«Ордабасы ауданында салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын есепке алынатын аймаққа бөлу коэффициентiнбекіту туралы» Ордабасы ауданы әкімдігінің қаулы жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

Түсіндірме жазбада қамтылатын мәліметтердің тізіміӘзірлеуші мемлекеттік органның мәліметі
1.Мемлекеттік орган – жобаны әзірлеушіОрдабасы аудандық экономика және қаржы бөлімі
2.Актіні қабылдау қажеттілігінің негізі«Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 529-бабының 6-тармағының бірінші бөлігіне және  Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №55 бұйрығымен бекітілген Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13285 тіркелген)
3.Акті қабылданған жағдайда оның әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық болжамды нәтижелеріОрдабасы ауданында салық салу мақсатында кәсіпкерлік қызметте қолданылмайтын жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлік объектілерінің құнын есептеу кезінде қолданылатын салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын есепке алынатын аймаққа бөлу коэффициентін бекіту
4.Жобаны іске асыруға байланысты, қаржы шығындарының болжамыЖобаны іске асыруға байланысты, қаржы шығындары қажет етілмейді
5.Нормативтік құқықтық актінің қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субьектілері шығындарының азаюы немесе ұлғаюыНормативтік құқықтық актінің қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субьектілері шығындарының азаюына немесе ұлғаюына әкеліп соқпайды
6.Жобаны қабылдау болжамды тиімділігі, күтілген нәтижелерінің уақыты және нақты мақсаттарыОрдабасы ауданында салық салу мақсатында кәсіпкерлік қызметте қолданылмайтын жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлік объектілерінің құнын есептеу кезінде қолданылатын салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын есепке алынатын аймаққа бөлу коэффициенті айқындалады
7.Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған Ордабасы ауданы әкімдігінің актілері және оның іске асыру нәтижелеріЖоқ
8.Жобаға сәйкес заңдылықты жетілдіру қажеттілігіҚажет емес
9.Мекеме басшысының тапсырмасы бойынша басқа мекемелерде қосымша сараптама жүргізу нәтижелері (құқықтық, экономикалық, қаржылық және т.б.)Қажет емес
10.Басқа мәліметтерОрдабасы ауданы әкімдігінің «Ордабасы ауданында салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын есепке алынатын аймаққа бөлу коэффициентiн бекіту туралы»қаулыжобасы Ордабасы ауданы әкімдігінің ordabasy.gov.kz  интернет ресурсында жарияланған

 

 

Аудандық экономика және қаржы

бөлімінің басшысы                                                         А.Сихымбаева