14
01 / 2020

БӨГЕН АУЫЛ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ А.ӘЛІБЕКОВТЫҢ «2019 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖӘНЕ АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР ТУРАЛЫ» БАЯНДАМАСЫНЫҢ ТЕЗИСІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты Жолдауын түсіндіру, насихаттау және жүзеге асыру мақсатында ауыл округінің көрнекі жерлеріне 1 билборд және мемлекеттік мекемелерде бұрыштамалар ілінді. Ауыл тұрғындарымен 12 кездесу өткізілді.

2019 жылға Бөген ауыл округі әкімі аппаратына бюджеттен               76 млн. 444 мың теңге қаралып, 100 пайызға игерілді.

Заңды тұлғалардың жер салығы 447 мың теңге – 124 пайыз, мүлік салығы 310 мың теңге – 100 пайыз, көлік салығы 4 млн. 673 мың теңге – 116 пайыз, табыс салығы 675 мың теңге – 100 пайыз, жергілікті өзін-өзі басқару функциялары бойынша салық түріне жатпайтын түсімдер 100 мың теңге 100 пайызға орындалды.

Ауыл округінің негізгі саласының бірі — ауыл шаруашылығы.

«Агроөнеркәсіп кешенінің 2017-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы» аясында ауыл шаруашылығы бөлімімен үш жақты келісім-шарт түзіліп, онда көрсетілген тапсырмаларды орындау бойынша бірқатар жұмыс атқарылды.

Ауыл округінің жалпы жер көлемі – 20 452 гектар. Оның ішінде:  суармалы жер – 4 207 гектар, жайылымдық жер – 6 309 гектар, үйіргелік жер – 100,9 гектар. Екі елдімекендегі тұрғындар  – 5 050 адам.

Атап айтсақ, 4207 гектарға ауылшаруашылық дақылдарын егу жоспарланып, 100 пайыз орындалды.

«Сыбаға» бағдарламасымен Жайлаубаева Дина «Қазакы ақбас» тұқымды 6 бұқа, 150 сиыр, Садуақас Дайырбек «Ангус» тұқымды 4 бұқа, 90 сиыр, Шажилдаев Пернебай «Ангус» тұқымды 1 бұқ, 19 сиыр, «Service Pro» ЖШС «Ангус» тұқымды 76 аналық сиыр, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша Өстемір Зулфия «Қазақтың құйрықты қылшық жүнді» тұқымды 227 қойын, 10 қошқар алды.

2 шағын мал бордақылау алаңы құрылып, тапсырма 100, пайызға орындалды.

Сүт фермаларын құру жоспары 1 бірлік, орындалғаны 1.              100 пайызға орындалды.

Ауылшаруашылық және үйіргелік жерлеріне жүргізілген түгендеу жұмыстары нәтижесінде игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 44 гектар суармалы жер анықталып, аудандық жер қатынастар бөліміне мәлімет берілді.

Бөген ауыл округінде қазіргі таңға дейін жалпы 93 техника жаңартылды. Оның ішінде 2019 жылға ауылшаруашылық техникаларды жаңарту тапсырмасының орындалуы бойынша жылдық жоспар – 3 дана, орындалғаны – 11 дана немесе 366 пайыз құрады.

Бруцелезге қарсы қан сынамалары алынып, тексеру барысында бруцеллез ауруымен ауырған 6 уақ мал анықталды. Олар аудандық ветеринария бөлімі тарапынан жойылды.

Бөген ауыл округі бойынша мал түрлері төмендегідей:

Мал түрі2018 ж2019 ж
1ІҚМ35003520
2Жылқы550577
3Уақ мал1590015940
4Құс21902210
5Түйе120140

 

Ауыл округі бойынша 2019 жылға бюджеттік емес мекемелерден 400 млн теңге инвестиция тарту бойынша жоспар қойылып, тартылған инвестиция көлемі 2019 жылдың 12 айында 228 млн. 542 мың теңгені құрап, жоспар 57,13 пайызға орындалды.

Ауыл округі көлемінде тіркелген 78 шағын және орта кәсіпкерлік нысандары 103 адамды жұмыспен қамтыған.

«Жұмыспен қамту» бағдарламасына 68 адам қатысты. 12-і қысқа мерзімді оқу курсынан, 17-і кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өтті, 6-ы шағын несие алды. 32-і жұмыспен қамтылды. Әлеуметтік жұмыс орындары, «Жастар практикасымен» қамтылу, ақылы қоғамдық жұмыстар бойынша жоспар орындалды. Атаулы әлеуметтік көмек бойынша шартты 155 отбасының, 777 адамына 77 млн. 860 мың 700 теңге, шартсыз 22 отбасының 91 адамына 10 млн. 713 мың 900 теңге төленді.

Бөген ауыл округінде 1 жалпы орта мектеп бар. 5 жасқа дейінгі 225 бала балабақшада тәрбиеленуде. Бір мемлекеттік, бір жеке меншік балабақшалар жұмыс істейді.

«Ақалтын» көшесіне 1 млн. 560 мың теңгеге Қ.Жарқынбеков көшесіне 18 млн. теңгеге асфальт төселді.

Б.Кенжебаев көшесіне 7 млн. 500 мың теңгеге 1 жаңа трансформатор желісі қойылды және 1908 метр СИП кабелі тартылды.

Ауыл округін көріктендіру-көгалдандыру, санитарлық тазалық мақсатында өткізілген 40 сенбілік пен тазалық күндерінде 14 көше қамтылып, 56 тонна күл-қоқыс шығарылды. Көктемде 1500 түрлі ағаш көшеті, күзде 400 қара ағаш отырғызылды.

1 дәрігерлік амбулатория және 1 фельдшерлік-амбулаториялық бекеті бар. Дәрігерлік амбулаторияда 1 жоғары білімді дәрігер, 9-орта буынды медицина қызметкерлері халыққа қызмет көрсетуде.

1 мәдениет үйі, 1 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді.

2019 жылы 24 мәдени іс-шара өткізіліп, 1952 адам қатыстырылды. Кітапханада 32 іс-шара өткізілді. Кітап қоры – 7400.

Ауыл округінде 3 спорттық нысан бар. Өткізілген 17 спорттық ісшараға 2473 адам тартылды. Ауыл жасөспірімдері самбо, дзюдо, футбол сынды спорт түрлерімен шұғылдануда. Б.Тайтеміров күрес секциясын ашып, 80 баланы жаттықтыруда.