Қараспан ауылдық округі әкімі қ.зиябектің «2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және алдағы міндеттер туралы» баяндамасының ТЕЗИСТЕРІ

Қазакстан Республикасы Президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына  жолдауларындағы  «Болашаққа бағдар, Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында жүзеге асырылған іс-шаралар «Туған жерге тағзым» акциялары  ұйымдастырылып «Жамбыл Жабаев атындағы жалпы орта мектебінің жаңа типті 300 орындық мектебінің ашылуы мен қатар 90-жыл толуы мерекесі  тойланып, мектептен шыққан түлектердің ұйымдастыруымен концерт және спорттық ойындар ұйымдастырылып, өмірден өткен түлектермен ұстаздарға құран бағышталды.

Бұнымен қатар «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы төңірегінде Қараспан ауылының тұрғыны Арыстанбеков Ермаханның «Өнегелі өмір жолы» атты концерттік кеші орталық клубта  ұйымдастырылды.

 

Аумақтағы 14 ауылда 2362 үйде 14257 тұрғын бар. Жалпы жер көлемі — 35734 гектар оның ішінде жайылымды жер көлемі 15783га, тәлімі жер-4838га суармалы жер-4644га, үй іргелік жер-376га.

 

Бюджет саласы

2018 жылдың қорытындысымен жоспардағы 90 млн 736 мың теңге толық игерілді.

Салық түрі: табыс салығы жоспар: 1864,0, орын: 1803 – 96%. Мүлік салығы жоспар: 946, орын: 946 – 100%. Жер салығы жоспар: 1188, орын: 1188 – 100%. Заңды тұлға көлік жоспар: 100, орын: 100 – 100%. Жеке тұлға көлік жоспар: 9 781,0, орын: 12727 – 100%. Ерікті салым жоспар: 430, орын: 430 – 100%.

 

Ауылшаруашылық  саласы

Бақша — 300 га, көкөніс — 425га, картоп — 70га, жүгері — 665га, сүрлем жүгері-53га,  жаңа жоңышқа — 237га,  ескі жоңышқа — 2283га, жүзімдік – 27га, көпжылдық екпе 95 гектарға егіліп, жалпы суармалы 4644 гектар толық игерілді.

Қараспан ауыл округі бойынша үш жақты  келісімшарт бойынша: егістік жердің игерілуі — 100%, жылыжай салу — 100%, тамшылатып суғару әдісін енгізу жоспар 50га, орын: 50га — 100%, ауыл шаруашылығы техникаларын алу 10 бірлік, орын: 10 бірлік 100%, «Алтын асық» бағдаламасымен алынатын ұсақ мал 600 бас берілді — орындалуы – 600 бас 100%, «Сыбаға» бағдарламасымен алынатын ірі қара мал 101 бас — орын: 101бас, 100%, жанұялық сүт аулаларын ашу 8 бірлік, орын: 8 бірлік 100%, «Құлан» бағдарламасы бойынша алынған жылқы 14 бас — орын: 14 бас 100%,  көпжылдық қарқынды бау егу 5 га, орын: 5 га, 100%, терең қопсыту технологиясын ендіру 1020 га, орын: 1020 га 100%, орындалды.

Жанармай алу бойынша жылдық жоспар — 198 тонна, алынғаны — 176 тонна алынып 86% құрап отыр.

Ауыл округі бойынша  9257 ірі қара, 5109 жылқы, 76761 уақ мал, 32088 құс, 876 ит, 311 мысық бар. Үш қолдан ұрықтандыру бекеті бар. Қаңғыбас 303 ит, 6 мысық жойылды.

Кенеге қарсы заласыздандыру  мақсатында ауыл округі көлемінде сыртқы суат аумағында 185500 шаршы метрге дуплекс плюс препараты себілді.          Тұрғындардың  340,198  шаршы  метр қора-қопсылары өңделді. Екі мал  тоғыту орны, бір мал өлексесін тастайтын арнайы шұңқыр бар.

 

Коммуналдық сала

Қараспан ауыл округі көлемінде Көлтоған елді мекенінде «Өңірлерді дамыту»бағдарламасы аясында А.Батырханов көшесіне ағымдағы жөндеуге 2,243180 теңге және Табиғат көшесіне-1739460 теңге, Қараспанда Қ.Бекмұратов көшесіне-1 715 851 теңге, Ақпанда С.Сейфуллин көшесіне 2 287 174 теңге игерілді. Берген ауылында – 100 орындық, Сарыарық ауылында – 100 орындық жеке кәсіпкерлердің өз қаражаттары есебінен бала-бақша құрылысы жүргізіліп, өткізу-қабылдау құжаттары рәсімделуде. 2019 жылдың 1-тоқсанына Мақташы ауылында-150 орындық жеке кәсіпкерлердің өз қаражаттары есебінен бала-бақша құрылысын өткізу жоспарлануда.

