17
06 / 2019

Мемлекеттік қызметшіге ЖАДЫНАМА СЫЙЛЫҚТАРҒА ҚАТЫСТЫ

Мемлекеттік қызметші өзінің қызметтегі бағыныстыларынан немесе оның қызметтік өкілеттіктері қолданылатын өзге де адамдардан, сыйға тарту себептеріне қарамастан (мереке күндері, туған күндері, қызметі бойынша жоғарылауы, жұмысқа орналасуы және т.б.), сондай-ақ сыйлықтың түріне, санына, құнына және өзге де сипаттамаларына қарамастан (кәмпиттер, торттар, кәдесыйлар және т.б.) сыйлық қабылдауға құқылы емес.

Сонымен қатар, ресми тұлғаларға мүліктік пайда, игіліктер мен артықшылықтар алу үшін сыйлықтар беруге және қызметтен тыс қызмет көрсетуге тыйым салынады.

ҚР Үкіметтің 2002 жылғы 26 шілдедегі №833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сай, сыйлық алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде арнайы мемлекеттiк қорға:

1) мемлекеттік қызметші білмей келіп түскен;

2) жария түрде немесе ресми іс-шаралар кезінде берілген сыйлықтар тапсырылуы тиіс.

Жеті күндік мерзімді бұзу (шотқа білмей келіп түскен ақша бойынша – екі апталық мерзім), сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындауға байланысты сыйлықтар қабылдау – қылмыстық не әкімшілік жауаптылыққа тартуға негіз болуы мүмкін.

Бұл ретте, сыйлықты алғаш рет алу (құны 2 АЕК-тен кем немесе 5050 тг.) сыйлықты алу туралы бұрын жасалған заңды әрекеттер үшiн алдын ала уағдаластық болмаған кезде, онша маңызды болмауына байланысты қылмыс болып табылмайды. Алайда, бұл әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады (ҚР ӘҚБтК – нің 677-бабы «Заңсыз материалдық сыйақы алу», айыппұл – 600 АЕК немесе 1515000 тг.), сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін (теріс себептер бойынша жұмыстан босату) тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Уәкілетті органға мүлікті толық емес және (немесе) уақтылы бермегені үшін ӘҚБтК – нің 472-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза белгілері болмаса, әкімшілік және құқықтық жауапкершілік көзделген.

 

Ордабасы ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы