Ордабасы ауданы әкімі аппараты «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялайды

Ішкі конкурсқа қатысушыларға арналған ортақ біліктілік талаптары:

E-R-2 санатына:  Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі 1 жылдан кем емес;

3) А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

E-G-3 санатына:  Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

СанатЕңбек сіңірген жылдарына байланысты
minmax
E-R-2127 418172 369
E-G-390 873122 392

 Ордабасы ауданы әкімінің аппараты.

160600 Ордабасы ауданы Темірлан ауылы Т.Рысқұлов көшесі № 14 үй.

Анықтама үшін  тел: 8 (725-30) 2-12-85, тел/факс 8 (725-30) 2-12-41 эл. почта Z.Syzdyk@ontustik.gov.kz

  1. Ордабасы аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары (санаты Е-R-2),

1 бірлік.

    Функционалдық міндеттері:  Бөлім басшысына бағынады және қызметі бойынша бұйрықтар мен  тапсырмалар алып, мерзімде орындайды, еңбек тәртібін сақтайды. Бөлім басшысы жұмыста болмаған кезде міндетін атқарады, орнына бұйрықтарға,  құжаттарға қол қояды. Бөлімнің үйлестіру жұмыстарын жүргізеді, бөлімге түскен арыз шағымдарына мерзімде жауап беруін қадағалайды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытынды жылдық, тоқсандық, айлық талдауларын жасайды. Ауданның орта мерзімді жоспарын әзірлейді, аудан бюджетінің жобасын жасауға қатысып, жинақтап, бөлім басшысына ұсынады. Ауданды дамыту жоспарын, экономикалық және әлеуметтік дамыту бағдарламаларын жинақтап, әзірлейді. Жергілікті бюджет саясатын одан әрі жетілдіру, бағдарлау мен реформалауға ұсыныстар береді және қарайды. Жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақталуын қадағалайды. Жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша алынған қаражатын пайдаланудың тиімділігін жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар береді. Коммуналдық меншікті, құрылыстар немесе басқа да мүліктерді сенімді басқаруды, сату жөніндегі жұмыстардың заңдылығы жөнінде, мүліктік жалға  беру жөніндегі жұмыстарды  атқарады, коммуналдық меншікті жалға беруді келісім шарттарын рәсімдеу жұмыстарын ұйымдастырып, қадағалайды және  рәсімдеу құжаттарына қол қояды. Аудандағы мемлекеттік сатып алулардың есептілігін және мониторинг жүргізу, методикалық көмек көрсету, өткізілген мемлекеттік сатып алуларды талдау жұмыстарын үйлестіріп, басшылық жасайды. Алдын алу сату объектілерін дайындау, оның ішінде экспертиза және жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктің бағасын шығару, сату, келісім шарттар жасауды ұйымдастырып, қадағалайды. Жергілікті бюджеттің қаржысын тиімді пайдалану мақсатында аудандағы мемлекеттік сатып алу процессін үйлестіру, бақылау және мониторинг жүргізу. Сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) жоспарын жинақтауды қамтамасыз етеді. Тапсырыс берушілерге мемлекеттік сатып алу бойынша методикалық және үйымдастырушылық көмек көрсетеді, өткізілген мемлекеттік сатып алуларға талдау жасайды. «Есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесі», «Мемлекеттік мүлікті жалға алу шарттары тізілімі»  бағдарламалық өнімдермен жұмыс істеу жұмыстарын ұйымдастырып, есептіліктерін мерзімдерінде ұсынуды қамтамасыз етеді. Аудан әкімдігінен, жоғары деңгейдегі мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелерден және шаруашылық субъектілерден келіп түскен бюджеттік реттеу және қаржыландыру бойынша ұсыныстарға, хаттарға қорытынды дайындайды. Коммуналдық меншікті басқару жөніндегі жұмыстарды атқарады. Мемлекеттік сатып алу жөніндегі есептіліктің мерзімде берілуін қадағалайды, мониторинг жүргізеді. Бөлімге келіп түскен бюджетік реттеу және қаржыландыру бойынша ұсыныстарға, хаттарға қорытынды дайындайды. Жеке азаматтардан келіп түскен шағымдар мен арыздарға заңға сәйкес жауап береді. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа міндеттер.  Lotus Notes бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізу, секторлардың жұмыстарын қадағалайды, бөлім қызметкерлеріне практикалық  және методикалық көмек көрсету, қызмет этикасын, еңбек және орындау тәртібін сақтауын қадағалайды. Экономика және қаржы салалары бойынша жиналыс  отырыстарын, семинар-кеңестерді үйлестіру жұмыстарын жүргізеді, бөлімнің әкімшілік-шаруашылық жұмыстарын үйлестіріп, жүргізеді.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару,  жобаны басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика), Жаратылыстану ғылымдары (математика)  мамандықтары.

Лауазымның нақты функционалдық бағытына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі  «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес дербес білім беру ұйымдарындағы білім, немесе шетелдік жоғары оқу орындарындағы, Республикалық комиссиямен бектілетін басымдылық берілетін мамандықтар.

  1. Бадам ауыл округі  әкімі  аппаратының бас маман – іс басқарушысы (санаты  Е-G-3),  1 бірлік.

              Функционалдық міндеттері: Аппаратта іс жүргізу жөніндегі Нұсқаулықтың орындалуын,  Аппараттың номенклатурасын дайындауды, облыстық мұрағаттар және құжаттама басқармасымен келісуді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.Ауыл округі әкімі аппаратының елтаңбалы және басқа да мөрлерін, аппарат ғимаратының техникалық құжаты мен мемлекеттік актісін сақтайды.Ауыл округі әкімінің қабылданған шешімдері мен өкімдерін тіркеу, қызметтік бланктердің есебін жүргізеді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен арыздарын қабылдау, тіркеу және №1-ТӨ нысанды статистикалық есепті жүргізеді. Азаматтарды мемлекеттік наградалармен наградтау бойынша материалдарды уақтылы дайындауды қамтамасыз етеді. Ауыл округі әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру жиындарында түскен ұсыныс-пікірлер бойынша жұмыс жүргізеді. Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс және аудан әкімдерінің актілерінің, тапсырмаларының орындау мәселелері бойынша ауыл округі әкiмінiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан бақылауды қамтамасыз етеді.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Лауазымның нақты функционалдық бағытына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі  «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес дербес білім беру ұйымдарындағы білім, немесе шетелдік жоғары оқу орындарындағы, Республикалық комиссиямен бектілетін басымдылық берілетін мамандықтар.

         Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі);

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралықұжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі  ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнде  көрсетілген мекен жайға тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органда, яғни ОҚО, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, №14 үйде өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесіне «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: Qyzmet.gov.kz. Ордабасы ауданы әкімдігінің сайты: ordabasy.gov.kz

 

 

__________________________________
(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны ___________________________________________
__________________________________________________________________________________

 

__________                                                    ____________________________________
(қолы)                                                            (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

 

«____»_______________ 20___ ж.