06
09 / 2018

Тұрғындардың назарыңа! Жеке тұлғалардың мүлік және жер салықтарын төлеу мерзімі таяп қалды!

«Жеке тұлғалармен мүлік және жер салықтарын төлеу тәртібі, мерзімдері және салық міндеттемелерін орындамағанда қолданылатын шаралар туралы»
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Ордабасы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, тұрғындардың назарына, 2017жыл үшін жеке тұлғалардың мүлік және жер салықтарын төлеу мерзімі ағымдағы жылдың 1 қазанында аяқталатынын мәлім етеді.
Осы салықтарды есептуге негіз болып құндық бағасы, салық салу объектісінің иесі және басқа да мағлұматтар көрсетілетін жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша мәліметтер табылады. Бұл мәліметтер жыл сайын жер қатынастары және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркейтін саладағы уәкілетті органдармен мемлекеттік кірістер органдарына табыс етіледі.
ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (ары қарай – Салық кодексі) нормаларына сәйкес, салықты төлеуден босауға құқығы бар азаматтар санаты көрсетілген, оларға жеңілдік салық салу объектісінің құндық бағасына және жер учаскесінің түріне байланысты беріледі.
Жеке тұратын зейнеткерлерге жеңілдікке құқық беру үшін негіз болып ХҚО мекен-жай анықтамасы, басқа тұлғалар бойынша – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалынан (әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы) мәліметтер табылады. Жыл ағымында жеңілдік пайда болған кезде салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органына қатынасу қажет, ал жеңілдікке құқық осындай құқық туындаған айдың 1-күнінен бастап қолданылады.
Осымен бірге, есептелінген соманы төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда жеке тұлғаның дербес шотында салықтық берешек пайда болатының мәлім етеміз. Оны өндіру үшін мемлекеттік кірістер органдарымен бірқатар жұмыстар жүргізіледі. Осылайша, салық төлеушіге жеке тұлғалардың салықтық берешегі туралы хабарлама табыс етіледі, хабарламаны ерікті түрде орындау – отыз жұмыс күні өткен соң, салық органы жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығарады және оны шығарған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жеке тұлғаға жібереді. Жеке тұлға салықтық берешегін өтемеген кезде салық органы жеке тұлғаға салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей осындай салық бұйрығын

Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп орындау үшін атқарушылық іс жүргізу органдарына жібереді.
Сонымен қатар, салықтарды төлеу бойынша салықтық міндеттеме заңмен белгіленген мерзімде орындалмаса, жеке тұлғаға салықтық міндеттемені орындаудың мерзімі өткен әрбір күні үшін өсімпұл есепке жазылады.
ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, егер борышкер белгіленген мерзімде орынды себептерсіз атқару құжаттарында қамтылған талаптарды орындамаса, сот орындаушысы ҚР кетуіне уақытша шектеу туралы шешім қабылдауға құқылы, ал өндіріп алушының арызы бойынша қаулы шығаруға міндетті.
2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасында кейбір заңнамалық өзгертулер қабылданды, бұл атқарушы органдарға әкімшілік, азаматтық айыппұлдар мен қарыздар, басқа да төлемдер бойынша қарызы бар тұлғаларды елден шығаруды болдырмауға өкілеттік береді.
Осылайша, атқарушы орган қызметіне кірісетін атқарушы құжат болған жағдайда, шығыс шектелген адамдар тізілімінде борышкердің атауын енгізеді. Бұл ерекше қара тізімге бюджетке берешегі бар борышкерлер де енгізіледі.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап, Салық кодексінің 24 бабына сәйкес, екінші деңгейдегі банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушіге банктік шоттар ашудан бас тартуға міндетті.
Халықтың негізгі бөлігі күнделікті өмірде банктік карталарды белсенді пайдаланатының есепке ала отырып, сатып алу, аудару, несие карталарын жасау, жалақы алу және т.б., банктік шоттар мен карточкалар ашудың өзектілігі жоғары және жұмысқа қабылдау кезінде де, қаржы операцияларымен байланысты жекелеген әрекеттерді орындаған кезде де қажетті талаптар болып табылады.
Осыған байланысты, өсімпұлдың есептелуін алдын-алу, қаржылық ұйымдарға жүгінгенде келеңсіз жайттарды болдырмау және жоғарыда мазмұндалған процедураларды қолданбау үшін салықтық міндеттеме болған кезде ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін мүлік және жер салықтарын уақтылы төлеуге тұрғындарды шақырамыз.
Төлемдерді «Казпошта» АҚ бөлімшелері, екінші деңгейлі банктер және, банкоматтар арқылы жүргізуге болады.
Ыңғайлылық үшін 2018 жылдың 1 тамызынан бастап, еGov.kz порталында барлық салықтарды және бюджетке төлейтін міндетті төлемдерді авторизация жасамай және ЭСҚ қол қоймау мүмкіндігінсіз ақ салықтарды төлеу бойынша жаңа қызмет пайда болды.
eGov.kz порталында «Салықтар және қаржылар» – «Салық салу» – «Салықтарды және бюджетке төлнетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу» және «Онлайн ресімдеу» батырманы басып, қызметке тапсырыс беруге болады. Салықтөлеушінің ЖСН/БСН, мемлекеттік кірістер органының атауын, төлем сомасын, бюджеттік сыныптамасының кодын таңдағаннан кейін жүйе салықты төлеу бөліміне өтуді автоматты түрде ұсынады. Барлық процедура аяқталғаннан кейін төлем болғанын растайтын электронды чек беріледі.
Салық төлеуші жеке тұлға ретінде авторизациялану және БСН деректерін толтырып және керсінше заңды тұлға салықтарын төлеу мүмкіндігіне ие болады.
Бүгінгі күнде порталда 18 түрлі салықтар бойынша төлеу мүмкіндігі бар: корпоративтік табыс салығы; жеке табыс салығы; әлеуметтік салық; ЗТ және ЖК мүлiгіне салынатын салықтар; жер салығы; ЗТ көлiк құралдарына салынатын салық; бірыңғай жер салығы; қосылған құн салығы; акциздер; арнайы төлемдер және жер қойнауын пайдаланушылар салығы; экспортқа салынатын рента салығы; ойын бизнесіне салық; тіркелген салық; алымдар; төлемдер; кедендік төлемдер; басқа төлемдер және баждар.

Ордабасы ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы