28
08 / 2018

“Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №290 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің  «Ауыл шаруашылығы жерлерін конкурс арқылы жалға беру  ережесі туралы» 2016 жылғы 18 қазандағы №437  бұйрығына сәйкес ОҚО  Ордабасы ауданы әкімдігі  Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына (шетелдіктердің қатысуынсыз) шаруа немесе фермер қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын ұсыну тәртібі мен рәсімдері туралы заңда көзделген ережелер мен шектеулерді ескере отырып:

         “Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №290 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің  «Ауыл шаруашылығы жерлерін конкурс арқылы жалға беру  ережесі туралы» 2016 жылғы 18 қазандағы №437  бұйрығына сәйкес ОҚО  Ордабасы ауданы әкімдігі  Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына (шетелдіктердің қатысуынсыз) шаруа немесе фермер қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын ұсыну тәртібі мен рәсімдері туралы заңда көзделген ережелер мен шектеулерді ескере отырып:

               Конкурсқа келесі жер телімдері қойылуда:

 

Ауыл округ атауыБарлық жер көлемі гаоның ішіндеЖалға беру мерзімі, жылЖерді  жалдау құны,тенгеКепілдік жарна, 50 % айлық есептік көрсеткіш, тенгеЖер телімінің пайдалану мақсаты
СуармалыТәліміЖайылым
1Бадам15,0  15,01069,5120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
2Бөген7,87,8  10386,1120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
3Бөген3,03,0  10148,5120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
4Бөген7,57,5  10371,2120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
5Бөген3,83,8  10188,1120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
6Бөген2,52,5  10123,75120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
7Бөген9,09,0  10445,5120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
8Бөген5,55,5  10272,25120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
9Бөген7,57,5  10371,25120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
10Бөген7,07,0  10346,5120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
11Бөген13,013,0  10643,5120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
12Бөген3,53,5  10173,25120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
13Бөген3,53,5  10173,25120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
14Бөген6,56,5  10321,75120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
15Бөген5,15,1  10252,45120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
16Бөген4,34,3  10121,85120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
17Бөген8,48,4  10415,8120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
18Бөген2,02,0  1099120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
19Бөген5,05,0  10247,5120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
20Бөржар4,84,8  10237,6120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
21Бөржар2,52,5  10123,75120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
22Жеңіс16,0  16,01074,16120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
23Жеңіс6,76,7  10331,65120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
24Жеңіс15,015,0  10742,5120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
25Жеңіс16,016,0  10792120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
26Жеңіс8,28,2  10405,9120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
27Жеңіс6,36,3  10311,85120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
28Төрткөл4,34,3  10212,85120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
29Төрткөл7,07,0  10346,5120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
30Төрткөл6,46,4  10316,8120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
31Төрткөл4,04,0  10198120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
32Төрткөл10,010,0  10495120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
33Төрткөл6,56,5  10321,75120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
34Төрткөл13,013,0  10643,5120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
35Төрткөл22,0  22,010101,97120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
36Төрткөл25,0  25,010115,87120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
37Төрткөл13,413,4  10663,3120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
38Төрткөл15,0  15,01069,525120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
39Қажымұқан1,51,5  1074,25120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
40Қажымұқан5,45,4  10267,3120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
41Қажымұқан15,0  15,01069,525120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
42Қажымұқан5,05,0  10247,5120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
43Қажымұқан150,0 150,0 10695,25120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
44Қажымұқан5,05,0  10247,5120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
45Қажымұқан5,05,0  10247,5120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
46Қажымұқан167,0 167,0 10774,04120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
47Қажымұқан19,0  19,01088,065120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
48Қажымұқан17,0  17,01078,79120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
49Қажымұқан50,0  50,010231,75120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
50Қажымұқан15,0  15,01069,525120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
51Қажымұқан22,0  22,010101,97120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
52Қажымұқан15,0  15,01069,525120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
53Қажымұқан33,0  33,010152,95120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
54Қараспан6,86,8  10336,6120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
55Қараспан60,0  60,010278,1120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
56Қараспан120,0 120,0 10556,2120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
57Қараспан150,0  150,010695,25120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
58Қараспан25,0  25,010115,87120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
59Қараспан3,03,0  10148,5120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
60Шұбар15,0  15,01069,525120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
 Барлығы:1226,7260,7437529    

