Бөржар ауыл округі әкімі Б.Алтынбаевтың «2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму  қорытындысы және алдағы міндеттер туралы» баяндамасының тезисі

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 5 қазан 2018 жылғы Қазақстан халқына жолдауы. ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ  мақаласының жүзеге асырылу барысында және сонымен бірге Елбасымыздың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуі бойынша ауыл округінде түсіндірме жұмыстары тұрақты  жүргізіліп, 2018 жылдың 12 айында  2 дөңгелек үстел, 13  жиналыс, ауыл округі аумағында орналасқан мектептерімізде тәрбие сағаттары мен ауылдық кітапханада кітап көрмелері өткізілді. Сонымен қатар Қайнар  ауылынан  «Ұлы  Жібек жолы»  Батыс  Қытай- Батыс  Европа    жолына  қосылатын,   Шымкент – Самара  асфальт жолы жаңаланып салынды. Ұлы  Жібек  жолы,  сауда  –  саттықтың    негізгі  күре  тамыры  болғандықтан,  ауылдың  шаруалары  алма   бауларын, жылыжайлар көптеп салынып көкөністер  қолға  алынуда.  Сіздерге, Бөржар ауыл округінің әлеуметтік –экономикалық дамуына қатысты деген негізгі көрсеткіштерге тоқталып өтсем.

 

БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫ

                Қаржының игерілуі – Бөржар ауыл округі әкімі аппаратына бюджеттен 109 млн 501 мың теңге қаржы қаралып, 2018 жылдың 12 айында қаржы 100 пайызға орындалды.                                       

Салық түсімдерінің орындалуы

Жалпы салықтық түсімдері 16 млн. 469 мың жоспарланып, 21 млн. 623 мың теңгеге артығымен 130% орындалды.                                                                                                                                                                                                 Салықтық емес түсімдер жоспары 2018 жылдың 12 айы бойынша тапсырма 157,0 мың. болып, тапсырма  100% пайызға орындалды.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша

«Агроөнеркәсіп кешенін 2017-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы» аясында ауыл шаруашылығы бөлімімен үш жақты келісім шарт бойынша 10 763 га. жерге ауыл шаруашылық дақылдарын егу жоспарланған  нақты 10 863 га жерге егіліп, 100,9  пайызға орындалып отыр.                                                                          Суармалы жерді игеру 2014 га болса, нақты 2014 га игеріліп, 100 пайызға орындалды.                                                                                            

Жаңадан қосылатын суармалы және тамшылатып суарылатын жер 200 га тапсырма болса, нақты 202 га жер қосылып, 101 пайызға орындалды.                                                                                                                  «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 100 бас аналық 5 бас асыл тұқымды бұқа алу жоспарланса, 160 бас аналық, 11 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынып, тапсырма 107 пайызға орындалды.                                  Алтын асық бағдарламасы бойынша  Бөржар ауыл округінен 450 бас уақ мал алу тапсырылса, 485 бас асыл тұқымды қой алып, берілген тапсырма 88 пайызға орындалды.                                                   

           Шағын мал бордақылау алаңын құру жоспар – 37 бірлік, нақты орындалған 37 бірлік тапсырма 100 пайыз орындалды.                                                                                               

         Сүт қабылдайтын бекет ашу жоспар 8 бірлік, орындалғаны  8 бірлік, тапсырма 100 пайызға орындалды.                                      

Ауыл округі бойынша 2018 жылы 7-дана жаңа техника алу жоспарланса 7 дана ауыл шаруашылығы техникалары алынып, тапсырма 100  пайызға орындалды.                                                                                          

Ауыл шаруашылғы жерлерін терең қопсыту жоспар 1400 га болса, орындалғаны 1460 га  тапсырма 104 пайызға орындалды.                  

ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫ

Қолдан ұрықтандыру бойынша тапсырма 2018 жылға –412 бас ІҚМ болса   нақты  412 бас ІҚМ  қолдан ұрықтанып, 100 % пайызға орындалды.

Бөржар ауыл округі бойынша  мал түрлері төмендегідей:

Мал түрі2017 ж.2018
1ІҚМ7 9317 156
2Жылқы4 0503 882
3Уақ мал46 16947 656
4Құс22 30023 560

ИНВЕСТИЦИЯ

Ауыл округі бойынша 2018 жылға бюджеттік емес мекемелерден  530 млн теңге инвестиция тарту бойынша жоспар қойылып, тартылған инвестиция көлемі  2018 жылдың 12 айында 627 млн. 352 мың теңгені құрап, – 118% орындалып отыр.

Өнеркәсіп, кәсіпкерлік  саласы

Ауыл округі көлемінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік нысандар саны 26 жұмыспен қамтылғаны 40 адам.                  

