02
07 / 2019

Право досрочного выхода на пенсию с использованием аннуитета

Зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шоттарына тыйым салу шарасы қолданыла ма?

Салымшының (алушының), Мемлекеттік корпорацияның, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, кастодиан-банктің және инвестициялық портфельді басқарушының қарыздары бойынша міндетті зейнетақы жарналарына, міндетті кәсіптік зейнетақым жарналарына, өсімпұлдарға, зейнетақы активтері мен зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе өндіріп алуды қолдануға болмайды. Бұл ретте жоғырада аталған субъектілер таратылған немесе банкрот болған жағдайда да бұл әрекетке жол берілмейді.

Жоғарыдағы талаптарға негіз болатын құжат: «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы 50-бабының 3 тармағы.

Бұдан басқа Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 98-бабының 14) тармақшасына сәйкес салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарынан ақша өндіріп алуға болмайды.

Осылайша, БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе оларға өндіріп алу рәсімін қолдануға болмайды.

Қор төлемдері салымшылар мен алушылардың өтінішінде көрсетілген банк шотына аударылады. Жинақ ақша салымшылар мен алушылардың банк шотына аударылған соң, БЖЗҚ міндеттемесі орындалды деп есептеледі.