Қараспандық жеке кәсіпкер Ә.Кенжебеков өз қаражаты есебінен 600 орындық тойхана құрылысын іске қосып және жабық спорттық кешен құрылысын 2019 жылы қолданысқа беру жоспарлануда.

«Шатқал» бағдарламасы бойынша округте 3120 ағаш егілді. Көктем айында-1990 қара тал егілді. Күз айында-1100 қара тал, 410-қалқанжапырақ, 20-шынар тал егілді. 44 рет сенбілік өткізілді. Тұрғындар мен жеке кәсіпкерлерге тазалық жөнінде 11 ескерту берілді. 2017 жылдың мамырынан бастап ауыл округіне қарасты 14 ауылда 2300 отбасы мен «Жаса-4» ЖШС жариялық келісім шартпен жұмыс жасауда.

Әлеуметтік сала

Әлеуметтік сала бойынша 2018 жылы атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген азаматтар саны 340 отбасы, Шартты 318, Шартсыз 22 құжат қабылданып өткізілді. Жалпы төленген 93 591 097 теңге.

Ораза айында тұрмысы төмен 32 (отыз екі) отбасы мен жалғыз ілікті 7 қартқа, кәсіпкерлер тарапынан күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік себеттері тарқатылды. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы мүгедектерге 7 қоларба, 25 протез, бұйымдары мен Ардагерлер мен Мерей демалыс үйіне 29 адамға жолдама берілді және 42 адамға мүгедектерге арналған демалыс орындарына жолдама берілді.

 

Білім саласы

Қараспан  ауыл округі бойынша жалпы 11 мектеп, оның ішінде  8 жалпы орта, 3 бастауыш мектепте оқушыларға білім берілуде. Бір мемлекеттік «Айгөлек» балабақшасы бар. «Балапан» бағдарламасымен І.Есенберлин атындағы жалпы орта мектеп жанынан — 2, К.Омаров атындағы жалпы орта мектептен — 2 , Қ.Сәтбаев атындағы білім ұясынан 2 топтық шағын балалар орталығы жұмыс істейді. Тоғыз  мектеп типтік, қалған екеуі — ыңғайластырылған.

 

Денсаулық саласы

Аумақтағы 1 емхана, 1 жедел жәрдем бекеті, 8 ФАП, 2 ФП емдеу мекемелерінде  жоғары білімді 7 дәрігер, орта білімді 58, 10 акушер, 23 кіші қызметкер еңбек етеді.

Мәдениет саласы

Ауыл округінде 1 мемлекеттік және 1 жекеменшік клуб, 6 кітапхана жұмыс істейді. Қараспан ауылдық округінің клубтарында өткен 33 ісшара өткізіліп. Қамтылған көрермен — 912 адам. Қазіргі таңда округ көлемінде 6 кітапхана жұмыс жасауда және жыл басынан бері 54 іс-шара өткізілді, кітапханалар қорында 35014 кітап бар, оқырман саны 1916 адам.

Спорт саласы

Ауыл округінде 5  спорт  алаңы (стадионы), 6 мектеп жанындағы спорт залы,. Жыл көлемінде  27 спорттық ісшара өткізілді. Қатысқандар — 3808, Сарыарық ауылында аудандық жастар арасында  футболдан жарыс өткізілді. Жамбыл орта мектебін бітірген түлектер дүниеден өткен достарын еске алу мақсатында волейболдан,футбол т.б спорттық жарыстар өткізілді.

 

Қылмыс

2018 жылғы  тіркелген жалпы қылмыс – 52, ашылған –  46 қылмыс, ашылмаған – 6 қылмыс. Бұлар Мал ұрлығы – 13, ашылғаны – 11, ашылмаған – 2. Пәтер ұрлығы 2, ашылғаны – 1, ашылмағаны – 1. ДТП адам өлімі – 1, ашылған жоқ. Дүкен ұрлығы – 1, ашылған жоқ. Телефон ұрлығы – 1, ашылған жоқ. Басқа ұсақ қылмыстар – 36, ашылғаны – 34, ашылмағаны – 2.  Құқықбұзушылық бойынша 117 хаттама толтырылып, салынған айыппұл — 342,216 теңге, өндірілгені —210,705 теңге, өндірілмегені — 131,511  теңге.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында  Қараспан  ауыл округі әкімі аппараты қызметкерлері мекеме қызметкерлерімен, ауыл тұрғындарымен, қоғамдық ұйым мүшелерімен 6 рет кездесіп, «дөңгелек үстелдер» өткізілді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары тұрақты жүргізілуде.