ай ару» мен «Бейбарыс»  бишілер тобы халыққа қызмет етеді.

Үстіміздегі жылдың 11 айында 885 мәдени іс-шаралар өткізіліп, 76300  көрермендер қамтылды. Бөлім өзінің жұмыс жоспарына сәйкес биылғы  шаралар Қазақстан Республикасы   Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан   халқына   Жолдауын   насихаттауда,

Қазақстан Республикасы   Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының мақсаты мен мүддесін қалың бұқараға кең көлемде жеткізу, Мемлекеттік  рәміздердің 25 жылдығы,  2017 жылы  “Түркістан – Түркі әлемінің  мәдени   астанасы”   болып жариялануы,  Әлем алдында еліміздің мүмкіндіктерін паш ететін Қазақстанда өткен – «ЭКСПО-2017» көрмесі, Алаш қозғалысына 100 жыл толуына орай түрлі іс-шаралар  ұйымдастырылуда. Жыл сайын дәстүрге айналған іс-шаралармен қатар жоспардан тыс қазіргі заман талабына сай мәдени жиындар, даталы мерей тойларды, аудандық байқаулар мен фестивальдер ұйымдастырылды.

Орталық саябақта  ұлтымыздың ұмытылуға айналған ұлттық ойындарын, бестас, асық ойындары, арқан тартыс, асау мәстек, арынды арқан, теппе ләңгі, аш қасқыр, бағлан көтеру тағы басқа кеңінен насихаттау мақсатында ауыл жастары арасында байқау ұйымдастырылды. Аталған жобаны «Қазақстан-Шымкент» телеарнасы толығымен түсіріп жарты сағаттық бағдарламада көрсетілді. Қараспан ауылдық клубында «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» облыстық өнер фестивалі өтіп, нәтижесінде  IIІ орынға ие болдық.

Мәдениет үйінде «Ордабасы» фольклорлық ансамбілінің жергілікті ақын, сазгерлердің шығармаларына арналған «Туған ел әуендері» атты концерт ұйымдастырылды.    Кезекті «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында  ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын таныстыру, жастардың рухты жырлары мен мәңгі өшпес із қалдырған ақынның өлеңдерінен тәлім-тәрбие алуына ықпал ету мақсатында «Жол тапқан бар қазақтың жүрегіне», «Әдебиетіміздің жарық жұлдызы» атты әдеби кештер,  поэзия сағаттары, сонымен бірге «Бір өлке – бір кітап» акция аясында “Жазушы Еркінбек Тұрысовтың “Темірлан” атты кітабын оқуға шақырамыз”,  «Тарихқа жанашыр тұлға», «Өнегелі өмір, өшпес мұра» «Өлеңімен өміршең» атты  әдеби кештер ұйымдастырылды.

«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық  мақтаныш», «Байрақты менің Қазақстаным», «Еліміздің нышаны – еңсеміздің айбыны» атты тақырыптарында  іс-шаралар өткізілді,

Кітапханаларда аудан тұрғындарына  стацонардан тыс қызмет көрсету  жұмысы ұйымдастырылған. Осы бағытта аудандық орталық кітапхана 6 мекемемен: аудандық аурухана, аудандық емхана, аудандық оқушылар үйі, «Арайлым», «Бүлдіршін», «Рахия Ана» балалар бақшасымен келісім-шарт жасап, қызмет көрсетуде. Ауылдық кітапханаларға келе алмайтын  270 оқырманға  қажетті басылымдар әр сенбі сайын үйіне апарылуда.

Аудан тұрғындарына кітапханалық ақпараттық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2 аудандық  кітапхана, 10 ауылдық  кітапханада/ Қараспан, Қажымұқан, Шұбар, Қарақұм, Бадам, Бөржар, Төрткөл, Шұбарсу, Бөген, Жеңіс/ ауылдық кітапханалары компьютермен жабдықталып, 11 кітапхана интернет  желісіне  қосылып, «Республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе» бағдарламасы бойынша жұмыс жасауда.

