27
11 / 2018

Базар аумағында оn-line бақылау касса машиналарын қолдану тәртібін түсіндіру бойынша кездесу

Ағымдағы жылдың 12-қарашасында Ордабасы ауданы  бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен келесі жылдан бастап деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау касса машиналарын ашық сауда базарлар аумағында қолдану тәртібі жөнінде түсіндірілді.

Іс-шараға Ордабасы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері, «Аиамекен»кәсіпкерлік палатасының өкілдерімен және жеке кәсіпкерлер қатысты.

Жиналыста Салық кодексімен көзделген 2019 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап ашық сауда базарларының аумағындағы стационарлық емес сауда объектілері арқылы шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимi шеңберiнде (патент негізінде арнаулы салық режимiн қолданатын тұлғалардан басқа) жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер оn-line бақылау касса машиналарын қолдану міндеті туындайтынына назар аударып, іс-шараға қатысушыларға бақылау касса машиналарын қолдану ережелері мен тәртібі туралы түсіндірме берді.

Жиналыс барысында сұрақтар қойылып пікірлер алмасты. Ордабасы ауданыны Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшылары А.Бердімұрат және Н.Реңдібаев  жиналысқа қатысушыларға алғыс білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.