17
06 / 2019

Оңайлатылған декларация негізіндегі арнулы салық режимі

Егер Сіз өз кәсібіңізді жүргізу үшін оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдануды ұйғарасаңыз, онда дара кәсіпкер ретінде тіркелу кезінде осы салық режимін таңдайсыз.

Бұл үшін кәсіпкерлік қызметті бастау туралы хабарламаны толтыру қажет. Тіркелу үшін Сіздің жеке куәлігіңіз бен электронды сандық қолтаңба керек.

Салықтарды оңайлатылған декларация бойынша есептеуді салық төлеуші салық салу объектiсiне есептi салықтық кезең үшін 3 пайыз мөлшерiндегi мөлшерлемені қолдану арқылы дербес жүргiзедi.

Осыдан салық төлеуші өзіне:

жеке табыс салығын – 1,5 %;

әлеуметтік салық -1,5 %;

міндетті зейнет ақы жарнасы (әрі қарай –МЗЖ) – табысынан 10 пайыз ең төменгі жалақыдан бастап ең төмен жалақының жеті еселенген мөлшерiнен аспауға тиіс, бірақ нақты табысынан коп болмауы керек.

Әлеуметтік аударымдар – 3,5 % табысынан.

Жұмысшылар үшін жеке табыс салығы (жұмысшының табысы – МЗЖ – ең төменгі жалақы мөлшері) 0,1 пайыз немесе 10 пайыз жұмысшының табысынан шегерімдермен бірге. Жұмысшының тапқан табысы 25 АЕК төмен болса (2019 жылға 63125 тенге), онда салық сомасы 90 пайызға немесе 10 есеге азаяды.

Жұмысшының табысынан 10 пайыз міндетті зейнет ақы жарнасы.

Әлеуметтік аударымдар= (жұмысшының табысынан – МЗЖ) *3,5 пайыз жұмысшының табысынан МЗЖ шегеру арқылы, бірақ ең төменгі жалақыдан бастап ең төмен жалақының жеті еселенген мөлшерiнен аспауға тиіс.

Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдарын есептеу жұмысшының табысынан 1,5 пайыз және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

Оңайлатылған декларация салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей тапсырылады.

910.00-нысан «Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация» жасау қағидалары салық есептігіне сай толтырылады.

Оңайлатылған декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпоративтік) табыс салығы мен әлеуметтiк салық түрiнде есепті салықтық кезеңнен кейiнгi екінші айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүргiзiледi.

Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану үшін салықтық кезең жартыжылдық болып табылады, сәйкесінше салық есептілігі жарты жылда бір табыс етіледі.

Бірінші жарты жылдықта 15 тамызынан кешіктірмей, ал екінші жарты жылдықта келесі жылдың 15-ақпанынан кешіктірмей табыс ету қажет.

Салық кезеңіне оңайлатылған декларация негізінде – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 24 038 еселенген мөлшерінен, яғни 60 695 950 тенгеден аспауы қажет.

Жұмысшылар саны 30 адам.

Оңайлатылған декларация негiзiнде арнайы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер келесідей:

акцизделетін тауарлар өндiруді;

акцизделетін тауарларды сақтауды және көтерме саудада өткiзуді;

мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін – бензинді, дизель отынын және мазутты өткiзуді;

лотереялар өткізуді;

жер қойнауын пайдалануды;

шыны ыдыстарды жинауды және қабылдауды;

түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауды (дайындауды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткiзуді;

консультациялық қызметтер көрсетуді;

бухгалтерлік есеп немесе аудит саласындағы қызметті;

сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржы, сақтандыру қызметін және делдалдық қызметін;

құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызметті;

қаржы лизингі шеңберіндегі қызметті жүзеге асырмайтын салық төлеушілер қолдануға құқылы.

 

Ордабасы ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы