14
01 / 2020

БАДАМ АУЫЛ ОКРУГІ ӘКІМІ Б.ОРАЗӘЛИЕВТІҢ «2019 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖӘНЕ 2020 ЖЫЛҒА АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР ТУРАЛЫ» БАЯНДАМАСЫНЫҢ ТЕЗИСІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты Жолдауын түсіндіру, насихаттау және жүзеге асыру мақсатында ауыл округінің көрнекі жерлеріне 2 билборд және мемлекеттік мекемелерде бұрыштамалар ілінді. Ауыл тұрғындарымен 12 кездесу өткізілді.

2019 жылы Бадам ауыл округі әкімі аппаратына бюджеттен 172 млн. 941 мың теңге қаралып толығымен игерілді. Жергілікті түсімдер жоспары 42 млн. 119 мың теңге болса, ол 43 млн. 100 мың теңгеге жетіп, жылдық жоспар 102 пайызға орындалды.

Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы – 8 млн. 565 мың теңге, жер салығы – 4 млн. 957 мың теңге, мүлік – 1 млн. 826 мың теңге, көлік – 25 млн. 662 мың 300 теңге. Жергілікті өзін-өзі басқару функциялары бойынша салық түріне жатпайтын түсімдер – 245 мың теңге.

Жылыжай құрылысы жоспары 4 га толығымен жүзеге асты. «Оливес» ЖШС 1 га жерге заитүн ағашының көшеті қондырып, берілген тапсырма 100 пайызға орындалды.

«Сыбаға», «Алтын асық» бағдарламалары бойынша 55 асыл тұқымды бұқа, 600 асыл тұқымды қой алынып, 110 пайызды құрады.

«Құлан» бағдарламасы тапсырмасындағы 36 асыл тұқымды жылқының 37-і алынып, тапсырма 101 пайыз болды.

Суармалы жердің көлемін ұлғайту – 406 га, там­шылатып суаруды қолдану – 75 га. Мал бордақылау алаңын ашу – 8, ауыл шаруашылық техникасын алу жоспары 5 дана, орындалуы – 100 пайыз.

2019 жылғы егіс көлемі жоспары – 9866 га. Орындалғаны – 9992,8 га. 101,3 пайыз  құрады.

«Конго-Қырым» қанды қызбасын болдырмау мақсатында кенеге қарсы жүргізілген өңдеу, тоғыту іс-шаралары:  2019 жылдың 12 айында  11 256  ІҚМ бүркілді, 58756 уақ мал тоғытылды. 150048 ш/м қоражайлар мен жапсарлас аймақтар, 99752 ш/м иірімдер,суаттар өңделді. Ауыл окугі бойынша мал түрлері төмендегідей:

Ауыл округі бойынша 2019 жылға бюджеттік емес мекемелерден 2 млрд 800 млн теңге инвестиция тарту бойынша жоспар қойылып, тартылған инвестиция көлемі 2 млрд. 830 млн. теңгені құрап, 101 пайызға  орындалып отыр.

Ауыл округі көлемінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік нысандар – 58, оларда жұмыспен қамтылғаны – 192 адам.

Атаулы әлеуметтік көмек  бойынша шартсыз 92 отбасының 428 адамына 51 млн. 752 мың теңге, шартты 527 отбасының 3105 адамына 279 млн. 402 мың 300 теңге төленіп, ауыл азаматтары кәсібін дамытуда.

Ордабасы ауылындағы «Ордабасы» жалпы орта мектебінің 200 орындық жаңа ғимаратын салу үшін облыстық бюджеттен 522 млн. 647 мың теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, қолданысқа берілді.

Бадам ауыл округінде 7 жалпы, 1 негізгі, 1 бастауыш мектеп бар. 3 мемлекеттік, 6 жекеменшік балабақшалар жұмыс істейді. 5 жасқа дейінгі 900 бала балабақшада тәрбиеленуде.

Ақбұлақ ауылындағы Т.Батырхан атындағы көшесіне 15 млн. 396 мың, Ордабасы ауылының орталық көшесіне 16 млн. 883 мың теңгеге тас төселді.

Дербес, Ақбұлақ ауылдарына 7 млн. 496 мың теңгеге 2 жаңа трансформатор желісі қойылды.

Ауыл округін көріктендіру-көгалдандыру, санитарлық тазалық мақсатында 57 сенбілік өтті. Онда 58 көше қамтылып, 578 текше метр күл-қоқыс шығарылды.

Бадам ауыл округінде 1 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы және 4 фельдшерлік амбулаториалық бекеті халыққа қызмет көрсетуде.

Бадам ауыл округінде 4 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Жыл басынан бері 29 мәдени іс-шара өткізіліп, 4750 адам қатысты. Мереке күндері ауыл тұрғындарына концерттік бағдарламалар ұсынылды.

25 спорттық ісшара өткізіліп, 3950 адам тартылды. Ауыл округінде 16 спорттық нысан бар. Жастар  – 1 852.

2019 жылдың 12 айында 35 қылмыс орын алып,  ашылғаны – 17, ашылмағаны – 8.

Құқық бұзушылықтың алдын алу іс-шаралары жоспары бойынша 2019 жылдың 12 айында 9 рет профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, жастар тәрбиесі ауылдарда мал ұрлығының,  нашақорлық және есірткі бизнесінің алдын алу тақырыптары бойынша 13 рет жиналыстар мен кездесулер ұйымдастырылды және 7 спорттық іс-шара өткізілді.

Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» бағдарламасы бойынша бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, 9 рет кездесулер ұйымдастырылып, «Сенім» телефоны жазылған билборд тақтайшалары елді мекеннің орталық көшелеріне орнатылған. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.