06
03 / 2019

Жұмыс жаңа қарқын алмақ

Он жылдай уақыт салып өздеріңізбен қайта қауышқаныма қуаныштымын. Түркістанды дамыту бағытында жұмыстар атқарылып жатыр. Біз сол жұмыстарды жалғастырып қана қоймай, қарқынын арттырамыз. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырып бағытындағы тапсырмалары Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер етеді. Себебі облысымыз көпбалалы аналар саны бойынша республикада алдыңғы қатарда тұр. Әр балаға 21 мың теңге көлемінде жәрдемақы берілуі жерлестерімізге оң ықпалын тигізетіні сөзсіз. Біз осы әлеуметтік көмектің берілу шарты мен мерзімі толық жүйеленгенше облыста әлеуметтік зерттеу жүргізіп, көмекке мұқтаж отбасыларды анықтауымыз керек. Әрбір аудан, қала әкімдері өздері басқаратын аумақтағы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды анықтасын. Сол тұрғындарды көмекпен және жұмыспен қамту шаралары күшейтілсін. Жұмыс тобына «Нұр Отан» партиясының өкілдері де кіріп, тізімнің әділ жасалуын қадағалауы қажет. Тұрғындар әлеуметтік көмек алу үшін мекемелердің табалдырығын тоздырмай, жәрдемақыны уақтылы алуы тиіс.

Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі.