Ордабасы ауданы әкімі аппараты «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялайды

Ішкі конкурсқа қатысушыларға арналған ортақ біліктілік талаптары:

E-3 санатына:  Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында 1 жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

              Санат              Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
minmax
Е-3  112 713152 035

Ордабасы ауданы әкімінің аппараты.

160600 Ордабасы ауданы Темірлан ауылы Т.Рысқұлов көшесі № 14 үй.

Анықтама үшін  тел: 8 (725-30) 2-12-85, тел/факс 8 (725-30) 2-12-41 эл. почта Z.Syzdyk@ontustik.gov.kz

  1. Ордабасы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы (санаты Е-3),  1 бірлік.

    Функционалдық міндеттері: Өз құзыретi шегiнде аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық жағынан қамтамасыз ету бойынша бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және бақылау, әрі оған басшылық жасайды.  Аудан әкімдігінің жұмыс жоспарын жүзеге асыруды, аудан әкімінің қатысуымен өтетін протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет актілерінің нормаларын орындалуына және облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдері, тапсырамалары бойынша түзілген іс-шаралар жоспарының орындалуын үйлестіреді. Өңірде ҚР Президентінің, Парламент Мәжілісінің және облыстық, аудандық мәлихаттары депуттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу кезінде ұйымдық-үйлестіру жұмыстарын қамтамасыз етеді. Аудан және ауыл округтері әкімдерінің тұрғындар алдындағы есеп беру жиындарында түскен ұсыныс-пікірлердің іске асырылуын қадағалайды.  Аудан әкімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және ұйымдармен өзара іс-қимылын үйлестіреді. Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімінің актілерін орындау мәселелері бойынша аудан әкімінің жергілікті атқарушы және өкілді органдармен өзара іс-қимылын, аудан әкімінің бақылау өкілеттіктерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, ауыл округтері әкімдерінің, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен өкімдерін, Қазақтан Республикасы Үкіметі қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінен келіп түскен өзге де құжаттарды, әкімдік қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін, тапсырамаларын орындауларына талдау жасауды ұйымдастырады. Облыс және аудан әкімі тапсырмаларының орындалуы туралы уақтылы және толық хабардар етуді жүзеге асыру кезінде атқарушылық тәртіпті нығайтуды қамтамасыз етеді. Аудан әкімдігі жұмысының регламентіне сәйкес әкімдік мәжілістерін дайындау және өткізу жөніндегі қажетті жұмыстарды жүзеге асыруды, аудан әкімдігі мәжілістерінің ұйымдастыру және өткізу жұмыстарына талдау жүргізуді ұйымдастырады. Аудан әкімінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына, «Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» және «Ордабасы ауданының Құрметті азаматы» атақтарына ұсыну жөніндегі қызметін қамтамасыз етеді. Аудан және ауыл округтері әкімдерінің тұрғындар алдындағы есеп беру жиындарында түскен ұсыныс-пікірлер тізбесін жинақтау және олар бойынша жұмыстар жүргізуді ұйымдастырады. Аудан әкімдігінің жылдық жұмыс жоспарларын дайындауды және оның орындалуы туралы ақпараттарды жинақтауды қамтамасыз етеді. Аудан әкімінің қатысуымен өтетін протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын және бақылау өкілеттіктерін жүзеге асыруды ұйымдастырады. Аудан әкімінің және аудан әкімінің аппараты өткізетін іс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім, Гуманитарлық ғылымдар, Құқық, Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, Жаратылыстану ғылымдары, Техникалық ғылымдар және технологиялар, Ауылшаруашылық ғылымдары, Қызмет көрсету, Әскери іс және қауіпсіздік мамандықтары.

Лауазымның нақты функционалдық бағытына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі  «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес дербес білім беру ұйымдарындағы білім, немесе шетелдік жоғары оқу орындарындағы, Республикалық комиссиямен бектілетін басымдылық берілетін мамандықтар.

 

          Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі);

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралықұжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі  ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнде  көрсетілген мекен жайға тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органда, яғни ОҚО, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, №14 үйде өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесіне «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: Qyzmet.gov.kz. Ордабасы ауданы әкімдігінің сайты: ordabasy.gov.kz

__________________________________
(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны ___________________________________________
__________________________________________________________________________________

 

__________                                                    ____________________________________
(қолы)                                                            (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

 

 

«____»_______________ 20___ ж.