Ордабасы ауданының 2016-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының базалық көрсеткіштер тізбесінің 2018 жылдың 12 айының орындалуы

2018 жылы жоспарланған базалық көрсеткіштерге талдау жасалынып, нәтижесінде: жыл қорытындысымен аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, ішкі істер бөлімдері мен аудандық аурухананың жалпы есептегенде 3 индикатор, 8 түпкілікті нәтиже көрсеткіштері орындалмады, олар:

Индикатор көрсеткіштері
1. Сумен жабдықтаудың нақты көлем индексі жылдық жоспар 100,8 пайыз болса, нақты орындалуы 98 пайыз. Жауапты бөлім – аудандық кәсіпкерлік бөлімі.
2. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (көрсетілетін қызметтердің) нақты көлемінің индексі жыл қорытындысымен 100,5 пайызды құраса, жылдық жоспар 103,9 пайыз. Жауапты бөлім – аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі.
3. Жол – көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендету (100 зардап көргенге шаққанда) 12 айда 25,5 бірлік, жылдық жоспары 16 бірлік. Жауапты бөлім – аудандық ішкі істер бөлімі.

Түпкілікті нәтиже көрсеткіштері
1. Тамақ өнімдерін өндіру жылдық жоспар 105 пайыз болса, нақты 103,9 пайыз. Жауапты бөлім – аудандық кәсіпкерлік бөлімі.
2. Машина жасау жыл қорытындысымен 98 пайызды құраса, жылдық жоспар 100,8 пайыз. Жауапты бөлім – аудандық кәсіпкерлік бөлімі.
3. Өсімдік шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлемінің индексі жыл қорытындысымен 103 пайыз, жылдық жоспары 103,5 пайыз. Жауапты бөлім – аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі.
4. Мал шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлемінің индексі 12 айда 104 пайыз, жылдық жоспары 104,4 пайыз. Жауапты бөлім – аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі.
5. Ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар жыл қорытындысымен 114,8 пайыз, жылдық жоспары 120 пайыз. Жауапты бөлім – аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі.
6. Аналар өлім-жітімі (100 мың тірі туылғандарға шаққандағы саны) бұлкөрсеткіш бойынша өлім жоспарланбаған (0), 2018 жылы 1 ана өлімі тіркелген. 2017 жылы ана өлімі тіркелмеген. Жауапты бөлім – аудандық аурухана.
7. Онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім (100 мың тұрғынға шаққандағы саны) 12 айда 46,2 болса, жылдық жоспар 42,7. Жауапты бөлім – аудандық аурухана.
8. Балалар өлім-жітімі (0-ден 5 жасқа дейін) 12 айда көрсеткіші 9,5 (1 мың тірі туылғандарға шаққандағы саны) болса, жылдық жоспары 6,8. Жауапты бөлім – аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі.
Орын алған кемшіліктер бойынша аудан әкімдігі мәжілісінің күн тәртібінде қаралып, аудан әкімінің тарапынан тиісті бөлім басшыларына алдағы уақытта жоспарланған индикаторларды орындау жөнінде қатаң тапсырма беріліп, аудан әкімінің 31.01.2019 жылғы №11 қаулысы шыққан.

Ордабасы ауданының 2016-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының базалық көрсеткіштер тізбесінің 2018 жылдың 12 айының орындалуы