05
07 / 2019

Мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды жеке қабылдау өткізіледі

Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Әмірдин Мұхиденұлы Әлішев 2019 жылғы 09-шілде күні сағат 15:00 де аудан әкімі аппараты ғимаратында мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды жеке қабылдау өткізеді.

Түркістан облысы жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілі – мемлекеттік қызметшілердің қызметтік Әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асырады, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация береді.

Қабылдауға аудан әкімі аппаратындағы 8 (725-30) 2-12-85, 2-12-41  сымтетік арқылы алдын-ала жазылуға болады.