Бөген ауыл округі әкімі Б.Шәметтің «2018 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының  қортындысы  және 2019 жылға алда тұрған міндеттері туралы»  БАЯНДАМАСЫНЫҢ ТЕЗИСІ

Бюджет орындалуы

Қаржының игерілуі –  Бөген  ауыл округі әкімі аппаратына  2018 жылға  бюджеттен 49 483 мың теңге қаржы қаралып, 100 пайызға игерілді.

Салықтың орындалуы

Жер салығы 260 мың теңге, орындалғаны 260 мың теңге,100 пайыз.Мүлік салығы 310 мың теңге, орындалғаны 310 мың теңге.  Көлік салығы  жоспар  3 млн. 200 мың теңге, орындалғаны  3 млн. 200 мың теңге,100 пайызға орындалды.

Табыс салығы 470 мың теңге, орындалғаны 470 мың теңге,100 пайыз, Жергілікті өзін-өзі басқару функциялары бойынша салық түріне жатпайтын түсімдер 140 мың теңге,орындалғаны 140  мың теңге, 100 пайыз,оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың ерікті алымдары 100 мың теңге, орындалғаны 100 мың теңге, 100 пайыз, сыртқы  көрнекі  жарнаманы   орналастырғаны  үшін  төлем 15 мың теңге, орындалғаны 15  мың теңге, 100 пайыз , мемлекеттік  мүлікті  жалға  беруден  түсетін  кірістер   15 мың теңге, орындалғаны 15 мың теңге, 100 пайыз ,Әкімшілік  құқық  бұзушылық  үшін  ауыл округінің  әкімдері  өндіріп  алатын  айыппұлдар 25 мың теңге, орындалғаны 25 мың теңге, 100 пайызға орындалды.

 

Ауылшаруашылық саласы

Ауыл округінің негізгі саласының бірі ауыл шаруашылығы. Ауыл тұрғындары ауыл шаруашылық саласы  оның ішінде егін және мал шаруашылығымен айналысады. «Агроөнеркәсіп кешенін 2017-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы» аясында ауыл шаруашылығы бөлімімен үш жақты келісім шарт түзіліп, келісім шартта көрсетілген тапсырмаларды орындау бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды..

Аумақ көлемінде – 4036 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары отырғызылып,

(тапсырма 4036 га) 100 пайызға орындалды.

Ауыл шаруашылық дақылдарының  егістік алқаптары бойынша, аумақ  дихандары  845 гектар дәндік жүгері, 120 гектар күнбағыс,  111 гектар көкөніс, 43 гектар картоп, 110 гектар бақша, 650 гектар жаңа жоңышқа, 1057 гектар ескі жоңышқа, 1100 гектар  мақта дақылдарын отырғызды..

Терең қопсыту технологиясын енгізу  1200 га межеленсе, нақты 1250 га 104пайызға орындалды.

Тамшылатып суару әдісін қолдану  тапсырма 50 га, орындалғаны 50 га  тапсырма 100 пайызға орындалды.

Аумақ  көлемінде – 2018 жылы  жаңа техника алу жоспар 12 дана, орындалғаны 13 дана алынып,тапсырма 108 пайызға орындалды.

 

Жаңадан суармалы жерлердің жағдайын жақсарту / айналымға қосу тапсырмасы бойынша 50 гектар жоспарланып 169 гектар жайылымдық мақсаттағы жерлер суармалыға ауыстырылды, орындалуы 338 пайыз

 Мемлекет тарапынан берілген көмектер  Жеңілдікпен берілетін жанар-жағар май көктемгі егіске 246 тонна бөлініп оның 214 тоннасы алынды және күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 345 тонна бөлініп, оның 270 тоннасы алынды барлығы 591 тонна жанар-жағар май бөлініп 484 тоннасы  алынды, орындалуы 82 пайыз

«Сыбаға» бағдарламасымен 75 бас ірі қара мал алу жоспарланып, 116 бас ірі қара алынып, тапсырма 154,5 пайызды;

 «Құлан» бағдарламасы бойынша 91 бас жылқы жоспарланып, 91 бас бие 5 айғыр алынып тапсырма 100 пайыз орындалды.

Шағын мал бордақылау алаңын құру жоспар 20 бірлік, нақты орындалған 22 бірлік немесе 110 пайыз орындалды. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы арқылы  44 азамат әлеуметтік комек алып,  барлығы ірі қара мал алған.

 Сүт  фермаларын құру жоспар 2 бірлік орындалғаны 2 бірлік немесе 100 пайыз.

