ЖОБА Ордабасы ауданында салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын есепке алынатын аймаққа бөлу коэффициентiн бекіту туралы 

«Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің               529-бабының 6-тармағының бірінші бөлігіне және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы                 №55 бұйрығымен бекітілген Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  №13285 тіркелген) Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ордабасы ауданында салық салу мақсатында кәсіпкерлік қызметте қолданылмайтын жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлік объектілерінің құнын есептеу кезінде қолданылатын салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын есепке алынатын аймаққа бөлу коэффициенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Ордабасы ауданы әкімінің аппараты заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Түркістан облысының Әдiлет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

4) осы қаулының Ордабасы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Оралбаевқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

    Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы                                                Ғ.Үсенбаев

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Ордабасы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы  ______________ У.Халмұрадов

«____» ________ 2018 жыл

 

Ордабасы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы «    » __________ қаулысына қосымша

 

Ордабасы ауданында салық салу мақсатында кәсіпкерлік қызметте қолданылмайтын жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлік объектілерінің құнын есептеу кезінде қолданылатын аймаққа бөлу коэффициенті

 

Ауыл округінің атауыЕлді мекеннің атауыАймаққа бөлу коэффиценті
1 

 

 

 

Қажымұхан

 

 

 

Темірлан1,85
2Амангелді1,70
3Кажымұхан1,70
4Ынталы1,70
5Көктөбе1,65
6Боралдай1,65
7Қызыл сеңгір1,65
8 

 

 

Бадам

Бадам1,85
9Мамыр1,80
10Дербес1,80
11Ордабасы1,75
12Ақбұлақ1,75
13Қарабастау1,75
14БөгенБөген1,55
15Кемер1,50
16 

 

 

 

Бөржар

Қайнар1,90
17Ұялыжар1,90
18Ынтымақ1,65
19Ықыластемір1,65
20Теспе1,60
21Жамбыл1,60
22Бірлік1,60
23Қалаш1,60
24ЖеңісЖеңіс1,55
25Дихан1,50
26 

 

 

Қараспан

Қараспан1,70
27Бейсен Онтаев1,60
28Ақжол1,60
29Берген Исаханов1,60
30Жұлдыз1,60
31Ынтымақ1,60
32Төреарық1,60
33Көлтоған1,60
34Ақпан1,60
35Қараспан-2 (Батыр ата)1,60
36Жаңатұрмыс1,60
37Мәдениет1,60
38Мақташы1,55
39Сарыарық1,60
40ҚарақұмҚарақұм1,55
41 

 

 

 

 

Төрткөл

Төрткөл1,80
42Ақсары1,50
43Арыстанды1,50
44Еңбекші1,50
45Жайылма1,50
46Қызылжар1,50
47Елшібек батыр1,50
48Көкарал1,50
49Нұра1,50
50Спатаев1,60
51 

 

 

Шұбар

Шұбар1,80
52Аққойлы1,65
53Береке1,75
54Жусансай1,65
55Сарытоғай1,65
56Тоқсансай1,65
57ШұбарсуШұбарсу1,85