КОММУНАЛДЫҚ САЛА

                Ықыластемір елді мекенін табиғи газбен газдандыру бойынша «Шаңырақ» Газ монтаж сервис ЖШС-гі 120 отбасыға келісім шарт жасасып, бүгінгі таңда оның 120 отбасына толық газ құбырлары тартылған.                                                                                                                                                                                                                 Теспе елді мекенін табиғи газбнен газдандыру бойынша «Каз монтаж Ком» ЖШС-гі 100 отбасыға келісім шарт жасасып, бүгінгі таңда оның 45 отбасына толық газ құбырлары тартылған.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

                Ауыл округіндегі тыл ардагерлері, батыр аналар, зейнеткерлік  жастағы азаматтарға 2018 жылға «Ардагерлер» үйіне жолдама тапсырма 9 адам, 2018 жылдың 12 айында 6 адам демалыс үйіне барып, 66,6% орындалды. 2018 жылға «Мейір ардагерлер» үйіне жолдама тапсырма   8 адам, 2018 жылдың 12 айында 5 адам демалыс үйіне барып, 62,5% орындалды.

2018 жылдың 12 айында 121 отбасының, 725 адамына 35 млн 823 мың 023 теңгеге қаржы тағайындалып, 120 отбасының, 722 адамына 34 млн 428 мың 223 теңге төленді.

БІЛІМ САЛАСЫ

Бөржар ауыл округі бойынша екі мемлекеттік бала бақшада  240 бала тәрбиеленуде.                                    

2018 жылғы ҰБТ қорытындысы

                                                                                                         

Мектеп атауымектеп бітірген оқушы саныҰБТ-ға қатысқанықатысу пайызыең төменгі баллең жоғарғы баллорта балл100 балдан жоғары жиғанышекті деңгейден төмен жиғаны
1М.Әуезов. ЖОМ443068 %38128102201
2Абай ЖОМ261661,5 %67134101,210
3М.Х.Дулати ЖОМ161487,5 %4511482,941
4С.Ысқақ НОМ19
5Теспе ЖОМ10660 %8712096,63
6Қ.Мүсірепов ЖОМ382360 %3712577,163
7Бірлік БМ
8Қалаш БМ

 

ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ

Бөржар ауыл округінде 2 дәрігерлік амблотория және 6 ФАП бар.                                                                 Дәрігерлік амбулаторияда 6 жоғары білімді дәрігер, 33-орта буынды медицина қызметкерлер халыққы қызмет көрсетуде. 2018 жылдың 12 айы бойынша  238 нәресте  өмірге келіп, 0-5 жасқа дейін                   3 бала өлімі орын алған. ана өлімі тіркелмеген.                                                                   

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ

             Ауыл округі бойынша Ұялыжар ауылындағы мәдениет үйінде  2018 жылдың 12 айында 20 мәдени     іс-шаралар өткізіліп, 1764 адам іс-шараға қатысты.                                                                                                          

СПОРТ САЛАСЫ

Ауыл округі бойынша демеушілер есебінен 2018 жылдың 12 айында 13 спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, 873 адам спорттық іс-шараға қатысты.                                                  

ЖАСТАР САЯСАТЫ

Ауданымыздағы жастар орталығынан 1 штат берілген. Жастар саны 1642 адам, ауыл тұрғындарының 15 пайызын құрайды. Бөржар ауыл округі бойынша 2018 жылдың 12 айында тазалық, көріктендіру, көгалдандыру, салауатты өмір салтын, мәдени дәстүрді жандандыру мақсатында ауыл жастары мен бірлесе отырып, 7 сенбіліктер мен 5 спорттық және  20-мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.

ҚЫЛМЫС

                Қылмыс саны :  2018 жылдың 12 айында 26 қылмыс орын алып,  ашылғаны–19, ашылмағаны–7.                                                             

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Құқық бұзушылықтың алдын-алу іс-шаралары жоспары бойынша 2018 жылдың 12 айында 4 рет профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, ауылдарда арнайы мал ұрлығының алдын алу, жастар тәрбиесі, нашақорлыққа қарсы жиналыстар мен кездесулер ұйымдастырылды.

6 спорттық іс-шара өткізіліп, 288 адам қатысты. Жоғарғы сынып оқушыларына және мұғалімдерге  үгіт–насихат парақтары таратылды.

 

2019 ЖЫЛҒА АТҚАРЫЛАТЫН МІНДЕТТЕР

Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында 2018-2019 жылдары ауыл шаруашылық және өнеркәсіп саласында жаңа өндіріс орындары және ауылшаруашылық өнімдерін тереңдетіп, өңдейтін шағын кәсіпорындар ашу арқылы жұмыссыздықты жоюмен қатар жергілікті бюджетке түсетін салықтардың түсімін арттыру, ел игілігіне қажетті әлеуметтік нысандар құрылыстарын жүргізуге бағытталып отыр.

Бірлік бастауыш мектебіне 200 орындық жаңа мектеп құрылысын салу үшін, жаңа мектептің құрылысына 2016 жылы ЖСҚ-на аудандық бюджеттен 1091,0 мың теңге ақша қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Бірлік ФАП ЖСҚ әзірлеуге облыстық бюджеттен 3 млн. 111 мың теңге қаржы қаралды. 2019 жылы құрылысын жүргізеге 80 млн теңге қаржы қаралды.

2018 жылдың соңына дейін Қайнар елді мекенінен балалар ойын алаңшасы іске қосылады. Қаржысы 5 млн. 600 мың теңге.