Ветеринария саласы

2018 жылы бурцелезге, сібір жарасына қарсы вакциналар бөлініп егу жұмыстары жүргізілді. Көктемгі және күз айларында қырым қанды қызбасына қарсы елді мекендердегі 106381 шаршы метр аулалары мен қораларын және 24620 шаршы метр суаттармен мал ирімдері залалсызданырылып,  ІҚМ 4371 және уақ малдан 16321 тоғытылды.  Буруцелезге  қарсы қан сынамалары алынып, тексеру барысында бруцеллез ауруымен ауырған ІҚМ 2 анықталған ветеринария бөлімі тарапынан жойылды. Жұқпалы ауруларға қарсы  вакциналар егу 100 пайызға орындалды. 2018 жылдың ішінде қаңғыбас ит мысықтарды жою үшін аудандық ветеринариялық қызметі мемлекеттік кәсіпорыны арқылы  186 қаңғыбас  ит  6 мысық жойылды. Ағымдағы жылы ит қабу 34, барлығына дер кезінде медициналық көмек көрсетілді.

 

Өнеркәсіп,кәсіпкерлік саласы

Ауыл округі көлемінде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік нысандар саны 136,  жұмыспен қамтылғаны 149 адам  жұмыс жүргізеді.

Сауда саласы:  2018 жылы  2  бірлік азық түлік дүкені, 1 бірлік шаштараз   және 1 мал бордақылау алаңы ашылып іске қосылды.

Коммуналдық және құрылыс  саласы

Ауыл округі бойынша Бөген елді мекеніне құбырлы таза ауыз сумен қамтылған (халықтың 94,3 пайызы), Кемер елді мекеніне 2018 жылға  ЖСҚ –сы дайын.

Ауыл округін көріктендіру- көгалдандыру, санитарлық тазалық мақсатында 42 сенбіліктер мен тазалық күндері ұйымдастырылып  12 көше қамтылып, 110 тн  күл-қоқыс шығарылды.Жалпы санитариялық тазалықты бойынша «Жаса – 4» мекемесі жүргізеді. Ағымдағы жылдың көктем айларында 6000 түп түрлі ағаш көшеттері отырғызылды. Күз айларында 5200 түп қара ағаш отырғызылу жоспарланып, бүгінгі таңға 1200 түбі отырғызылды.

Бөген ауылын көріктендіру көркейту бойынша Б.Кенжебаев көшесінің бойынан 1 шақырымдай жерін гүл және тал егуге арнайы қоршалды.

Аудандық бюджет есебінен Бөген ауылын табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеуге  қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде.

Әлеуметтік сала

2018 жылдың  12 айында  48 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды,оның ішіндегі 44 отбасыға шартты,4 отбасыға шартсыз көмек тағайындалды.13 645 298 тг қаржы төленді. 2017 жылмен салыстырғанда  22 отбасыға кеміген.

Білім саласы

          Бөген ауыл округі бойынша Б.Кенжебаев жалпы орта мектебінің  2018 жылға ҰБТ қорытындысы.

Б.Кенжебаев ЖОМ мектеп бітірген оқушы саны 65, ҰБТ-ға қатысқаны 28, қатысу пайызы 37,1, ең төменгі балл 35, орташа балы 62,8

Жалпы ауыл округ бойынша 2 балабақша бар. Мемлекеттік «Балдырған»  балабақшасы 80 бала, Жеке меншік  «Нұр бекарыс»   балабақшасында 120 бала тәрбиеленуде.

Денсаулық  саласы

Бөген ауылында ауылдық амблуатория жұмыс  жасауда.Онда 1- жоғары білімді дәрігер, 9-орта буынды медицина қызметкерлер  халыққы қызмет көрсетуде. Жұқпалы аурулармен ауырып,тіркелгендер -2. Ана өлімі көрсеткіші 2018 жылы болмаған.

Спорт саласы

2018 жылдың 12 айында 18 спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, 2881 адам тартылды. Ауыл округінде 3 спорттық нысан бар. Оның ішінде білім мекемесінде 1 спорт алаңшалары мен  Медениет үйінде күрестен дене шынықтыру залында  ауыл  жасөспірімдері  ( самбо, футбол, дзюдо) спорт түрімен шұғылдануда.

 

Мәдениет саласы

2018 жылы 32 мәдени іс-шаралар өткізіліп, 2125 адам қатыстырылды.  Кітапханада кітап қоры 7200 дана. 42 рет  іс- шара  өткізілді.

Сыбайлас жемқорлық және құқық қорғау саласы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»  бағдарламасы бойынша  бекітілген  іс-шара жоспарына сәйкес 12 рет жиналыс өткізілді. Сыбайлас жемқорлықтың болдырмауын алдын алу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

 

2019 жылы атқарылатын міндеттер мен жоспарлар:

  1. Бөген ауылынан  көшенің аяғындағы үш бұрыштан саябақ ашу;
  2. Бюджет (КСН) Салық түсімдерін 107 пайызға ұлғайту;
  3. Кемер ауылына ФАП  іске қосу;
  4. Қ.Жарқынбеков көшесін асфальтау;
  5. Б.Садуақас көшесін жарықтандыру.