28
05 / 2019

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Конкурсты ұйымдастырушы: Түркістан облысының кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасы.

Орналасқан жері: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Кентау тасжолы, №2 ғимарат («Версаль» бизнес-кешені);

Электрондық поштасы: dkbuko@mail.ru;

Байланыс телефоны: 8 (725-33) 5-97-78; 5-93-65;

Конкурс нысанасы:

  • «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру;
  • 2019 жылды Жастар жылы деп жариялау туралы
    Казақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, 29 жасқа дейін (қоса алғанда) жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру;

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін орын: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Кентау тасжолы, №2 ғимарат («Версаль» бизнес-кешені);

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайға өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінім мен толық құжаттама топтамасын береді. (turkistan.gov.kz → Билік → Облыстық басқармалар → «Кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасы» бөлімі → Құжаттама).

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2019 ж. «27» мамырынан бастап 2019 ж. «17» маусымы  аралығында, жұмыс  күндері  (дүйсенбіден жұмаға дейін)  сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін (жергілікті уақытпен).

Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 2019 ж. «27» мамыры сағат 10:00 (жергілікті уақытпен);

Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 2019 ж. «17» маусымы  сағат 17-00 (жергілікті уақытпен);

 

Грант беру қағидалары

Перечень документов, правила Каз

Өтінім нұсқасы