14
01 / 2020

БӨРЖАР АУЫЛ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ М.У.Қ.А. Е.ҚҰРЫМБЕКОВТІҢ «2019 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖӘНЕ 2020 ЖЫЛҒА АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР ТУРАЛЫ» БАЯНДАМАСЫНЫҢ ТЕЗИСІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты Жолдауын түсіндіру, насихаттау және жүзеге асыру мақсатында ауыл округінің көрнекі жерлеріне 2 билборд және мемлекеттік мекемелерде бұрыштамалар ілінді. Ауыл тұрғындарымен 12 кездесу өткізілді.

2019 жылға Бөржар ауыл округі әкімі аппаратына бюджеттен 128 млн. 658 мың теңге қаралып, толығымен игерілді.

Жер салығы — 859,7, мүліктен — 850 мың теңге, көліктен -18 млн. 563 мың. 500 теңге. Жергілікті өзін-өзі басқару функциялары бойынша салық түріне жатпайтын түсімдер — 20 мың теңге.

«Агроөнеркәсіп кешенінің 2017-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы» аясында ауыл шаруашылығы бөлімімен үш жақты келісім-шарт түзіліп, онда көрсетілген тапсырмаларды орындау бойынша бірқатар жұмыс атқарылды.

Суармалы жерді игеру, жаңадан қосылатын суармалы жер, тамшылатып суару технологиясын ендіру – 101,  жылыжай құрылысын ұлғайту 75 пайызға орындалды.

«Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары мен шаруаларды ұйымдастыру бойынша 125 асыл тұқымды бұқа, 400 қой, 35 жылқы сатып алынып, 100 пайызға орындалды. 4 шағын мал бордақылау алаңын құру жоспарланса, толығымен жүзеге асты. Сүт фермаларын құру жоспары 3 бірлік, орындалғаны 4-ке жетіп, 133 пайызға орындалды.

«Қаржау-ата» ЖШС-гі 153 млн. теңгеге 1000  ірі қараға арналған мал бордақылау алаңын ұлғайтты.

Ауыл шаруашылық және үйіргелік жерді түгендеу жұмыстары нәтижесінде 85 га жер телімі анықталып, актіленіп, аудандық жер қорына алуға ұсынылды.

Конго-Қырым қырым қанды қызбасын болдырмау мақсатында кенеге қарсы жүргізілген өңдеу, тоғыту ісшараларына сәйкес, 2019 жылдың 12-айында  13813 ІҚМ бүркілді, 68562  уақ мал тоғытылды. 202035 ш/м қоражайлар мен жапсарлас аймақтар, 112840 ш/м иірімдер, суаттар өңделді.

Бөржар ауыл округі бойынша мал түрлері төмендегідей:

Мал түрі2018 ж.2019 ж.
1ІҚМ9 9129 087
2Жылқы4 8903 994
3Түйе2323
4Уақ мал65 31459 473
5Құс26 50626 320

 

Ауыл округі бойынша 2019 жылға бюджеттік емес мекемелерден 1 млрд. теңге инвестиция тарту бойынша жоспар қойылып, тартылған инвестиция көлемі 2019 жылдың 12 айында 1 млрд. 3 млн. 726 мың теңгені құрап, – 103 пайыз орындалып отыр.

Ауыл округі көлемінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік нысандар – 46 жұмыспен қамтылғаны – 92 адам.

Атаулы әлеуметтік көмек бойынша шартсыз 29 отбасының, 124 адамына 13 млн. 856 мың 800 теңге, шартты 241 отбасының, 1408 адамына 124 млн. 274 мың 600 теңге төленіп, ауыл азаматтары кәсібін дамытуда.

Бірлік ауылындағы «Бірлік» бастауыш мектебінің 200 орындық жаңа ғимаратын салу үшін облыстық бюджеттен 5 257,0 мың, теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, қолданысқа берілді.

Бөржар ауыл округінде 5 жалпы, 1 негізгі, 2 бастауыш мектеп бар. 5 жасқа дейінгі 340 бала балабақшада тәрбиеленуде. Екі мемлекеттік, бір жекеменшік балабақшалар жұмыс істейді

Ұялыжар ауылының «Сай» көшесіне 3 млн. 586 мың теңгеге және Ықыластемір ауылының Абай көшесіне 5 млн. 258 мың теңгеге тас төселді.

Ықыластемір, Теспе ауылдарына 7 млн. 494 мың теңгеге 2 жаңа трансформатор желісі қойылды.

Ауыл округін көріктендіру-көгалдандыру, санитарлық тазалық мақсатында 48 сенбілік өтті. Онда 45 көше қамтылып, 378 текше метр күл-қоқыс шығарылды.

Бөржар ауыл округінде 2 дәрігерлік амбулатория және 6 фельдшерлік амбулаториялық бекеті бар. 2019 жылдың 12 айында 284 нәресте өмірге келіп, 0-5 жасқа дейін бала өлімі және ана өлімі тіркелмеген.

1 мәдениет үйі, 4 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Ұялыжар ауылдық мәдениет үйінде жыл басынан бері 23 мәдени іс-шара өткізіліп, 4656 адам қатысты. 23 спорттық іс-шараға 4536 адам тартылды. Ауыл округінде 16 спорттық нысан бар. Жастар  – 1 852.

2019 жылдың 12 айында 17 қылмыс орын алып,  ашылғаны – 8, ашылмағаны – 4.

Құқық бұзушылықтың алдын алу іс-шаралары жоспары бойынша 2019 жылдың 12 айында 9 рет профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, ауылдарда жастар тәрбиесі мал ұрлығының, алдын алу, жастар тәрбиесі, нашақорлық және есірткі бизнесінің алдын алу тақырыптары бойынша 15 рет жиналыстар мен кездесулер ұйымдастырылды және 6 спорттық іс-шара өткізілді.

Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» бағдарламасы бойынша бекітілген ісшара жоспарына сәйкес 9 рет кездесулер ұйымдастырылып, «Сенім» телефоны жазылған билборд тақтайшалары елді мекеннің орталық көшелеріне орнатылған. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.