11 айлық көрсеткіш бойынша кітап қоры- 238 551, оқырмандар  саны – 26201  болса,   келушілер  саны   – 212101,  кітап берілімі – 433703  данаға  жетті.

Тілдерді оқыту және дамыту орталығы бойынша 2017 жылдың 11 айында барлығы 244 адам білім жетілдірді. Қазақ тілі курсын 62, орыс тілін 62 адам оқыды, ағылшын тілін базалық деңгейде 110 адам меңгерді.

Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының ІІІ бағытында көрсетілген міндеттерді іске асыру мақсатында 2017 жылы орталықтың ұйымдастыруымен О.Бөкей атындағы, Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқаулары, орыс тілі білгірлері арасында «Говорун шоу» байқауы, шешендік өнер шеберлерінің «Кәнеки, тілім, сөйлеші», «Мақал сөздің мәйегі» атты аудандық байқаулары, өзге ұлт өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауы, мектепке дейінгі мекемелердің бүлдіршіндері арасында «Бала – болашаққа ана тілімен» байқауы өткізілді, «Славян жазулары күні» мерекесіне орай славян текті ұлттардың концерті ұйымдастырылды. Өзге ұлт  өкілдерінің қатысуымен «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі», «Мемлекеттік тіл және халықтар достығы», «Латын әліпбиі және ел бірлігі» тақырыбында дөңгелек үстел, «Мемлекеттік тіл – мәңгілік елдің мәңгілік тілі» мерекелік іс-шарасы өткізілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында  аудандағы зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен «Латын әліпбиіне көшудің қажеттіліктері» тақырыбында дөңгелек үстел, аудан жастары арасында «Үштілділік – заман талабы» атты үш тіл білгірлерінің байқауын, БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Латын әліпбиіне көшу – әлемдік үдеріске жақындау» тақырыбында баспасөз конференциясын, архивтер мен құжаттама мекемесімен бірлесіп «Латын әліпбиі және қазақ тілі» тақырыбында латын әрпінде басылған баспасөз материалдары мен кітаптар көрмесін, «Кәусар» гимназиясының мәжіліс залында тілдерді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Латын әліпбиіне көшу – әлемдік үдеріске жақындау» тақырыбында конференция  өткізді. Латын әліпбиін насихаттауға байланысты өткізген іс-шаралар туралы әлеуметтік желілерде жарияланды. Облыста өткен «Кәнеки, тілім, сөйлеші» шешендік өнер байқауында Серікбаев Ғарифулла ІІІ орынды, отбасылар арасында өткен «Мақал – сөздің мәйегі» атты байқауда Мұсабаев Сырымның отбасы І орынды, «Бала болашаққа ана тілімен» атты байқауда Қуанышбек Жібек Бас жүлдені, «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауында Давчанова Лализяр ІІ орынды, Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауында  Берікқызы Перизат ІІІ орынды, Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауында Тұрар Ақсәуле ІІІ орынды иеленді. .

Өткізілген қөпшілік шаралар туралы «Ордабасы  оттары», «Шұғыла» , «Білім бұлақ»  газеттерінде  жарияланды.

Кәзіргі таңда Қазақстан Республикасы   Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының мақсаты мен мүддесін қалың бұқараға жеткізу, кең көлемде насихатталуда «Темірлан» халық  театры  драматург- жазушы Байділда Айдарбековтің «Қара мең» 10 көріністі драмасын сахналап,  «Ордабасы» фольклорлық ансамблі жаңа концерттік бағдарламаға дайындалуда. Сондай-ақ, аудан көлеміндегі барлық мәдениет үйлері мен ауылдық  клубтарда және кітапханаларда түрлі  мәдени  іс-шаралар  ұйымдастырылып, жоспарға сәйкес  тұрақты жалғасын табуда.