 

Конкурс өткізу туралы хабарландыру мерзімді баспасөз басылымында, сатушының ресми интернет-ресурсында және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде конкурс қорытындылары шығарылған күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жарияланады. Конкурсқа қатысушылардың конверттерін ашу және конкурс қорытындыларын шығару жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы  2018 жылғы  24 қыркүйектегі  күні  сағат 16.00-де Темірлан ауылы, Рыскулов көшесі, № 14  үй мекенжайда орналасқан Ордабасы ауданы  әкімдігінің үлкен  залында өтеді.

                   Конкурсқа  қатысу  шарттары

Конкурс өткізу туралы хабарландыруда белгіленген мерзімнен кешікпей конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеген және осы Қағидалардың 43-тармағында көзделген міндетті құжаттардың тізбесін ұсынған жеке және заңды тұлғалар конкурсқа қатысуға жіберіледі.
Конкурсқа қатысушыларды тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және конкурс өткізуден үш күн бұрын аяқталады. Конкурсқа қатысушылар конкурстық құжаттаманың көшірмесін қол қойып алады.
Конкурсқа қатысуға өтінім бергеннен кейін өтінім беруші конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде жер учаскесінің бағасы және оны пайдалану жөніндегі жеке конвертте мөрленген ұсыныстарды (конкурстық өтінімді) береді.
Конкурсқа қатысуға өтінім берген тұлғалар туралы мәліметтер жариялауға жатпайды.

Осы Қағидалардың 52-тармағына сәйкес ұсынылатын жер учаскесінің бағасы және оны пайдалану жөніндегі ұсыныстар (конкурстық өтінім) мыналарды қамтиды:
заңды тұлғалар үшін:
қатысушы еркін нысанда ұсынатын бизнес-жоспары немесе жер учаскесін пайдаланудың өндірістік бағдарламасы;
кәсіпорынның штатында ауыл шаруашылығының тиісті салаларында мамандықтары бойынша біліктілігі мен жұмыс өтілі көрсетілген, кем дегенде екі маманы болуы туралы, бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылған, заңды тұлғаның мөрі басылған анықтамасының түпнұсқасы;
ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу үшін қажетті ауыл шаруашылығы машиналарының болуы туралы (бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, заңды тұлғаның мөрі басылған) анықтаманың түпнұсқасы және (немесе) оларды сатып алу (жалға алу, қызметтерді сатып алу және т.б.) шартының көшірмесін ұсыну;
жеке тұлғалар үшін:
қатысушы ұсынатын бизнес-жоспар немесе ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу үшін қажетті ауылшаруашылық машиналарының іс жүзінде болуы көрсетілген ерікті нысандағы жер учаскесін пайдаланудың өндірістік бағдарламасы және (немесе) оларды сатып алу (жалға алу, қызметтерді сатып алу және т.б.) шартының (немесе ниеттер хаттамасының) көшірмесін ұсыну;
білімі туралы дипломның көшірмесі (болған жағдайда) немесе ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек қызметі және жұмыс өтілі туралы мәліметтері бар өмірбаяны.
Сауда-саттыққа қатысушының бағасы және жер учаскесін пайдалану жөніндегі ұсынысында (конкурстық өтінімінде) осы құжаттардың болмауы конкурстық өтінімді қабылдамау үшін негіз болып табылады.
Кез-келген қатысушы өз бастамасымен өндіріс көлемін және салықтық аударымдарды өсіруге, жер учаскесі орналасқан аумақта ауыл округінің әлеуметтік инфрақұрылымын қолдауға және дамытуға ықпал ететін қосымша міндеттемелерді өзіне алуы жөніндегі ұсыныстарды енгізеді. Мұндай ұсыныстардың болмауы ұсыныстарды (конкурстық өтінімді) қабылдамау үшін негіздеме болып саналмайды.

 

Конкурсқа қатысу үшін кепілдік жарна мына депозиттік шотқа аударылады:

Ордабасы аудандық жер қатынастары бөлімі ММ, БСН: 161040024704

БСК: ККMFKZ2A,  ЖСК: KZ640705034633517001